Экзистенциализм — Философия — Рефераты на казахском языке — Библиотека

0

 

Экзистенциализм немесе «ғұмыр кешу философиясы» деп аталған ағым XX ғасырдың 20-жылдарывда пайда болып қалыптаса бастады. Антропологиялық бағытқа жататын бұл философиялық ағымды кезінде ешкім елей қоймады. Кейіннен экзистенциализм айыппұлы философиялық ағымға айналған сәтте, оның құзырына бас иген адамдар да аз болмады. Экзистенциализмнің көрнекті өкілдеріне Германияда М.Хайдеггер мсн К.Ясперс, Францияда Ж.П.Сартр, А.Камью мсн Г.Марсель жатады. Экзистенциализмнің ой толғау тәсілі дәстүрлі философиялық ой толғау тәсілдерінен оқшау, әдеттен тыс үлгіде болғандықтан, алғашқы кезде адамдар оған үрке қараған болатын. Өйткені оның өкілдері ғылымның жолбасшылық құпияларына үңіліп жатпады, көркемөнердің, діннің, ар ілімінің табиғатын ашуға тырыспады және әлемнің ғаламат философиялық — тарихи кескінін жасауға да талпынған жоқ. Олар бар зейінін ғұмыр кешудің мағынасына, яғни жеке адамның күнәсі мен жауапкершілігіне, белгілі бір шешім қабылдау қабілетіне, адамның ғұмырлық мақсаттары мен өмірге деген қатынастарын анықтауға аударды. Экзистенциализм философия тарихы, көркемөнер, ар ілімі және дін мәселелеріне осы тұрғыдан қарады. Сондықтан да олардың қолданған ұғымдар жүйесі, бейнелеу тәсілі дәстүрлі академиялық философиядан оқшау болды да, көркемөнерге жақындық танытты. Сондықтан да Камю, Сартр, Марсельдердің оз заманында атақты жазушы болғандықтарына еш таң қалуға болмайтын еді. Бұл аталмыш ойшылдардың философиялық қағидалары көркем соз арқылы өріліп, ел арасына тез тарап отырды. Батыстық философияның ішінде бұқаралық сипатқа ие болған ең беделді ағымдардың бірі болуына экзистенциализмнің аталмыш ерекшеліктері

Философияның өзекті мәселесіне жеке адамның тыныс-тіршілігін арқау ететін экзистенциализмнен басқа да ағымдар баршылық. Олардың қатарына адамдарды рухани байлықтың шыңы ретінде қарастыратын персонализм мен «пендешілік философиясы» деген лақап атқа ие болған прагматизм жатады. Персонализмнің жеке адамды дәріптейтіні соншалықты, ол адамдардың адамын құдай дәрежесіне көтерді. Ал прагматизм болса, тоғышарлардың көңілінен шыққан ағым болды. Өйткені ол өздерінің басты ұғымы етіп «іс-әрекет» категориясын алды. Прагматизмнің негізін қалаушылары Ч.Пирс, пен У.Джемс ойлаудан іс-әрекетке көшу керек, деген ұран тастаған еді. Адамның іс-әрекеті жемісті, табысты болу үшін қандай тәсіл, амал-айлалар болса да қолдана беру керек, дейді олар. Түпкі мақсатты жүзеге асыру үшін нендей тәсілден де бас тартпау керек. Өйткені ақиқат дегеніміздің өзі адамға пайдалылығымен ғана өлшенуі тиіс. Не нәрсе пайдалы болса — сол ақиқат. Ақтқаттың жолына шалынған құрбандықтың бәрі де ақталуға тиіс. Философия дегеніңіздің өзі осы ақиқатты игеру үшін жол ашуға міндетті, ал прагматизм нақ осындай философиялық ағым болып табылады-мыс.

