Халықаралық есеп айыру – Ақша, кредит және банктер – Рефераты на казахском языке – Библиотека

0

 

Халықаралық есеп айыру – әр түрлі елдердің экономикалық саяси, мәдениеттік, дипломатиялық, соғыс қатынастарынан туатын ақшалай міндеттемелер мен талаптардан туатын төлемдерді реттеу.

Ондай қатынастар үкіметтер, заңды және физикалық тұлғалардың арасында болады. Негізгі қатынастарға сыртқы сауда, қызмет көрсету, кредит және инвестиция жатады.

Есеп айырысу негізінен қолма-қол ақшасыз, төлем құралдарын бір шоттан екінші шотқа аудару түрінде жүргізіледі. Ол үшін шетел банктерімен корреспонденттік келісімдер арқылы корреспонденттік шоттар ашады: лоро (шетел банктердің ұлттық банктерде) және ностро (осы банктың шетел банкте ашқан шоты)

Халықаралық есеп айырысудың бір ерекшелігі ұлттық валюталар өз елінен тыс заңды төлем құралы бола алмайтындықтан жалпы барлық мемлекеттерге бірдей заңды төлем құралының жоқтығы. Сондықтан халықаралық есеп айырысуда девиз пайдаланады.

Девиз — халықаралық есеп айырысуда әр түрлі төлем құралдарының өкілі ретінде пайдаланатын шетелдік валютадан тұратын төлем құралдары. Оларға векселдер, чектер, аударымдар, банктік карточкалар, аккредитивтер, төлем бұйрықтары және т.б. жатады.

Коммерциялық аударма вексельдер (тратталар) — экспорттардың шетел импорттарға белгілі бір мерзімде көрсетілген ақшаны аударуға банкке берген жазбаша бұйрығы.

Банктік вексельдер – тратталары – елдің банктерінің шетелдік банк – корреспонденттеріне аударымдары. Бұлар жоғарыдағы вексельдерден айырмашылығы, олар коммерциялық вексельдерден гөрі кең айналымға шыға алады.

Мұндай вексельдерді ұлттық банктерден сатып алып, импортерлер экспортерге жіберіп, өздерінің үлес міндеттемелерін жаба алады.

Аударымдар – шетелге поштамен телеграфпен аударылатын аударымдар.

Банктік чек – банк – корреспондентке банктің чекте көрсетілген соманы чек иесіне аудару туралы жазбаша бұйрық.

Банктік карточкалар (кредиттік, пластикалық, т.б.) — өзінің иесіне көрсетілген соманы шетелден тауар сатып алғаны және қызмет көрсету үшін төлем жасауға рұқсат беретін ақша құжаттары.

Халықаралық есеп айырысуда 1999 жылдан бастап доллармен қатар ЕО ортақ валютасы – еврода кеңінен қолданыла бастады.

Алтын халықаралық есеп айырысуда тек бір төтенше жағдайда (соғыс, саяси және экономикалық кризис, т.б.) әлемдік төлем құралы ретінде пайдаланылады.

Мемлекеттер керек жағдайда өздерінің алтын валюта қорын кезекті шетел валютасына сатып өзінің халықаралық міндеттерін орындай алады.

Халықаралық есеп айырысу формалары негізінен ұлттық есеп айырысу формасына ұқсас. Бірақ кейбір қауіптерге (риск) байланысты ерекшеліктері бар. Олар: 1) экспортерлер, импортерлер және олардың банктері есеп айырысуға қатысты құжаттарды әзірлеуде, оны орындауда, төлеуде бір-бірімен белгілі бір қатынаста болады;

1) халықаралық есеп айырысу әдетте, құжаттамалық сипат алады (документарный характер), яғни құжаттарға қарсы жүреді:

а) қаржылық (вексельдер, чектер, төлем қолхаты) құжаттарға;

ә) коммерциялық (шот – факторлар, жүк құжаттар, коносаменттер (теңіз, ауа тасымалында пайдаланатын жүк құжат), квитанциялар, сақтандыру полистары) құжаттарға.

Халықаралық есеп айырысу формалары болып инкассо, аккредитивтер, ашық шот арқылы, аванс төлемі, вексель, чек, банктік карточкалар табылады.

Инкассо формасы — банктік шот иесінің тапсыруы бойынша оның импорттарға арттырылған жүктері (тауарлары), жасаған қызметтері үшін төлемдерді құжаттар арқылы алып, экспортер шотына қабылдайтын банкалық операция. Бұл форманың техникалық жағын қарасақ экспортер келісім бойынша импортерге жүкті арттырғаннан кейін банкке жүктің құжаттарын тапсырып, көрсетілген соманы импортерден алуға тапсырыс береді, яғни банкке құжаттарды инкассоға қояды. Импортер құжаттарды банк арқылы алып, оны төлеуге келісім береді (оны белгілі бір мерзім ішінде төлеуден бас тартпаса, келісім берілді деген) содан кейін банк сол соманы экспортер шотына аударады. Міне осымен құжаттық инкассо вексельдерден, чектерден және басқа құжатты инкассодан айырмашылығы.

Аккредитивті форма – банктің өзінің клиентінің өтініші бойынша құжатты (аккредитивті) үшінші тұлғаға (бенефициарға) төлеу міндеттемесі. Аккредитив инкассо формасына қарағанда төлемнің уақытында өтуіне кепілдік береді.

Ашық шот арқылы – экспортер мен импортердің арасында тығыз байланыс болғанда, тауарлар тұрақты арттырылып отырғанда импортердің мерзімді уақытта осы шот арқылы алынатын кредит арқылы төлем жасап есеп айырысуы. Мұндай есеп айырысу импортер үшін өте тиімді.

