Азаматтардың сотқа шағымдану және сотта өкілеттік ету құқығы

0
189

ЖОСПАР

КIРIСПЕ

1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ АДВОКАТУРА ҚЫЗМЕТІНІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ НЕГІЗДЕРІ МЕН ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІ ҰЙЫМДАСТЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
1.1 Адвокатура ұғымы және міндеттері мен адвокатураның ұйымдық құрылуы
1.2 Адвокаттар көрсететін заң көмегінің түрлері
1.3 Адвокаттың құқықтары мен міндеттері

2 АЗАМАТТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУДЕГІ АДВОКАТТЫҢ СОТ ІСІНДЕГІ РОЛІ
2.1 Азаматтардың сотқа шағымдану және сотта өкілеттік ету құқығы
2.2 Адвокаттың азаматтық істі жүргізуге тапсырма алуының негізгі шарттары

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТIЗIМI

3

5

5
11
14

17

17

21

24

26

Кiрiспе

Адам мен азаматтың құқығына кепiлдiк беретiн негiзгi заңның конституциялық ережелерiнiң арасында маңызды конституциялық принцип ретiнде қолданылатын бiлiктi заң көмегiн алу құқығы ерекше орын алады. Атап айтқанда, Қазақстан Республикасы Конституциясының 13-бабының 3-тармағында әрбiр адамның бiлiктi заң көмегiн алуға құқығының бар екендiгi тiкелей көрсетiлген [1].
Сөйтіп, азаматтардың білікті заң көмегін алу құқығын қамтамасыз етуге тиісті құқық қорғау жүйесінде адвокатураға маңызды орын беріледі. Адвокатураның негізгі ұйымдық-құқықтық нысаны – адвокаттар алқасы – білікті заңгерлердің кәсіби ұйымы. Оның міндеті жеке және заңды тұлғаларға заң көмегін көрсету, құқықтар мен заңды мүдделерді, заңдылықты сақтау мен нығайтуға, сондай-ақ заңдарда көзделген кейбір өзге міндеттерді атқаруға жәрдемдесу болып табылады. Адвокаттар алқасы адвокатураның шынайы өзін-өзі басқаруын, адвокаттардың кәсіби шеберлігін, олардың құқықтық және әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз етуге көмектеседі.
Жеке адамның құқығын қандай да бір қол сұғушылықтан қорғау, заңдылық үшін күрес және сот төрелігіне көмектесу – адвокаттық қызметке үлкен саяси-әлеуметтік маңыз береді.
Қазiргi уақытта Қазақстанда адам және азаматтың құқығын қорғау жөнiндегi мiндеттердi атқаратын әртүрлi мемлекеттiк және мемлекеттiк емес органдар, мекемелер мен қоғамдық ұйымдардың бар екендiгiн атап өткен жөн. Мысалы, соттар, прокуратура, iшкi iстер, әдiлет органдары жоғарыда аталған құқық қорғау мiндеттерiн бiр-бiрiмен тығыз байланыс жасай отырып атқарады. Алайда осы мiндеттердi табысты жүзеге асыру адвокатура сияқты қоғамдық-құқықтық институтсыз мүмкiн емес. Қазақстандық заңнамада адвокатура ешбiр жерде құқық қорғау органы ретiнде көрсетiлмесе де, ол iс жүзiнде құқық қорғау қызметi мiндетi атқарады. Әдетте, құқық қорғау қызметi ретiнде бiз азаматтар мен ұйымдардың құқығы қорғауды мақсат ететiн және заңға сәйкес заңдық әсер ету шараларын қолдау жолымен арнайы мемлекеттiк органдар жүргiзетiн және олар белгiлеген тәртiп мүлтiксiз сақталатын қызметтi түсiнемiз.
Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1994 жылы 12 ақпандағы №3 қаулысымен бекiтiлген «Қазақстан Республикасындағы құқықтық реформаның мемлекеттiк бағдарламасы бойынша құқық қорғау органдары туралы жаңадан заңдар қабылданып, осы органдарды тиiмдi қайта құрулар жүргiзiледi [2, 30б]. Құқықтық реформа адвокатура туралы қолданылып жүрген заңдарды да қайта қарауды көздейдi. Елiмiзде сот жүйесi тиiмдi жұмыс iстеу үшiн күштi мамандандырылған адвокатура керек едi. Осының нәтижесiнде «Адвокаттық қызмет туралы» заң 1997 жылдың 5 желтоқсанында қабылдады.
Конституцияның бiлiктi заң көмегiн алуда азаматтар мен ұйымдарға кең және тең мүмкiндiк беретiндiгiн атап өткен жөн. Конституциялық нормаларға сүйене отыра, «Адвокаттық қызмет туралы» Қазақстан Республикасы заңында адвокаттардың кәсiби заң бiлiмiн қажет ететiн мәселелер бойынша консультациялар, түсiндiрмелер, кеңестер мен жазбаша қорытындылар беретiндiгi; талап қою арыздарын шағымдары мен басқа да құқықтық сипаттағы құжаттарды жасайтындығы, қылмыстық және азаматтық сот жүргiзу iстерi мен әкiмшiлiк құқық бұзушылық iстерге қатысатындығы; азаматтар мен ұйымдарға өзге де заң қызметiн көрсететiндiгi тiкелей айтылған [3].
Сөйтiп, адвокаттар кәсiби қызметiнiң мазмұны нақ осы заң көмегiн көрсету болып табылады. Өз кезегiнде адвокат көрсететiн заң көмегi консультациялар, түсiндiрмелер беру, талап қою арыздарын, шағымдар, кузахаттар мен құқықтық сипаттағы өзге құжаттарды жасау және құқықтық сипаттағы өзге де құжаттарды талап ету сот iсiнде, сондай-ақ одан тысқары басқа iс-әрекеттердi белсендi жасау жолымен азаматтар мен ұйымдардың құқықтары мен мүддесiн қорғаудың барлық заңды құралдары мен әдiстерiн пайдалану болып табылады.
Осыған байланысты, мен курстық жұмысымда адвокаттура органының құқықтық мәртебесі және олардың тәуелсіздігі қағидаларының маңызды жақтарын қарастырумен мәнін ашуды, адвокатура қызметiнiң негiзгi бағыттары және адвокаттың азаматтық iске қатысуының ерекшелiктерiн зерделеп, мән-мағынасына сай жіктеп және оларды жетілдіру жақтарын қарастыруды мақсат етіп қойдым.
Қазiргi кезеңде заң мен қоғам адвокат – қорғаушыдан жай заң көмегiн көрсетудi ғана емес, азаматтық iс бойынша қорғаудың нәтижелiлiгiн талап етедi.
Сондықтан бiтiру жұмысымда адвокат-қорғаушылардың азаматтық іс жүргізуге қалай қатысатынын, қорғау тактикасы ретiнде ненi қолданатынын өзiмiздiң қазақстандық авторлармен қоса шетелдiк авторлардың да еңбектерiн пайдалана отырып, кеңiнен зерттеуге ден қойдым. Бұл тақырып бойынша бiрде бiр қазақ тiлiнде шыққан заң әдебиеттерi жоқ болғандықтан, курстық жұмысымды өзiмнiң ана тiлiмде жазуға бiраз қиындықтар болды. Бiрақ ол қиындықтарды жеңдiм деп ойлаймын, өйткенi алда баяндалар еңбегiм соның жемiсi.

