Кредит теориясы және оның дамуы – Ақша, кредит және банктер – Рефераты на казахском языке – Библиотека

0
12

Кредитті зерттеу барысында таным әдісі ретіндегі теорияның ролі ерекше. Кредит туралы ғылым әлі жас. Ол саяси экономиканың қалыптасуымен пайда болды. Кредиттің ұдайы өндіріс процесімен, құндылықтың қайта айналымының және айналысының Маркстік тұрғыдан талдануы кредиттің қажеттігін түсінудің демеушісі, қоғамдағы кредиттік қатынастардың туындауын, кредиттің табиғаты мен мәнінің айрықша экономикалық категория екендігін түсінудің қуат кезі болып табылады.

Ғалымдар бүгінгі таңда экономика ғылымының алдында бір жағынан теориялық талдау қорытындыларын белсендірек жүргізіп, екінші жағынан банк ісін дамытып, жетілдірудің керек екенін айтуда.

Теорияны тәжірибеден оқшау қарастырмау керек екені түсінікті. Барлық теоретикалық проблемалардың соңы тек тәжірибелік әдістермен шешілетіні кездейсоқтық емес. Теория мен тәжірибе арасында диалектикалық бірлік бар.

Экономикалық әдебиеттерде кредиттің мәніне, қызметтерімен заңына қатысты саясат орын алуда. Кредиттің мәнін зерттеуде натуралистік және капиталдық жасампаздық теориясы қатаң қадағаланатындығы байқалады.

Скачать реферат/Рефератты жүктеу