Кредиттік мекемелердің қызметін қадағалаудың қажеттілігі, мақсаты, принциптері, міндеттері және негізгі бағыттары — Ақша, кредит және банктер — Рефераты на казахском языке — Библиотека

0

 

Қоғамымызда және еліміздің экономикасында кредиттік жүйенің атқаратын ролі мен орны ерекше. Сондықтан ол мемлекеттік орындардың тарапынан мұқият қадағалау мен реттеу объектісі болып табылады.

Кредиттік іс — мемлекеттің, жеке және заңды тұлғалардың уақытша бос қаражатын шоғырландыру мен тартуға және оларды кредиттеу қағидасына сәйкес белгілі бір буындар арасында үлестіруге бағытталған кәсіпкерлік қызметтің ерекше бір саласы болып табылады.

Кредиттік жүйе ішінара қор қағидасы негізінде қызмет етеді. Бұл мәселен, әр банк өз пассивтерін қамтамасыз етуде өз міндеттемелерінің шамалы бөлігін ғана құрайтын өтімді қаржысының қажетті минимумын ғана пайдаланады дегенді білдіреді. Әдетте баланстың 90%-ға дейінгі пассивтерін банктегі есеп айырысу, ағымдық шоттарда сақталатын басқа біреулердің ақшасы, жеке тұлғалар мен мемлекеттің шаруашылық буындарының резервтері құрайды.

Осы орайда, салымшылардың мүдделерін қорғау, барлық кредит жүйесінің өтімділігі мен төлем қабілетін және жөнді қызмет етуін сақтау үшін мемлекет жекелей алғанда кредиттік мекемелердің және тұтас кредит жүйесін мұқият қадағалайды, бақылайды және реттеп отырады.

Скачать реферат/Рефератты тарту