1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ АДВОКАТУРА ҚЫЗМЕТІНІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ НЕГІЗДЕРІ МЕН ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІ ҰЙЫМДАСТЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ

1.1 Адвокатура ұғымы және міндеттері мен адвокатураның ұйымдық құрылуы

Адвокат – міндетті түрде адвокаттар алқасының мүшесі болып табылатын және Адвокаттық қызмет туралы 1997 жылғы 5 желтоқсандағы ҚР Заңымен регламенттелетін адвокаттық қызмет шеңберінде кәсіптік негізде заң көмегін көрсететін Қазақстан Республикасының азаматы. Жоғары заң білімі, заңгер мамандығы бойынша кемінде екі жыл жұмыс стажы бар және адвокаттық қызметті жүзеге асыру құқығына лицензия алған адам адвокат бола алады.
Қасақана қылмыс жасағаны үшiн сотталған, белгiленген тәртiппен әрекетке қабiлетсiз немесе әрекетке қабiлеттiлiгi шектеулi деп танылған, адвокаттар алқасынан шығарылған, тәртіптік жағымсыз әрекет жасағаны үшін құқық қорғау органдарынан босатылған адам — босатылған күнінен бастап бір жыл бойы адвокат бола алмайды.
Жоғарыда аталған Заңның 8-бабында былай деп жазылған:
1. Адвокаттың көмекшiлерi мен тағлымдамадан өтушiлерi болуы ммкiн.
2. Адвокаттың көмекшiлерi еңбек шартының (келiсiм-шартының) негiзiнде заң консультациясында, адвокат кеңсесiнде немесе адвокаттық қызметпен жеке-дара айналысатын адвокаттың жанында жұмыс iстей алады.
Адвокаттың көмекшiлерi адвокаттың нұсқаулары бойынша және соның жауапкершiлiгiмен адвокаттың тапсырмаларын орындауға құқылы.
3. Жоғары заң білімі бар Қазақстан Республикасының азаматтары ғана адвокаттың тағылымдамадан өтушілері бола алады. Тағылымдамадан өтушілер тағылымда туралы шарттың негізінде адвокаттарда тағылымдамадан өтеді. Тағылымдамадан өтуші ретіндегі жұмыс кезеңі заң мамандығы бойынша жұмыс стажына есептеледі.
4. Тағлымдаманың тәртiбiн, мерзiмi мен шарттарын адвокаттар алқасы белгiлейдi. Адвокат лицензияның негізінде жұмыс істейді. Заңның 9-бабына сәйкес: 1. Әділет аттестаттау комиссиясының шешімі негізінде Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі берген адвокат лицензиясы лицензияда көрсетілген адамның адвокаттық қызметпен айналысуына рұқсат беру болып табылады.
2. Лицензия аттестаттаудан өткен жағдайда беріледі. Адвокаттық қызметпен айналысуға үміткер адамдардың аттестаттаудан өту ережесін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі бекітетін Адвокаттар лицензияларының мемлекеттік тізілімі туралы ережеге сәйкес Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі осы тізілімді жүргізеді.
2-1. Аттестаттаудан өтпестен адвокаттық қызметпен айналысуға лицензия алуға Қазақстан Республикасы Әділет біліктілік алқасына біліктілік емтиханын тапсырған адамдардың, тұрақты судьялардың және өз міндеттерін орындау кезінде атына кір келтіретін теріс қылықтары және заңды бұзғаны үшін судья қызметінен босатылған судьяларды қоспағанда, тұрақты судья болып жұмыс істеген адамдардың құқығы бар.
3. Біліктілік емтиханын тапсыруға жіберу туралы өтініш бір мезгілде лицензия беру туралы өтніш болып табылады.
4. Лицензия негізгі, тұрақты болып табылады және оның күші Қазақстан Республикасының барлық аумағында қолданылады.
Адвокатураның міндеттері: азаматтар мен ұйымдарға заң қызметін көрсету, азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын және зңды мүдделерін қорғауға жәрдемдесу, заңдылықты сақтау болып табылады.
Жоғарыда аталған Заңда көрсетілген мөптеген міндеттер оның нақты мақсатына сай келмейді. Атап айтқанда, осы нормативтік актіде адвокатураның міндеті сот төрелігін жүзеге асыруға жәрдемдесу болып табылатыны көрсетілген. Алайда адвокат өз клиентінің мүддесін білдіреді және сот шешімінің өз пайдасына шығуына қол жеткізу мақсатында өзінің заң білімін пайдаланады. Адвокат, егер үкім оның клиентін қанағаттандырса, негізсіз үкімге шағым бермейді.
