Халықаралық кредит-2 — Ақша, кредит және банктер — Рефераты на казахском языке — Библиотека
Халықаралық кредит, кредиттің бір түрі ретінде, шетел валютасымен және тауар түрінде берілетін кредитке негізделген халықаралық экономикалық қатынастар аясындағы ссуда капиталдың қозғалысын бейнелейді. Ол қайта қайыру, ақылы, мерзімді және қамтамасыз принциптеріне негізделген.
Кредиттік қатынастардың субъекттері болып үкіметтер, банктар, халықаралық валюта — кредиттік институттар, жеке кәсіпорындар болып саналады.
«Халықаралық кредит» түсінігі «кредит капиталының әлемдік нарығымен» тығыз байланысты. Соңғысына ұлттық кредит капиталының нарығы, қолма — қолсыз шетел валютасымен жүргізілетін депозиттік — кредиттік операциялар нарығы кіреді.
Кредит капиталының әлемдік нарықтың қазіргі дамуы XX ғасырдың 80-жылдарынан басталады. Міне осы уақыттан бастап интернационалдандыру мен интеграцияның тереңдеуіне байланысты кредит капиталының қозғалысына ұлттық нарықтарда тежеулер бәсеңсіп, болмаса таза алынып тасталды, ұлттық кредиттік механизмдер унификацияға (сәйкестендіру) келістірілді, ұлттық нарықтармен еуро нарығының айырмашылықтары жойыла бастады.
Ссудалық капиталдың қозғалысының мерзіміне қарай нарықтың үш секторын бөлуге болады: әлемдік ақша нарығы, орта және ұзақ мерзімді кредит нарығы және қаржы нарығы.
Соңғы 10 жылда халықаралық кредит — қаржы қызметінің түрлеріне қарай әлемдік қаржы орталықтары мамандандырылды. Батыс Еуропада Лондон — евровалюталық операциялар, қорлық құндылықтар, фьючерстік келісімдер орталығы; Цюрих — халықаралық капиталдар, алтын басқа да құндылықтар орталығы; Люксембург — ұзақ мерзімді қарыз алу және қор биржалар орталығы; Сингапур — Оңтүстік Шығыс Азияның қор жинақтаушы нарық орталығы; Гонконг — халықаралық бірлестік (синдицированное) кредиттеу орталығы, Нью-Йорк әлемінің халықаралық валюталық (долларлық), кредиттік, қаржылық операциялар және алтын мен қорлық құндылықтар нарығының орталығы.
Халықаралық кредит экономикалық категория есебінде 3 функция атқарады: қайта бөлу, айналым шығындарын үнемдеу, капиталдың орталықтандыруына және шоғырлануына жағдай жасау.
Кредит капиталын қайта бөлу елдердің арасында кеңейтілген, ұдайы өндірісті қамтамасыз ету және пайда мол алу үшін жүргізіледі. Бұл жағдайда кредит ұлттық пайданы ортақ пайдамен теңестіреді және пайданың көлемін (массасын) өсіреді.
Халықаралық кредит өндіргіш күштердің дамуын тездетіп, қоғамдық өндірістің көлемін ұлғайтып, оның тоқтаусыз жүруін қамтамасыз етеді.
Халықаралық кредиттің екінші функциясы қолма-қол валюталық айналымды халықаралық есеп айыру аясында халықаралық кредиттік операциялармен ауыстыруға, қолма-қол валютасыз есеп айырысуды дамытуға байланысты. Қолма-қол валюталарды кредиттік құралдармен: вексельмен, чектермен, траттармен, аударымдармен т.б. ауыстыру жүргізіледі. Соның арқасында айналым шығындарына үнем (экономия) болады.
Капиталды орталықтандыру және шоғырландыру функциясы — халықаралық кредит жаңа фирмалар, компаниялар трансұлттық компаниялар (ТҰК) мен монополиялар құрылуына жағдай жасайды. Экономикасы күшті дамыған елдер, әсіресе АҚШ халықаралық кредитті дамып келе жатқан елдерге агрессивті экономикалық саясат жүргізуге, жаулап алу үшін тиімді жағдай жасау үшін пайдаланылады. АҚШ монополиялық халықаралық кредит беруші болып есептеледі, ол халықаралық валюта — кредит институттарға өзінің шарттарын орындатады.
