Кредит пен ақшаның өзара әрекеті – Ақша, кредит және банктер – Рефераты на казахском языке – Библиотека

0
16

Адамдар көп жағдайда кредитті ақша сияқты қабылдайды. Бір қарағанда, кредит – әсіресе, ақша түрінде ұсынылатын банк кредитін ақша деп санауға болар еді. Соған қарамастан, ақша және кредит – түрлі ұғымдар ғана емес, әр түрлі қарым-қатынастар да болып табылады.

Кредит пен ақша – түрлі экономикалық қарым-қатынастарды білдіретін дербес экономикалық категориялар. Ақшаға қарағанда кредит тарлау болып келеді. Себебі, кредит қарым-қатынасының субъектілері тек кредит мәмілесінің қатысушылары ғана болса, ал ақша қарым-қатынасының субъектілері барлық заңды, заңды емес және жеке тұлғалар болып табылады.

Осыған байланысты кредит және ақша қарым-қатынасының ең бірінші ерекшелігі — қатысушылар құрамының әр түрлі екенін атап өткен жөн. Ақша қарым-қатынасына сатып алушы мен сатушы қатысады, ал ақша жалпы балама сияқты ақшаны алушы мен сатушы субъектілері арасындағы қарым-қатынас нәтижесінде осындай қалыпқа енеді. Бұл жағдайда тауар мен ақшаның қарама-қарсы қозғалысы жүреді.

Кредит қарым-қатынасының қатысушылары кредит беруші мен қарыз алушы болып табылады, ал кредит құнның қайтарылу қозғалысының байланысты ерекше қарым-қатынасты көрсетеді. Бұл жағдайда құн ыңғайластық қозғалысқа түспейді, өйткені ол кредит берушіден қарыз алушыға өтеді және белгіленген мерзім өткеннен кейін өз иесіне қайтады. Кредитке ақшалай қарым-қатынаста жол берілмейтін мерзімі ұзартылған төлем тән. Соған қарамастан ақша мен кредит бір-бірімен қатар болып, өзара әрекетке түседі. Сонымен, тауарларды кредитке сату процесінде төлем құралы ретінде кредит пен ақша қатысады.

Скачать реферат/Рефератты жүктеу