Жоғарыда аталған Заңның 1-бабына сәйкес: 1. Қазақстан Республикасындағы адвокатура адамның өз құқықтарын, бостандықтарын сотта қорғауға және бiлiктi заң көмегiн алуға мемлекет кепiлдiк берген және Қазақстан Республикасының Конституциясымен баянды етiлген құқығын жүзеге асыруға жәрдемдесуге арналған.
2. Адвокатура қылмыстық iстер бойынша қорғ-ау, азаматтық, әкiмшiлiк, қылмыстық және басқа да iстер бойынша өкiлдiк ету, сондай-ақ азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерiн, сондай-ақ заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау мен iске асыруға жәрдемдесу мақсатында заң көмегiнiң өзге де түрлерiн көрсету жөнiндегi адвокаттардың қызметiн ұйымдастырады.
Адвокаттық қызмет шеңберiнде адвокаттар көрсететiн заң көмегi кәсiпкерлiк қызмет болып табылмайды.
Жоғарыда аталған Заңның 3-бабына сәйкес адвокатура ұйымдастырылуы мен қызметi:
1) адвокаттардың өз қызметiн жүзеге асыру кезiндегi тәуелсiздiгi;
2) адвокаттық қызметтi заңдарда тыйым салынбаған әдiстермен және құралдармен жүзеге асыру;
3) заң актiлерiнде тiкелей көзделген жағдайларды қоспағанда, прокуратура, соттар, анықтау және алдын ала тергеу органдары, басқа мемлекеттiк органдар, өзге ұйымдар мен лауазымды адамдар тарапынан адвокаттардың қызметiне араласуға жол бермеу;
4) кәсiби мiнез-құлық нормаларын ұстану және адвокаттық құпияны сақтау қағидаттарына негiзделедi.
Адвокат өзiнiң кәсiби қызметiнде әртүрлi заң көмегiмен көрсетедi. Қазақстан Республикасыың Қылмыстық iс жүргiзу кодексiнде әрбiр адамға бiлiктi заң көмегiн алудың үлкен және тең мүмкiндiгiн бередi [4]. Бұл жағдайда заң көмегi өзiнiң мазмұны бойынша iс-әрекеттiң үлкен шеңберiн қамтиды, сот органдарында заңды және жеке тұлғаларға өкiлдiк ету мен қорғауды жүзеге асырады. Адвокаттың қылмыстық процеске қатысуы-бұл адвокат қызметiн маңызды түрлерiнiң бiрi, ол негiзiнен жүзеге айыптаушыны (сезiктi) қорғау әрекеттерiн жүзеге асыруға байланысты.
Қорғау — қылмыс жасады деп сезiк келтiрiлген адамдардың құқықтары мен мүдделерiн қаматамазыз ету, айыптауды жоққа шығару немесе жеңiлдету, сондай-ақ заңсыз қылмыстық iзге түсуге ұшыраған адамдарды ақтау мақсатында қорғау тарабы жүзеге асыратын iс жүргiзу қызметi.
Қорғану тарабы сезiктi, айыпталушы, олардың заңды өкiлдерi, қорғаушы, азаматтық жауапкер және оның өкiлдерi болып табылады.
Қылмыстық процестiң әрбiр сатысында айыпталушы қорғаушы көмегiн қажетсiнедi, онсыз айыпталушы өз кiнәсiздiгiнiң дәлелдерiн келтiруге, сондай-ақ айыптауды терiске шығаратын немесе жауапкершiлiгiн жеңiлдететiн мән-жайларды анықтауға дәрмесiз.
Қорғаушы – заңда белгiленген тәртiппен сезiктiлердi айыпталушы мен олардың құқықтары мен мүдделерiн жүзеге асыратын және оларға заң көмегiн көрсететiн адам.
Тергеушi, анықтаушы қылмыс жасады деп күмән келтiрiлгендiгiн хабарлап, соған байланысты Қылмыстық iс жүргiзу кодексiнде белгiлеген негiздерде және тәртiппен өзiне қатысты қылмыстық iс қозғалған, не ұстау жүзеге асырылған, не айып тағылғанға дейiн бұлтартпау шарасы қолданылған адам сезiктi болып танылады.
Өзiне қатысты айыпталушы ретiнде жауапқа тарту туралы қаулы шыққан адам, не өзiне қатысты сотта жеке айыптайтын қылмыстық iс қозғалған адам, сондай-ақ оған қатысты анықтау органының бастығы айыптау хаттамасын жасаған және бекiткен адам айыпталушы болып танылады.
Заң қорғаушы ретiнде жiберiлуi мүмкiн тұлғаларды нақты анықтайды. Оған жататындар:
а) адвокаттар, яғни адвокаттар алқасында мүшелiкке тұрған тұлғалар;
б) жұбайы (зайыбы);
в) жақын туыстары мен заңды өкiлдерi;