Ал экзистенциализм философиялық ағым ретінде персонализмнен де, прагматизмнен де өзіндік ерекшеліктері арқылы ажыратылады. Мәселен, адамның ғұмыр кешуі (экзистенция) тұтас болмыс ретінде қарастырылады да, оны ешқандай да ғылыми немесе философиялық жолмен танып-білуге болмайтындығы туралы тұжырым жасалады. Ал болмыстың өзі бей болмысқа қарай бағытталған қозғалыс есепті. Осыған орай ғұмыр кешудің өзі бей заттыққа, бей нәрселікке ұмтылу іспетті, өйткені ғұмыр кешу уақытша сипаттағы құбылыс, оның апарар жері — өлім. Қамшының сабындай ғұмыр деп аталатын қысқа сапарда тыныс-тіршілікке тән қорқыныш, ұят сияқты жол белгілері арқылы өтуге мәжбүр сіз. Бұлар – бей нәрселікке жақындау немесе одан қашу жолындағы ескерту белгілері іспеттес. Тағдыр талқысына түсірер осы жолда тыныс-тіршілік иесіне туу, өлу, махаббат пен торығу да, өмір сүруге құштарлық, үміт пен екінші те тән болады. Жалпы алғанда экзистенциализм империализм дәуірінде буржуазиялық өркениет тап болған екі дүниежүзілік соғыстың зардабын шеккен, тарихтың қайғы — қасірет әкелген талқысын басынан өткерген батыс зиялыларының құлазыған көзқарасы болатын. Экзистенциализм «дағдарыс философиясы» деп тегін аталмаған. Өйткені онда адамдардың тарихи процеске деген сенімінің жоғалғаны, ар ілімі мен діннің адамдар үшін тигізетін ықпалының жоғалуға шақ Қалғаны, ертеңгі күнге деген сенімсіздік, әр адамның өз тағдыр — талабының талқысына төтеп бере алмай, ағын судағы жаңқа тәрізді еріксіз күй кешетіні, ғұмырының мағынасыздығын сезініп қайғы-қасірет шегетіні философиялық тұрғыдан бейнеленген. Экзистенциализмнің идеялық бастау алатын ілімдері дат мистигі Кьеркегордан (1813—1855) басталады. «Экзистиенция» (ғұмыр кешу) ғымы да Кьеркегордың төл перзенті. Одан кейінгі орында — Ницшенің (1844—1900) «Өмір философиясы». Өмір дегеніміз оның пікірінше өкімет билікке ұмтылу, осы жолдағы жігерлілік. Адам өз мақсатын жүзеге асыру жолында ештеңеден де аянбауы және тайынбауы керек. Жақсылық, жамандық сияқты ахлақтың ұғымдарды тәрк ету лазым. Бұлай ету тек шексіз белсенділікке, билікке ҮМтылған жігерлі суперменнің (ғаламат адам) ғана қолынан келмек. Ал, В.Дильтей (1833—1911) болса, танымның шекарасын анықтауға ден Қойған — ды. Оның тарихи танымды психологиялық негізге әкеліп телуі, экзистенциализм үшін маңызды рөл атқарды. Э.Гусссрль (1859-1938) феноменологиясын да экзистенциализмнің рухына орай кеңінен пайдаланылды. Оның, әсіресе, болмыс «таза» санада болады.деген Қағидасы экзистенциализм үшін таптырмас тұжырым еді. Міне, осы философиялық ілімдерден нәр алған экзистенциализм өзінің даму барысында діни және атеистік болып екіге бөлінеді.

Экзистенциализм ілімінде болмыстың шеңберінен тысқары шығу жолы экзистенциядан трансценденцияға апарады. Ясперс сияқты діни бағыттағы экзистенциализмнің екілі үшін трансценденция о дүние ұғымымен барабар, өйткені адам «шекаралық ситуация» жағдайында немесе қазақша айтқанда, «бір аяғы жерде, бір аяғы көрде» тұрған жағдайда, қасқағым сәтте өз санасының нұрлануы арқылы құдай рухымен Қауышуы мүмкін. Бірақ мұндай бақыт әркімнің басына туа бермейді. Бұл қасқағым сәтке өмір бойы дайындалу қажет, өмірдегі күйкі тірліктің бәрін тәрк етіп, адам өзін осы «шекаралық ситуация» дайындауы қажет. Ғұмыр сүрудің бірден-бір мағынасы осында. Ал экзистенциализмнің атеистік қанатына жататын өкілдері (мысалы, Сартр) жоғарыда аталып кеткен трансценденцияға адам өзекті жанға бір өлімнің хақ екендігі ін мойындап, «шекаралық ситуация кезінде» санасының қасқағым нұрлану сәтінде өзінің бүкіл ғұмырының мән — мағынасын түйсіну арқылы өтеді Дейді. Егер мұндай қас-қағым нұрлану сәті маңдайыңа жазылса, онда бекер ғұмыр кешпегенің.

Экзистенциализмнің негізгі ұғымдарының бірі — «қорқыныш». Бей нәрселікке ұмтылған адамның ғұмыры осы ұғым арқылы сол мақсатқа жетуден қашқақтайды. Тіршілік иесі өлімнен де, о дүниедегі жауапкершіліктен де, тіпті ертеңінен, келешегінен де қорқады. Бұл — тоғышарлық күйкі тірлікке тән құбылыс. Ал шын мәнісінде өлімнен қорқуға болмайды, өйткені ол да өмір сияқты табиғи нәрсе, демек оны заңды құбылыс ретінде қабылдау қажет. Экзистенциализмнің және де ең маңызды категорияларына «болмыс» пен «еркіндік» жатады. Бұл басты ұғымдар экзистенциализмнің ерекшеліктерін дөп басатын болғандықпен, оларға керек тоқталайық.

