Командалық жұмыста көшбасшылық дағдысын дамыту 6-сынып

0
734

Сабақтың тақырыбы: «Командалық жұмыста көшбасшылық дағдысын дамыту»Өтілетін сынып: 6 «В»Өтілетін орны: Спорт залКүні: 17.01.2019Пән мұғалімі: Сартай Ерсайын Бақтыбайұлы

2-бөлім: Түрлендірілген командалық ойындарМектеп: Серғали Толыбеков атындағы №3 ІТ- мектеп-лицейКүні: 17.01.2019Мұғалімнің аты-жөні: Сартай Ерсайын БақтыбайұлыСыныбы: 6 «В»Қатысқан оқушы саны: Қатыспағаны:Сабақтың тақырыбыКомандалық жұмыста көшбасшылық дағдысын дамытуОқу бағдарламасына сілтеме жасау6.2.2.1 – көшбасшылық дағдылар мен команда құрамында жұмыс істей білуді анықтау және қолдана білуСабақтың тақырыбы:Командада жұмыс істеу дағдыларын және көшбасшы болу дағдыларын түсіне білу Командада жұмыс істеу дағдыларын және көшбасшы болу дағдыларын дамыту және қолдануНегізгі мақсаттар Қозғалмалы ойындарда баскетбол элементтерін жетілдіру Командада жұмыс істеу дағдыларын және көшбасшы болу дағдыларын дамытуға септігін тигізу.Жетістік критерийлері
  • Көшбасшылық сөзінің мағынасын түсінеді.
  • Допты екі қолмен алып жүре алады.
  • Қарсыласты доппен айналып өте алады.
  • Тілдік мақсаттарОқушылар келесі ұғымдарды біледі және қолдана алады:

  • Баскетбол добы
  • Дриблинг
  • Ойыншылар
  • Көшбасшылар
  • Пәнаралық байланыстарБұл сабақта өзін-өзі тану пәнімен өзара пәнаралық байланыс орнатуға болады.АКТ пайдалану дағдылары Интербелсенді тақтада презентация көрсетуБастапқы білімОқушылар баскетбол ойыны туралы біледі және допты екі қолмен алып жүре алады

    Сабақ барысы

    Сабақтың жоспарланған кезендеріСабақтағы жоспарланған іс-әрекеттер Ресурстар:Сабақтың басы10 мин.Тақырыпты, сабақ барысын, бағалау критерийлерін, сабақ мақсаттарын жария ету және түсіндіру, сабақ соңындағы рефлексия туралы ескерту.Жүгіру жаттығулары.Бір орындағы жалпы дамыту жаттығулары.Әр іс-әрекет түрі үшін үлкен бос кеңістіктің болуы.

    Сабақтың ортасы 25 мин.

    Көшбасшылық қасиеттің не екенін түсіндіру. Ойын туралы презентация көрсету. Ойын кезіндегі Қ.Е. түсіндіру. (Ф,Тәж,Б) Ойыншылар оң қолымен допты алып жүреді. Жүргізуші де оң қолымен допты алып жүреді, ал екінші қолымен басқа ойыншыға допты тигізуі керек. Доп тиген ойыншы қолын көтеріп «Мен жүргізушімін» деп айтады да ойынды әрі қарай жалғастырады. Бағалау дескрипторлары:

  • допты алып жүргенде тек оң қолымен алып жүреді.
  • Жылдам әрі көп ойыншыға доп тигізеді
  • Залда шебер қашады және орын ауыстырады
  • Қалыптастырушы бағалау: БағдаршамҚабілетті және белсенді оқушыларға жасыл түстіжұлдызшалар беру.Аз белсенді оқушыларға сары түсті және қолдауға мұқтаж оқушыларға қызыл түсті жұлдызшалар беру.Үлкен бос кеңістік. Баскетбол доптары, фишкалар мен конустар, ысқырық

    Сабақтың  соңы5 мин.

    Сабақты қорытындылау:  сабақ соңында нәтижелер қорытындыланып, не білгені, қалай жұмыс жасағандары талқыланады. Сабақ рефлексиясы «тегтер» бұлты түрінде жүргізіледі, оларды толықтыру қажет. Мысалы, келесі сөйлемдердің нұсқалары жазылған қағаз жолақтарын үлестіру.

  • Бүгін мен ……………………. таныстым.
  • Маған………………… қиын болды.
  • Мен ………………………. түсіндім.
  • Мен ……………………… үйрендім.
  • Мен…………………. жасай алдым.
  • Мен үшін ……………………….. қызықты болды.
  • Мені …………………….. таңғалдырды.
  • Менің ………………………….. білгім келді.
  • Әр оқушы 1-2 сөйлемнен таңдап, оларды толықтырады. Киім ауыстыру орнына кету. Маркерлер мен фломастерлерСаралау – Көбірек қолдау көрсетуді Сіз қалай жоспарлайсыз? Қабілетті оқушылардың алдына қандай міндеттер қоюды жоспарлайсыз?Дене шынықтыру сабақтарында саралық тәсілдемеге оқушылардың мүмкіндіктеріне қарай олардың дене саулығының, дене дайындығының оңтайлы деңгейіне, сондай-ақ тиісті білім, біліктер және дағдылар көлеміне қол жеткізуге мүмкіндік беретін ерекше тәсілдеме жатады.Дене дайындығының деңгейі төмен оқушыларды қолдау үшін: оң қолмен допты алып жүруді қайталауҚабілетті оқушыларға: допты екі қолмен алып жүруБағалау -Сіз оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеруді қалай жоспарладыңыз?Сабақтарда бағалауды мұғалім келесілер арқылы сабақ барысында жүзеге асырады: БағдаршамҚабілетті және белсенді оқушыларға жасыл түстіжұлдызшалар беру.Аз белсенді оқушыларға сары түсті және қолдауға мұқтаж оқушыларға қызыл түсті жұлдызшалар беру.Денсаулық және қауіпсіздік ережелерінің сақталуы:Әр оқу тоқсанының басында бекітілген қауіпсіздік техникасы ережелерімен таныстыру;Сабақ барысында жайлы жағдай туғызу арқылы;Тақырыпқа сай әрекет ету мен киінуді қатаң талап ету міндетті;Жалпы бағалауСабақтың жақсы екі  аспектісін көрсетіңіз   (оқытуға, үйренуге қатысты)?1:2:Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту және үйренуге қатысты)?1: 2:

    Сабақ барысында сыныптың немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері /қиындықтары туралы не анықтадым, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу керек?