г) өз бiрлестiктерi мүшелерiнiң iстерi бойынша кәсiподақтың және басқа да қоғамдық бiрлестiктердiң өкiлдерi, олар өз өкiлiн бөлiп, қорғаушы ретiндегi оның өкiлеттiгiн айғақтайтын тиiстi құжаттармен (шешiм немесе хаттама, сенiм хат) қамсыздандырады.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық iс жүргiзу заңнамасында (ҚІЖК 70-бап 2-тармақ) қорғаушы ретiнде iске, егер бұл Қазақстан Республикасының тиiстi мемлекетпен халықаралық шартында өзара негiзде көзделсе, заңнамада белгiленген тәртiппен iске қорғаушы ретiнде шетел адвокаттарының қатысуына жол берiледi.
Қорғаушылар (адвокаттар) iске қатысуға тұлға айып тағылған немесе ұсталған, айыпталушы деп танылған не айыпталғанға дейiн бұлтартпау шарасы қолданылған сәттен бастап жiберiледi.
Бiр адам, екi сезiктiнiң, айыпталушының бiреуiнiң мүддесi екiншiсiнiң мүддесiне қайшы келетiн болса, екеуiне бiрдей қорғаушы бола алмайды.
Қылмыстық iс бойынша кәсiби қорғауды тек адвокаттар ғана жүзеге асырады.
Бiлiктi заң көмегiн алу құқығын жариялай отырып Қазақстан Республикасының Конституциясы барлық азаматтарды бостандықтары мен заңды мүдделерiн кәсiби қорғау құқығымен, қылмыстық iзге түсуден қорғану құқығын қоса алғанда, қамтамасыз ету принципiн орнықтырды (ҚР ҚІЖК 28-бап). Осы ережеге сәйкес анықтауды жүргiзетiн адам, тергеушi, прокурор, сот әрбiр iс бойынша азаматқа өз құқығын жүзеге асырудың нақты мүмкiндiгiн қамтамасыз етуге мiндеттi. Құқықты тiкелей немесе жанама шектеу я болмаса, әлеуметтiк шығу тегi, лауазымдық немесе мүлiктiк жағдайы, жынысы, нәсiлi, ұлты, дiни ұстанымы, көз қарасы, тұрғылықты жерiне байланысты желеумен немесе кез – келген басқа мән жай бойынша жазаланады.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық iс жүргiзу кодексiнде процесс барысында бiлiктi заң көмегiн алуға құқығы бар субъектiлер анықталды. Олар қылмыстық сот iсiн жүргiзу барысында құқықтары мен мүдделерiн қорғалатын немесе бiлдiретiн тұлғалар (сезiктi, айыпталушы, сотталушы, жәбiрленушi, жеке айыптаушы, азаматтық талапкер, азаматтық жауапкер, куә).
Бұл арада кәсiби қорғаудың қылмыстық iс бойынша қорғаудың саналуандығы болып табылатындығын ескерген жөн. Онда қорғау үшiн тән барлық белгiлерi бар (Қазақстан Республикасы Қылмыстық iс жүргiзу кодексi 7-бап, 19-тармақ), алайда, сонымен қатар оның Қазақстан Республикасының «Адвокаттық қызмет туралы» заңымен реттелетiн адвокаттың құқықтық мәртебесiне байланысты ерекшелiктерi кездеседi. Оған адвокат мiнез-құлқының кәсiби нормалары, адвокаттық қызметтiң кепiлдiктерi, адвокаттық құпия, адвокаттар алқасы мүшелерiнiң тәртiптiк жауапкершiлiгi және тағы басқа жатады.
Сондықтан кәсiби қорғау – адвокаттың бiлiктi заң көмегiн көрсету мақсатында қылмыстық iс жүргiзу заңнамасында көзделген және белгiленген құралдар мен әдiстер негiзiнде ғана жүзеге асыратын iс жүргiзу қызметi, оның құрамдас бөлiгi айыпталушының, сезiктiнiң құқықтары мен мүдделерiн қорғауды, қылмыстық қудалауға заңсыз ұшыраған адамның айыбын терiске шығару немесе жеңiлдету мен ақтауды қамтамасыз ету болып табылады.
Кәсiби қорғаушының (адвокаттың) көмегiн пайдалануға қажеттiлiк сондай-ақ, сот жүргiзу iсi тәртiбiнiң ерекше күрделiлiгiнен және көптеген заңи мәселелердi шешу кезiдегi қылмыстық рәсiм барысында пайда болуы мүмкiн, орны толмас құқықтық салдардан туындайды.
Осы негiзгi конституциялық пртнциптi сот төрелiгiн жүзеге асыру кезiнде сақтамауды қылмыстық iс жүргiзу нормаларын өрескел бұзу деп санауға болады. Осы жайт мемлекеттiк органдар мен лауазымды тұлғалардың кез келген шешiмнiң, егер олар айыпталушының (сезiктiнiң) қорғану құқығын шектейтiн болса, күшiн жоюға әкеп соқтырады.
