Кредит қызметінің түсінігі — Ақша, кредит және банктер — Рефераты на казахском языке — Библиотека

0

 

«Функция» («қызмет») деген сөз латынның «functio» — дегені — ол «атқару» «жүзеге асыру» деген мағынаны білдіреді. Кредиттің қызметін’ айтқанда, әдетте оның мәнінің арнайы көрінісі ұғылады. Қызмет кредиттің мәнімен өзара тығыз байланысты; қызметтің атқаруындағы қарым-қатынастардың мәнінсіз ол өмір сүре алмайды. Қызметтің кредит мәні сияқты объективті сипаты бар. Әрбір сәттегі өзінің өрістеу барысында кредит барлық қызметінің мәнін емес, бір немесе бірнеше қызметтерімен ғана көрінеді. Қызмет — қатып қалған емес, өзгеріп тұратын құбылыс. Кредит мәнінің өзгеруімен қатар, оның көрініс танытуды да өзгеріп отырады. Қызмет бүтіндей процесс ретінде өзінің арнайы көрінісін байқатады, яғни қызмет кредиттік қатынасқа бүтіндей қатысты. Кредит қызметі оның барлық формалары мен түрлері өзіндік ерекшелігімен көрініс танытуын сипаттайды.

Кредиттің ұдайы өндіріс процесінде алатын орны жайлы біркелкі ғалымдардың пікірлері жоқ. Кейбір ғалымдар оны айналым белгісіне жатқызса, басқалары бөлу белгісіне жатқызады. В.М. Тарасов кредитті ұлттық табысты (кредиттен қарыз алушыға және керісінше) қайта бөлу процесіне қатысатындықтан бөлу категориясына жатқызады. Және де соған қарамастан, кредиттің айырбас қатынастарына тән ерекшеліктері мен мүмкіндіктері бар.

Айырбас фазасында бөлу (өндіріс нәтижелерін болу) қатынастарының сәтін айрықшалап көрсету мүмкін болғандықтан, кредиттік қатынастарды да дәл осыған жатқызуға болады. Сондықтан кредит бөлу категориясы бола отырып, айырбас белгісіне де жатады, немесе екі жақтылық ерекшелікке де ие. Мұның өзі кредиттің қызметіне тән екендігін көрсетеді.

Скачать реферат/Рефератты тарту