Халықаралық валюта қоры (ХВҚ) – Ақша, кредит және банктер – Рефераты на казахском языке – Библиотека

0
117

ХВҚ 1944 жылы өткен Бреттон-Вуд (АҚШ) валюта-қаржы конференцияның шешімімен БҰҰ (ООН) ның арнаулы органы ретінде ашылып, ол өзінің жұмысын 1947 жылдан бастады.

ХВҚ – ол үкімет аралық валюта – қаржылық ұйым, оның мақсаты өзінің мүше – мемлекеттер арасындағы валюталық қатынастарды реттеу, төлем баланстарының тапшылығын жабу үшін оларға қысқа және орта мерзімде шетел валютасымен кредит беру. Алдымен ХВҚ мүшелері болып 35 мемлекет енді, 2006 жылы оның саны 184-ке жетті. Қазақстан соған мүше болып 1992 жылы енді.

ХВҚ – өзінің құрылымы жағынан акционерлік қоғамға ұқсайды. Сондықтан оның қызметіне әр елдің жарлық қорына қосқан үлесіне (квота) қарай әсер етеді. АҚШ онда ең көп квотаға ие, сондықтан оның банктың саясатына ықпалы жоғары.

Мәселені шешуде дауыс берудің өзара келістіру принциптері де сол жарна қорындағы әр елдің үлесіне байланысты: 24 өте дамыған елдің (олар жалпы мүше елдердің 14% ) үлесі 60% дауыс иеленеді, оның ішінде АҚШ – 17,7%, ЕО елдері 26,2%, Жапония – 7%.

Мүше елдердің қор капиталына үлесі (взносы) 2 бөліктен тұрады:

  1. әр елдің квоталарының 25% немесе оның алтын валюта резерв қорының 10% шамасы алтын түрінде;
  2. квотаның қалған бөлігі ұлттық валюта түрінде болуы керек.

Квотаның мөлшері әр елдің экономикалық, қаржылық жағдайына қарай белгіленді, ол әрбір 5 жылда қайта қаралып отырады.

ХВҚ капиталы өзінің мүше елдерінің арасындағы валюта қатынастарын реттеп отыруға, уақытша қаржылық қиыншылық көріп отырған елдерге кредит беруге пайдаланады. ХВҚ-ның штаб – пәтері (квартирасы) Вашингтон қаласында – қорға ең көп үлесі бар елдің астанасында.

ХВҚ-ның басқару органы – губернаторлар кеңесі, оның құрамына әр елдің өкілдері (қаржы министрі болмаса орталық банктердің басқарушылары). Губернаторлар кеңесі жылына бір рет жиналады.

Оның міндетіне төмендегілер кіреді:

  • кредит валюталық қатынастарды реттеу туралы ұсыныстар әзірлеу;
  • дамып келе жатқан елдерге экономикалық реформаларды өткізуге кеңес беру;
  • қорға жаңа мүше қабылдау, квотаны озгерту, берілген кредиттерді тиімді пайдалану мақсатында инспекторлық бақылау жүргізу, т.б.

Күнделікті оперативтік жұмыстарды жүргізу үшін директорат сайланады, ол 24 директордан тұрады, оның 7 квотада ең көп үлесі бар дамыған елдер сайлайды, ал қалған 17-ін географиялық жағдайымен сайланады.

Директоратты – реттеуші директор басқарады.

ХВҚ-ның жалпы қызмет ету адам персоналының саны -2000. Жұмысқа конкурспен қабылдайды.

Төлем балансына тапшылығы (дефициті) бар мүше-елдер ХВҚ-дан 3-5 жыл мерзімге шетел валютасымен кредит алуына болады. Оны ез валютасына айырбастап алуына да болады. Ешқандай тежеусіз мүше-елдер өз квотасының 25% мөлшеріне дейін шетел валютасымен кредит алуына болады. Мұндай кредиттер ХВҚ-ның резервтік позициясы деп атайды.

Ал осы резервтік позициядан жоғары кредит беру керек болса ХВҚ сол елдің валюта-экономикалық жағдайын зерттеп барып, одан инфляцияны төмендету және бюджет тапшылығын қысқарту үшін кейбір шараларды жасауды талап етеді.

Осылардың сыртында ХВҚ өз мүшелеріне стэнд-бай (техникалық көмек) түрінде қосымша кредит береді, сол сияқты, егер материалдың, шикізаттың қымбаттауынан, экономикада құрамдық өзгерістер салдарынан төлем балансы тапшылық болған жағдайда өтемақылық (компенсациялық) кредиттерін де береді.

ХВҚ өзінің қаражатын көбейту мақсатында арнаулы қорлар құрады, ондайға мұнай, сенім қорлары, Виттен қоры т.б. Осы қорлардың есебінен мұнайдың бағасы тым көтерілгенде мұнайды импорт жасайтын елдер көмек алып тұрады, ал дамып келе жатқан елдер ондай көмекті жеңілдеткен түрінде алады.

ХВҚ-ның кредиті ақылы және шартты. Кейде ХВҚ қатаң шарттары кредит алушы елдердің ұлттық мүдделеріне қарсы келуі мүмкін, экономиканың төмендеуіне әсер етуі мүмкін, сондықтан да көптеген елдер оның кредитін алудан бас тартады.

Шығыс Еуропаның кептеген елдері, Кеңес Одағының бұрынғы республикалары, оның ішінде Қазақстан, ХВҚ-ның көмегін, кредиттерін алып, экономикасына реформа жасауға пайдаланды.

  1. Нарық шаруашылығының қалыптасуы жағдайында тұрақты экономикалық өсу және төлем балансының қалыпты жағдайын қолданып отыруға бағытталған шаруашылық мақсаттар мен саясаттар