Қоғам мен мемлекет бiрде – бiр азаматтың жеткiлiктi дәлелдерсiз қылмыстық жауапкершiлiкке тартылмауына және сотталмауына мүдделi. Мемлекет, қорғану құқығын қамтамасыз етудiң конституциялық кепiлдiгiн атқара отыра, оның iшiнде адвокаттық қызмет кепiлдiктерiн бередi, олардың арасында анықтау, алдын ала тергеу органдары мен соттар адвокат қылмыстық iске жiберiлген сәттен бастап кешiктiрмей, оған қорғауындағы адамның қамауда ұсталуының бүкiл мерзiмi үшiн iске қатысуға жiберiлетiндiгi туралы жазбаша айғақтама беруге мiндеттi; анықтау, алдын ала тергеу органдары, iс жүргiзу заңында көзделген жағдайларда, адвокатқа оның тергеуге және адвокатпен келiсiлген мерзiмдегi басқа да iс жүргiзу әрекеттерiне қатысу қажеттiгi туралы хабарлауға мiндеттi және тағы басқа.
Адвокат өз қызметiн адвокаттар алқасының мүшесi бола отырып, жүзеге асырады. Жоғарыда адвокат заң көмегiн көрсететiн негiзгi тұлға екендiгi айтылғанмен, ол бiрден-бiр тұлға болып табылмайды. Алайда нақ кәсiби тәжiрибе мен құқықтық бiлiм адвокаттың айыпталушыға (сезiктiге) аса бiлiктi көмек көрсетуiне мүмкiндiк бередi. Заң көмегiн көрсету жөнiндегi адвокаттық мiндеттердiң орындалуы мемлекет өкiлеттiгiн адвокат-қорғаушының кәсiби парызы болып табылады. Адвокаттың қорғау жөнiнде өзiне қабылдаған мiндеттемелерiнен бас тартуға құқығы жоқ. Адвокат үшiн қорғауды жүзеге асыру, кәсiби қызмет болып табылады.
Алайда, заңнамаға сәйкес қылмыстық процеске қатысуға қорғаушының өзге де санаты жiберiледi. Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының нормативтiк 2002 жылдың 6 желтоқсандағы №26 «Қорғану құқығы реттейтiн қылмыстық iс жүргiзу заңнамасын қолдану тәжiрибесi туралы» қаулысымен қорғану құқығының кәсiпқой адвокаттық немесе тек арнайы заң бiлiмi және қорғаушыға нақтылы бiлiктi заң көмегiн көрсетуге қабiлеттi болған жағдайларда, қорғаушы ретiнде жiберiлген өзге де адамдардың-сезiктiнiң, айыпкердiң, сотталушының жұбайының, жақын туыстарының немесе заңды өкiлдерiнiң қатысуымен жүзеге асырылатыны туралы қағиданы алғаш рет бекiтiп бердi. Анықтау, тергеу органдары мен соттар осы мәселенi анықтап, егер сезiктi, айыпкер, сотталушы, сотталған таңдап алған қорғаушы қорғалушының мүдделерiн бiлдiруге қабiлеттi болмаса, онда iске кәсiпқой адвокатты тарту туралы мәселенi талқылауға тиiс. Мұндай жағдайда сезiктiнiң, айыпкердiң, сотталушының жұбайы, жақын туыстары, немесе туыстары, немесе заңды өкiлдерi, кәсiподақтардың және басқа да қоғамдық ұйымдардың өкiлдерi iске адвокатпен бiрге қатыса алады. Бұл қылмыстық жауапкершiлiкке тартылған адамға қатысты толық, жан-жақты және объективтi тергеуге, iстi қарау мен шешуге жәрдемдеседi [5].
Адвокат — тек қорғаушы ғана емес, сондай-ақ сот iсi саласына тартылған кез келген тұлғаның заңды құқықтары мен мүдделерiн қамтамасыз ететiн тәуелсiз кепiл, сондықтан да адвокаттың қылмыстық процеске қатысуы барлық уақытта Қазақстан Республикасының әрбiр азаматының құқығын тиiмдi қорғауға ықпал ететiн болады.
Айыпталушыға заң көмегiн көрсете отыра, адвокат қылмыстық сот iсi мiндеттерiн шешуге көмектеседi. Бұл қорғаушысыз (адвокатсыз) оның қатысуы мiндеттi iстi тергеу немесе қараудың заңды елеулi бұзушылық болып табылатындығымен түсiндiрiледi.
Қылмыстық iстiң барлық сатысында айыпталушыға (сезiктiге) қорғану үшiн заңмен құқықтардың ауқымды жиыны берiледi, олардың маңызды шарты iс жүргiзу нормалары мен қылмыстық сот iсi ережелерiн, атап айтқанда, айыптау және қорғану тараптарының бәсекелестiгi мен тең құқықтығы принциптерiн қатаң сақтау, iстiң мән-жайын жан-жақты, толық және объективтi зерттеу болып табылады.
Айыпталушыға қорғану құқығының берiлуiне байланысты қылмыстық iске қорғаушының мiндеттi қатысу негiздемесiн; адвокаттың қорғаушы ретiнде қатысуын болдырмайтын жағдайды; қорғаушыны шақыру, ауыстыру және тағайындау тәртiбiн; қорғаушының iс жүргiзудегi жағдайын, мiндеттерi мен құқықтарын қарау қажеттiгi туындайды [6].
