Көмектес септік, қазақ тілі 4 сынып, тұрлаусыз мүше

0
Қазақ тілі 4 сынып
Сабақтың тақырыбы: Көмектес септік
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Оқушыларға қазақ тіліндегі септіктерді меңгерту.
Дамытушылығы: Өткен сабақтармен сұрақтары мен жалғауларын жаттату. Көмектес септігінің тұрлаусыз мүше ретінде жұмсалатын білдіру. Көмектес септігінің басқа септіктерден ерекшелігіне тоқталу. Оқушылардың сын тұрғысынан ойлау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелігі: Пәнге деген қызығушылығын арттыру, топпен жұмыс істей білуге, сауатты жазуға тәрбиелеу.
Пәнаралық байланыс: ана тілі, дүниетану, музыка, суреттер, «Жетіген» музыкалық аспабы.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдіс — тәсілдері: «Мюнстенберг әдісі», «Кластер», «Ыстық орындық»
«Блог ағашы»
Сабақта қолданылатын ресурстар: АКТ, А — 3 қағаздар, үлес қағаздар, маркер

І. Психологиялық дайындық (2 минут)
Оқушылармен амандасу. Сыныпқа жақсы көңіл — күй орнату.
Өнер де, ой да, білім де,
Өркендер қазақ тілінде,
Ананың сүтін сүйгендер.
Саналы білім үйренер,
Алу үшін сапа білім,
Ардақтаймыз қазақ тілін!

Үй тапсырмасын тексеру
Топқа бөлу (2 минут)
Оқушыларды сөз құрамына қарай 4 топқа бөлемін
1 — топ «Зат есім»тобы
2 — топ «Зат есімнің септелуі»тобы
3 — топ «Зат есімнің тәуелденуі» тобы
4 — топ «Зат есімнің жіктелуі» тобы

ІІ. Қызығушылықты ояту. (3 минут)
«Мюнстенберг әдісі». Оқушылар өз білімдерімен білімдерін жинақтау.

Сауалнамалық тапсырма
1. В дыбысының фонетикалық талдауы:
A) В — ұяң, дауысты дыбыс
B) В — қатаң, дауысты дыбыс
C) В — ұяң, дауыссыз дыбыс
D) В — жуан, дауысты дыбыс
2. Бірде қаратпа сөз, екінші жағдайда бастауыш болатын сөз:
A) Биік
B) Қырық бес
C) Он екі
D) Ерлан
3. Атау септікті тап
А) аға
В) ағайын
С) ағалар
Д) ағайындас
4. Ілік септіктің жалғаулары
А) – ға, — ге, — қа, — ке
В)- ның, — нің, — дың – дің, — тың, — тің
С) — да,- де,- та,- те
Д) — дан,- ден, — тан, — тен, — нан,- нен
5. Табыс септінінің сұрақтары
А) Кімде? Неде? Қайда?
В) Кім? Не?
С) Кімнің? Ненің?
Д) Кімді? Нені?

Мұғалімі: Жанжигитова Ардақ Серікқызы
Көмектес септік жүктеу

Дереккөз: http://bilimdiler.kz/