Исламдық орта ғасырлық мадениет слайд,презентация — Тарих

0

Исламдық орта ғасырлық мадениет слайд,презентация

 

 

 

  Мұсылмандық философияның ең бірінші түрі КАЛАМ деп аталады.  Xғ мұсылмандық (Батыс және Шығыс) перипатетизм(аристотелизм) дамыды. Мұсылмандық философияда маңызды орынды мистикалық философия(суфизм) иеленді. Калам VIII-XV ғ мұсылмандық философиядағы ағымның атауы(арабтың “калам” сөзі “әңгіме”, “ойтолғау” мағынасын береді). Каламды жақтаушылар мутакаллимдер деп аталады. Каламды жақтаушылар мутакаллимдер деп аталады. Каламды “мұсылмандық схоластика” деп атауға болады: калам исламдағы діни идеаларды рационалды тұрғыдан негіздеудің алғашқы талпынысы. Ортағасырлық дәуірдегі европалық схоластика сияқты, калам да мұсылмандық мәдениетте “құдайтанудың қызметшісі” рөлін атқарады. 
 Калам да христиандық философия сияқты, антикалық философияға екіұдай қатынасты ұсынады: мұсылмандық ойшылдардың бірі антикалық философияны білу-діни сенім ақиқаттарын терең түсіну үшін қажет деп санаса, екіншілері философияны білу қажеттінің бәрі Құран деп сенді. Араб авторларының бірінде калам туралы: “калам – философтардың метафизикасын терістеу үшін – Құдай, оның атрибуттары және ислам заңдары бойынша болуы мүмкін, нәрселердің шарттары туралы ілім” деген анықтама берді.
Каламның даму тарихы мынандай кезеңдерге жіктеледі:
Алғашқы кезең (VII соңы-VIII ғ басы аралығы). Өз дамуының алғашқы кезеңінде калам мұсылмандық құдайтану шеңберінде дамыды. Бұл кезеңде иудаизм мен христиандық діндер өкілдерімен жүргізілетін полемика маңызды орында. Кең талданатын орталық мәселелерге мыналар жатады:
Үлкен және кіші күнәлар мәселесі. Олардың ара-жігін ажырату және ұлы күнә жасаған адам статусы, яғни содан кейін де ол мұсылман болып қалама?
Құдіреттің жазуы-ислам догматтары бойынша Алла әрбір адамның тағдырын ол туылғанға дейін белгілеп қояды. Құдіреттің жазуын мойындау адамның өзі жасаған әрекеті мен күнәләрі алдыңдағы жауап кершілік туралы мәселе қояды: “Адамның күнәға бататындығы Алланың жазуы болса, сол үшін адам жауапта ма? Жоқ па?”

 

 

 

 

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!