Қазақстан Республикасының адвокатура қызметiнiң негiзгi бағыттары әр түрлi заң көмегiн көрсетуге жәрдемдесу болып табылады. Олар:
– шешiлiмi кәсiби заң бiлiмiн талап ететiн мәселелер бойынша консультациялар, түсiндiрмелер, кеңестер, жазбаша қорытындылар беру;
– талап қою арыздарын, шағымдар мен құқықтық сипаттағы басқа құжаттарды жасау;
– адвокаттардың анықтау және алдын ала тергеу iстерi кезiнде, сезiктiлердiң, айыпталушылардың және сотталға адамдардың қорғаушылары, жәбiрленушiлердiң, азаматтық талап қоюшылардың, азаматтық жауапкерлердiң өкiлi ретiнде қылмыстық iстер бойынша сотқа қатысуы;
– соттар мен мемлекеттiк органдарда азаматтық және әкiмшiлiк құқық бұзушылық iстерi бойынша өкiлдiк ету;
– азаматтар мен ұйымдарға заңда тыйым салынбаған басқа да заң көмегiн көрсету.
Адвокаттың қылмыстық сот iсiне қатысуы – адвокаттық қызметтiң негiзгi бағыттарының бiрi. Мұнда адвокат қызметi негiзiнен айыпталушыларды (сезiктiлердi) қорғау мiндетiн жүзеге асырумен байланысты. Оның кәсiби тәжiрибесiмен құқықтық бiлiмi қорғайтын адамына аса бiлiктi көмек көрсетуiне мүмкiндiк бередi. Қоғам мен мемлекет бiрде-бiр азаматтың жеткiлiктi айғақсыз қылмыстық жауапкершiлiкке тартылмауын және сотталмауын көздейдi.
Ұсталған, тұтқындалған, қылмыс жасады деп айып тағылған әрбiр адам ұсталған, тұтқындалған немесе айып тағылған кезден бастап адвокаттың (қорғаушының) көмегiн пайдалануға құқылы.
Заң сезiктiлердiң және қылмыс жасағандығы туралы айыпталғандардың, сондай-ақ сотталғандардың қорғану құқығын қамтамасыз етедi. Осы құқықтық қорғаушы ретiнде заңмен қажеттi кепiлдiктер берiлген адвокаттар жүзеге асырады. Атап айтқанда, қылмыстық iстi жүргiзу заңы сот талқысы кезiнде (сот талқысы және ақты iс бойынша шығарылған үкiмдердiң заңдылығы мен қисындылығын iзiнше тексеру сатысы), сондай-ақ алдын ала тергеуде немесе анықтауды жүргiзу кезiнде, сонымен қатар қадағалау тәртiбiмен iстi қарау кезiнде адвокатқа (қорғаушыға) берiлетi құқықтардың үлкен шеңберi айқындайды.
Адвокаттар (қорғаушылар) iске қатысуға айып тағылған немесе сезiктi адам мойындаған сәттен — ұстау жүргiзiлген я болмаса айып тағылғанға дейiн бұлтартпау шарасы қолданылған сәттен бастап жiберiледi. Бұл жағдайда ол ұстау хаттамасымен немесе қамауға алынған түрiндегi бұлтартпау шарасы таңдалғандығы туралы қаулымен таныса алады. Қорғайтынн адаммен оңаша жүздессе, одан жауап алуға қатыса алады және т.б. Жүздесу саны мен олардың ұзақтылығы шектеусiз. Конституцияның 16-бабының 2-тармағы тұтқындалған адамға сотқа шағымдану құқығын бередi. Бұл құқықтардың көлемiмен мазмұнын реттеу ұдайы жетiлiп отырады.
Қылмыстық iс жүргiзу кодексiнде анықталға көп жағдайда, қылмыстық жауапкершiлiкке тартылған адамның қорғаушысы болуға мiндеттi. Егер бұл азамат немесе оның туысқандары не заңды өкiлдерi адвокатты шақыруға ынта бiлдiрмесе, адвокат тергеушiнiң, прокурордың немесе соттың қаулысы бойынша тағайындалуға тиiс. Мұндай адвокатта айыпталушы немесе оның жақын туысқандары шақырған адвокаттардың құқығын пайдаланады. Оның еңбегi толығымен республикалық бюджет қаражатынан төленедi.
Қылмыстық iстi қарауға қатысқан адвокат айыпталушыны ақтайтын немесе жауапкершiлiгiн жеңiлдететiн жағдайды анықтау мақсатында заңда көзделген барлық қорғау құралдарымен тәсiлдерiн пайдалануға және айыпталушыға қажеттi қорғау мен заң көмегiн көрсетуге мiндеттi.
Адвокат қылмыстық iстi қараған кезде тек айыпталушының қорғаушысы ғана емес, сондай-ақ жәбiрленушiнiң мүддесi бiлдiрушi, азаматтық талап қоюшы, азаматтық жауапкер ретiнде қатыса алады.