Аванстық төлем – тауардың төлемін импортер алдын ала аванс төлеу арқылы өткізуі. Бұл экспортер үшін тиімді, сенімді кепілдік беретін форма. Әлемдік тәжірибеде мұндай жолмен 10%-тен 40%-ке дейін келісімдер жүргізіледі. Бұл жағдайда әрине товар алушы импортер тауарды мерзімді уақытта, сапалы түрде ала алмайтын қауіп бар. Бұл жағдайда экспортердің тазалығы мен сенімділігіне сену керек. Егер аванстық төлем 100% болса, оған сол елдің үкіметі кепілдеме беруі керек, болмаса сол елдің валюталық қатынастарды реттейтін заңда авансты төлемдер 100% рұқсат етілуі керек.

Вексель, чектер, банкілік карточкалар арқылы есеп айырысу халықаралық есеп айырысуда жәй және аударымдық вексельдер пайдаланылады. Вексельді импортер болмаса банк төлейді.

Аударымды вексельдер арқылы төлем халықаралық есеп айырысуда жалпы белгілі бір ережемен жүргізіледі.

Банктік тратталар арқылы төлем жасау үшін банк чек жазып береді. Мысалы, елдің банкі жазып берген банктік тратта шотына төлем сомасы көрсетіледі, оған чек жазылады. Шетелдегі тауар жіберушілерге (поставщиктерге) өзінің берешегін банктік тратталар арқылы төлем былайша жүргізіледі: мысалы, британдық фирма Франциядағы экспортерге франкпен банктік тратта арқылы төлегісі келсе, ол өзінің корреспондент банкісіне банктік тратта жазып беруге тапсырма береді. Онда «спот» курсы арқылы франк сатып алып стерлингтік эквивалентімен оған комиссиялық шығындарын қосып оның шотының дебет жағына жазуына өтініш білдіреді. Содан кейін барып франк валютасымен банктік тратта жазылады да Франциядағы экспортерге банк – корреспондент арқылы жіберіледі. Сонымен қатар бір уақытта британдық банк авиа поштамен франциялық банкті тратта ашылғанын, ондағы соманы өз шотынан шығарып экспортер шотына аудару туралы өтінішін хабарлайды.

Банктік тратталар тәжірибеде кең пайдаланылады, бірақ ол ұзақ уақытта жүреді, сондықтан төлем жылдам уақытта жүргізу керек болса, онда басқа формалар пайдаланылады.

Пошталық аударымдар – бір банктің шетелдегі екінші банкке жіберген жазбаша төлем бұйрығы (платежное поручение), онда көрсетілген соманы импортердің шотынан алып (бенефициарға) аударуын өтінеді. Төлем бұйрығы жауапты тұлғалармен қол қойылып не үшін аудару керек екені көрсетілген.

Бұл пошталық аударымды бұйрық берген банк авиапошта арқылы шетел банкісіне жеткізіледі. Бұл банкте бұйрық беріп отырған банктың шоты болуы керек, содан төлем жүргізіледі.

Пошталық аударымның банктік траттадан айырмашылығы, бірінші құжаттарды банктен банкке жіберіледі, ал екіншіде — банктің клиенті тауар арттырушыға өзі жібереді. Пошталық төлем авиапошта арқылы жіберілгеннен кейін траттаға қарағанда жылдам.

Телеграфтық аударымда төлем бұйрықтарын жіберуде пошталық аударымдар сияқты жүреді, бірақ оның нұсқаулары телеграфпен болмаса телекспен жіберіледі, сондықтан да жылдам, бірақ төрлеушіге қымбатқа түседі.

Үлкен сомадағы төлемдер әдетте телеграф арқылы болмаса SWIFT жүйесімен жүргізіледі.

Телеграфтық аударымның пошталықтан артықшылығы төлемді кешіктіру болмаса пошта арқылы нұсқаулардың жоғалып кету қаупі жоқ. Бірақ нұсқаулардың шындығын тексеру қажет болады. Пошталық аударымның нұсқаулардағы қолдардың шындығын тексеру қиын емес, ал ол үшін — телеграфтық аударымда қосымша «бақылау кілттер» «кодтар» пайдаланылады. SWIFT жүйесі халықаралық ақша аударымдарға және халықаралық ақша жылдам (экспресс) аударымдарға жатады. SWIFT – халықаралық банкаралық телекс арқылы қаржылық есеп айырысу ұйымы. Бұл ұйымның басты офисі Брюссель қаласында. Мұны шетелдік банктер өз үлестерін қосып ұйымдастырған, оның мақсаты сол елдер арасындағы есеп айырысуды тиімді жылдам жүргізу. Өз жұмысын компьютер, телекс басқа да қазіргі заманның ұйымдастыру техникасын пайдалану арқылы жүргізеді. Бұл жүйені кеңінен пайдалану арқасында пошталық, телеграфтық аударымдар ауқымы тарыла түсуде.

Халықаралық есеп айырысуда халықаралық ақша тапсырмасы (денежное поручение) пайдаланылады. Бұл құжатпен бір елден екінші елге ұзақ ақшалай аударымдар пошта агенттіктері болмаса халықаралық банктер арқылы жасалады. Тек ұсақ ақшалар аударылатын болғандықтан халықаралық ақша тапсырмалары экспортердің өтінішімен аванстық төлемдер жасауға ыңғайлы.

Халықаралық есеп айырысу жүйесі байланыс, компьютер техникасының дамуы арқасында өте жоғары сатыда дамуда. Елдердің бір-бірінен қашықтығына және әр елдің өздерінің ұлттық валюталары әр түрлі болуына қарамай тауар, қызмет көрсету, басқа да қарым-қатынастар үшін халықаралық есеп айырысу ете жылдам, тиімді өткізіледі.

 

 

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз