Кредит формалары және кредит түрлері — Ақша, кредит және банктер — Рефераты на казахском языке — Библиотека
Кредит формасы — бұл кредит қатынасының сырттай нақты көрініс табуы. Ол кредит қатынасының мәні мен ұйымдастырылуын синтездейді. Кредит қатынасының формасы мен мазмұны ажырағысыз әрі диалектикалық жағынан біртұтас болады. Кредит қатынасының формасы оның мазмұны мен дамуына сәйкесуі керек.
Таңдап алынған жіктеу өлшеміне қарай кредиттің мынадай ең маңызды формаларын бөліп көрсетуге болады (1. сурет):
— қызмет ету саласына қарай — ұлттық және халықаралық кредит;
1. сурет. Кредиттің негізгі формалары.
— кредит мәмілесінің объектісіне қарай — ақшалай және тауарлық кредит;
— кредит қатынасының субъектісіне қарай — банктік, коммерциялық, халықаралық, тұтынушылық кредиттер.
Кредиттің тауарлық формасы тарихи жағынан алып қарағанда оның ақшалай формасынан бұрын пайда болған. Ежелгі тарихтан білетініміздей, адамдар тұтынуға қажетті артық өнімдерін (астық, мал, тері және т.б.) бір-біріне өсім алумен қарызға берген.