1.2 Адвокаттар көрсететін заң көмегінің түрлері

Адвокаттық қызмет туралы ҚР Заңының 4-бабында адвокаттар көрсететін заң көмегінің түрлері көзделген:
1. Заң көмегiн көрсете отырып, адвокаттар:
1) шешiлуi кәсiби заң бiлiмдерiн қажет ететiн мәселелер бойынша консультациялар, түсiндiрмелер, кеңестер мен жазбаша қорытындылар бередi;
2) талап қою арыздарын, шағымдар мен құқықтық сипаттағы басқа құжаттарды жасайды;
3) анықтау, алдын ала тергеу органдарында, соттарда, мемлекеттiк және өзге де органдарда, ұйымдарда және азаматтармен қарым-қатынастарда жеке және заңды тұлғалардың өкiлдiгi мен оларды қорғауды жүзеге асырады.
2. Адвокаттар заңдарда тыйым салынбаған өзге де заң көмегiн көрсетедi.
3. Көмек сұрап келген адам адвокатты таңдап алуға ерiктi, бұған адвокат оған тегiн заң көмегiн көрсету үшiн осы Заңның 6-бабы сондай-ақ, егер қорғалушы өзiне адвокат таңдап алмаса немесе таңдалмаса, оның қатысуы мiндеттi болатын қылмыстық iстер бойынша қорғаушы ретiнде тағайындалатын жағдайлар қосылмайды.
4. Қылмыстық iстер жөнiндегi кәсiби қорғауды тек адвокаттар ғана жүзеге асырады.
1. Адвокаттар көрсеткен заң көмегiне ақы төлеу мөлшерi, қорғаумен және өкiлдiк етуге байланысты шығыстарды өтеу көмек сұрап келген адаммен адвокат жасасатын келiсiмде белгiленедi.
2. Заңдарда көзделген жағдайларда, адвокат көрсеткен заң көмегiне ақы төлеу, iссапар, көлiк және оның басқа да шығындарын төлеу, анықтау, алдын ала тергеу органдарының қаулылары және сот ұйғарымдары бойынша республикалық бюджет қаражатынан жүргiзiледi.
3. Адвокат көрсететін заң көмегіне ақы төлеудің мөлшері осы баптың
2-тармағында көрсетілген негіздер бойынша соңғы 2 айдағы оның орташа еңбек ақысынан төмен болмауға тиіс.
Адвокат көрсететін заң көмегіне ақы төлеудің және 4-баптың
2-тармағында көзделген жағдайларда қорғау мен өкілдік етуге байланысты шығыстарды өтеудің мөлшері мен тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді. (көрсетілген Заңның 5-бабы).
Жоғарыда аталған Заңның 6-бабында заң көмегiне ақы төлеуден босату жағдайлары көзделеді.
1. Адвокаттар сенiм бiлдiрушiлердiң өтiнiштерi бойынша:
1) алимент өндiрiп алу туралы, асыраушысының қайтыс болуына, жұмыспен байланысты мертiгуiне немесе денсаулығының өзгедей бұзылуы арқылы келтiрiлген зиянды өтеу туралы iстердi жүргiзу кезiнде бiрiншi сатыдағы соттарда талап қоюшыларға;
2) Отан соғысына қатысушылар мен оларға теңестiрiлген адамдарға, мерзiмдi қызметтегi әскери қызметшiлерге, I және II топтағы мүгедектерге, жасы жөнiнен зейнеткерлерге, егер бұл кәсiпкерлiк қызмет мәселелерiне байланысты болмаса, консультациялар беру кезiнде;
3) зейнетақылар мен жәрдемақылар тағайындау туралы өтiнiштердi дайындау кезiнде азаматтарға;
4) ақтау мәселелерi жөнiнде кеңестер беру кезiнде адамдарға заң көмегiн тегiн көрсетедi.
2. Адвокаттардың тегiн заң көмегiн көрсету тәртiбi адвокаттар алқасының жарғысында белгiленедi.
3. Азаматтарды олардың материалдық жағдайы ескерiле отырып, адвокаттар алқасының төралқасы, заң консультациясының меңгерушiсi, адвокат кеңсесiнiң иесi (иелерi) және өз қызметiн заңды тұлғаны тiркемей жеке дара жүзеге асыратын адвокат заң көмегiне ақы төлеуден босата алады.
4. Осы бапта көзделген жағдайларда адвокаттың көрсеткен заң көмегiне төлеу тиiсiнше адвокаттар алқасының, адвокат кеңсесiнiң қаражаты есебiнен жүргiзiледi.
Қорғаушыда бiр ғана iс жүргiзу мiндетi бар. Ол — қорғау мiндетi. Қорғаушы процесте қорғау мiндетiн жүзеге асыру үшiн қажет, одан айыпталушының да, мемлекеттiң де күтетiнi осы.
