Кредит мекемелерінің түрлері — Ақша, кредит және банктер — Рефераты на казахском языке — Библиотека
Кредит ісі — ақшалар саудасына бағытталған кәсіпкерлік қызметтің айрықша саласы болып табылады, соның негізінде кредиттік операциялар жүргізіледі. Оларды әр алуан кредит институттары жүзеге асырады. Операциялар ауқымы және шаруашылық айналымына қызмет көрсетудің маңыздылығы бойынша банктер негізгі болып табылады.
Кредит мекемелерінің, соның ішінде банктік мекемелердің түрлерін қарастырмас бұрын, біз «банк» және «банк қызметі» түсініктерінің өзін анықтап алуымыз керек. Әлемдік тәжірибеде банк қызметі дегеніміз — банктің басты кәсіби қызметтері ретінде депозиттерді қабылдау және ссудаларды беру. Дәл осындай анықтама Италия, Испания, Бельгия, Греция және басқа елдердің банктер жөніндегі заңнамасында тұжырымдалған. Ал Германия мен Францияда банк немесе кредиттік мекеме болып өз клиенттеріне есеп айырысу, бағалы қағаздарды сату, лизингтік және басқа операциялар сияқты қызметтерді көрсетумен айналысатын кез келген мекеме. Сонымен қатар банктік емес институттарға заң негізінде депозиттерді қабылдауға, есеп айырысуларды жүргізуге, сақтандыру кепілдемелерін беруге тыйым салынады.
Англия, Дания, Швеция және басқа елдерде мекемелерді кредиттік жүйеге жатқызуға қатысты либералды тәсілдеме бар. Ол үшін депозиттерді қабылдау үшін лицензияны иелену жеткілікті болып саналады, ол банктерге мамандандырылған қаржы мекемелерінің кейбір түрлерін теңестіруге мүмкіндік береді.
ҚР Президентінің «ҚР банктер және банктік қызмет туралы» заң күші бар Жарлығының 1-бабында былай делінеді, яғни банктің ресми мәртебесі оны ашуға Ұлттық банктің рұқсатымен, Әділет министрлігінде банк ретіндегі заңды тұлғаны мемлекеттік реттеумен және банктік операцияларды жүргізуге ҚР Ұлттық банкі тарапынан берілген лицензияның болуымен анықталады.