Экзистенциализмнің өкілдері өздерінің болмыс туралы ілімін дәстүрлі философиялық тілде «іргетастық онтология» деп атайды. Айталық, егер Хайдеггер өзінің ілімін «іргетастық онтология» деп мәлімдесе, Сартр  — «феноменологиялық онтология» деп атаған. Бірақ та бұлардың болмыс туралы ілімі өзінің мазмұны жағынан дәстүрлі философиялық бағыттардың ешқайсысына жуыспайды. Экзистенциалисттер материализмді де, идеализмді де мойындамайды. Себебі материализм езінің өмір сүруі үшін ешқандай сананы қажет етпейтін заттық әлемді Ясперс түпнегіз қылып алады. Ал идеализм керісінше, ешқандай «заттық әлемді» қажетсінбейтін сананы түпнегіз етіп алады. Материализмнің қателігі — оның нағыз шынайы болмысты да, сананы да білмейтіндігіде. Өйткені болмыстың тек сана үшін ғана шынайы мағынасы бар. Ал идеализмнің күйкілік сипаты оның әлеммен қатынасының ой кеш тілік, жасандылық тұрғыдан болатындығы. Материализм мен идеализм сыңаржақты философиялық көзқарастар. Ал шынайы философиялық дүниетаным тек экзистенциализм болып табылады. Өйткені ол болмысты, адамдар әлемін санамен ажырамас бірлікте қарастырады. Сөйтін экзистенциализм әлем мен сананың арақатынасың сананың шеңберінде ұжымдастырады. Мысалы, Хайдеггер үшін адамның болмысы — ең алдымен сананың болмысы. Адам санаға әлеммен бірге біртүтас нәрсе ретінде берілген. Адам ез ортасымен біте қайнасқан тіршілік иесі, сондықтан да оны әлемнен тысқары қарастыруға болмайды. Бұдан әр адамның ғұмыры қайталанбайтын ерекше құбылыс, деген қорытынды шығады. Сондықтан оның өлімі де қайталанбас ерекше құбылыс болуға тиіс. Мұны түсінген адам ез ғұмырына езін пендешіліктен биіктететін рухани баспалдақтар арқылы күйкі тірліктен арыла отырып, өмірінің соңғы қас-қағым сәтіне дайындалуы тиіс.

Ал «еркіндік» категориясына келетін болсақ, экзистенциализм оны адамның ішкі мәні ретінде қарастырады. Мысалы, Ясперс үшін еркіндік дегеніміз рухтың заттар әлемінен рухани байлықтар әлеміне ұмтылуы, жанның мәңгілікпен қауышуға талпынысы. Ал Хайдеггер мен Сартр еркіндікті адамның басында бақытсыздық деп түсінеді. Себебі ол таңдау алдындағы шарасыздықты білдіреді. Әр саналы адам — ерікті, өйткені оның талдау мүмкіндігі бар. Сартр еркіндікті түсінудің тоғышарлық және философиялық түрлерін көлденең тартады. Тоғышарлық сана еркіндікті өзінің алға қойған мақсатын іс жүзінде жүзеге асырумен байланыстырады. Мысалы, түрлі-түсті телевизор алғың келді, ала бер. Бұл — еркіндіктің тоғышарлық сана дәрежесіндегі көрінісі. Ал философиялық дәрежедегі түсінік еркіндікті таңдау бостандығымен байланыстырады. Өз тағдырындағы таңдау жолы тек адамның өзіне ғана байланысты болуға тиіс. Адам еркіндігінің сыртқы жағдаяттардан тәуелсіздігі сайып келгенде, еркіндік туралы анархистік түсінікке әкеліп соқтырады. Экзистенциализмнің еркіндік категориясы — тарихтан тыс, қажеттілікті танып-білумен ешқандай байланысы жоқ, қауымдастық қатынастарды мүлдем ескермейтін қасаң ұғым. Экзистенциалисттердің ұғымындағы адам — коғамдық қатынастарды өзгертуге белсенділікпен ұмтыла қоймайтын, танып-білуге енжар, үнемі қасірет шегіп, сарыуайымға салынып жүретін пенде. Экзистенциализм қанша күш салғанымен осындай адамдарға тығырықтан шығар жолды көрсете алмады. Алайда, оның тар ауқымды Мәселелер саласында қол жеткен табыстары да айтарлықтай. Мысалы, жалқы сана, адам психологиясы, шығаннан шыққан жағдайлардағы адамдардың мінез — құлқы, тыныс-тіршілігі хақындағы ізденістері әлі де талай ғылыми зерттеулерге арқау боларлық.

Рахмет ретінде жарнаманы басыңыз!