Қылмыстық iстi жүргiзушi мемлекеттiк органдар қорғаушының өз мiндетiн атқаруына нақты мүмкiндiгiнiң болуы үшiн барлық шараларды қабылдауға тиiс.
Адвокаттың өзiне қабылдаған сезiктiнi, айыпталушыны немесе сотталушыны қорғаудан бас тартуға құқы жоқ, бұл оның қызметiнiң кәсiптiк сипатымен түсiндiрiледi. Бас тартуға тек ерекше жағдайларда ғана жол берiледi (сырқаттану және өзге де объективтiк себептер). Өзiнiң iс жүргiзу мiндетiн бұзғаны үшiн адвокат Адвокаттық қызмет туралың Заңда және адвокаттар алқасының Жарғысында белгiленген тәртiппен тәртiптiк жауапкершiлiкке тартылады.
Қорғаушы — қылмыстық iс жүргiзудiң дербес субъектiсi. Сонымен қатар, ол айыпталушымен (сезiктiмен) тығыз iс жүргiзу қатынастарымен байланысты, сондықтан оның iс жүргiзу дербестiгiнiң белгiлi-бiр шекарасы бар. Қорғаушы заң шегiнде қорғауды жүзеге асырудың нысандары мен әдiстерiнде еркiн, оның көзқарасы, егер оның өзi таңдаған қорғау бағыты айыпталушының жағдайына қолайлы болса, оның көзқарасы қорғауындағы адамдiкiнен басқаша болуы мүмкiн, ол кейбiр жағдайларда тiптi оның көзқарасын терiске шығаруға мiндеттi (өзiндiк үкiм, айыбын айғақтарсыз мойындау). Алайда қорғаушының қорғауындағы адамның жағдайын қандай да бiр деңгейде төмендететiндей мән-жайдан әрекетсiз қалуға құқығы жоқ, әйтпесе, қорғану құқығы өз маңызын жоғалтады.
Адвокаттар мыналарға:
1) асыраушысының қайтыс болуына, жұмыспен байланысты мертігуіне немесе денсаулығының өзгедей бұзылуы арқылы келтірілген зиянды өтеу туралы істерді соттардың қарауы кезінде талап қоюшыларға;
2) егер соттың қарауындағы дау кәсіпкерлік қызметпен байланысты болмаса, Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен оларға теңестірілген адамдар, мерзімді қызметтегі әскери қызметшілер, І және ІІ топтағы мүгедектер, жасы бойынша зейнеткерлер болып табылатын талап қоюшылар мен жауапкерлерге;
3) алименттер өндіріп алу, зейнетақылар мен жәрдемақылар тағайындау, ақтау, босқын немесе оралман мәртебесін алу мәселелері жөнінде азаматтарға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған кәмелетке толмағандарға заң көмегін тегін көрсетеді, қажет жағдайларда құқықтық сипаттағы жазбаша құжаттар жасайды.
2. 1) және 2) тармақшаларында көзделген жағдайларда тегін заң көмегі Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізу заңнамасында белгіленген тәртіппен көрсетіледі.
Өтініш білдіруші жүгінгеннен кейін тікелей заң көмегін беру мүмкін болмаған кезде, ол жүгінген сәттен бастап үш жұмыс күнінен аспайтын мерзімде қабылдау уақыты туралы хабардар етілуге тиіс. Мұндай жағдайларда заң көмегін беру ұзақтығы бір сағаттан аспауға тиіс. Қажет болған жағдайда көрсетілген мерзімді тиісті адвокаттық құрылым басшысы ұзарта алады. Бір мәселе бойынша адам құқықтық көмекті тек қана бір рет ала алады.
3. Адвокат көрсеткен заң көмегінің есебін осындай көмекті ұсынатын адвокат Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен жүргізеді.
4. Адвокаттар көрсететін заң көмегіне ақы төлеу тиісті сот шешімі негізінде бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Адвокат көрсететін заң көмегіне ақы төлеу адвокаттың орындаған жұмысы туралы акті және өзі мүшесі болып табылатын тиісті адвокаттар алқасының өтінімі негізінде бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Адвокаттар алқасының өтінімінде тегін … жалғасы

Дереккөз: https://stud.kz