Сонымен халықаралық кредит екі жақты роль атқарады. Бір жағынан, ол үдемелі өндірістің тоқтамауын қамтамасыз етеді, елдердің өндірісін және саудасын халықаралық интеграцияға, халықаралық еңбек бөлуін тереңдетуге, сол сияқты жаңа дамып келе жатқан елдердің экономикалық реформаларын тездетуге ықпал жасайды, ал екінші жағынан қоғамдық ұдайы өндірістің үйлесімсіздікке (диспропорция), елдер арасында экономикалық дамуының алшақтануына шетел кредиторларының бәсекелестікте позицияларын одан әрі күшеюіне жағдай жасайды.
Халықаралық кредит төмендегі белгілеріне (принзнаки) қарай бөлінеді:
- көздері (источники) бойынша: сыртқы сауданы ішкі кредиттеу, сыртқы сауданы сырттан кредиттеу;
- берілу мақсатына (назначение) қарай: коммерциялық (тауарлық), қаржылық (күрделі қаржы жұмсалымы, құрылыс), аралық (капиталды, тауарды, қызмет көрсету сияқты аралас түрі);
- түріне (форма) қарай: мерзім сыртында (бір тәуліктік, бір жетілік, үш айға дейін), қысқа мерзімге (бір жылға дейін), орта мерзімге (бір жылдан бес жылға дейін), ұзақ мерзімге (бес жылдан жоғары);
- қамтамасыз ету (обеспечение) жағынан: қамтамасыз етілген (тауарлы құжаттармен, бағалы қағаздармен, қозғалмайтын мүліктермен т.б.) балансты (кредит алушының міндеттемесімен);
- ұсыну тәсілімен: қолма-қол (кредит алушының шотына), акцептелген (импорттардың болмаса траттаны төлеуге банктің келісім бергенде, депозиттік сертификаттар, облигациялық займдар);
- кредитордың (кредит берушінің) қойған шарттары бойынша: фирмалық (жеке меншіктік), банктік, мемлекеттік, халықаралық валюта — кредиттік ұйымдарының кредиті.
Халықаралық кредиттің негізгі қызметінің түрі сыртқы сауданы кредиттеу. Оған экспорт пен импорт кіреді. Оны кредиттеу фирмалық ( тауарлық) және банктік кредит түрінде болады.
Фирмалық кредит экспортердің шетелдік импортерларға 7 жылға дейін тауарлар төлемін кейінге қалдыру түрінде, ал импортерлардың экспортерларға тауарлар үшін төлем авансы түрінде беріледі. Соңғысы вексель түрінде, болмаса ашық шот түрінде (экспортер үшін арнаулы шот ашады) құжаттанады.
Вексельдік кредит бергенде экспортер импортерға ауыстыру вексель (тратта) береді. Ол тауардың құжаттарын алғанда төлемге келісім беруі керек. Егер импортер мен экспортердің арасында тұрақты және сенімді қатынас болса, онда кредиттеу ашық шот ашумен жүргізіледі. Бұл жағдайда екі жақ келісім жасайды, онда тауарды сатып алушы белгілі бір уақытта экспортер сатқан тауары үшін пайда болған оның (импортердің) қарызын төлеп отыруы белгіленеді.
Фирмалық кредитке импортердің экспортерге тауар үшін төлейтін төлем аванстарында жатқызуға болады.
Халықаралық кредиттерді коммерциялық банктер экспортерлермен импортерларға төмендегі түрде береді:
- тауар-материалдық кұндылықтар үшін;
- жолда келе жатқан тауарлар үшін;
- импортер — елдерге қойылған тауарлық құжаттар үшін;
- фирма — экспортерлердің банктерден алатын қамтамасыз етілмеген (необеспеченные) тауарлар үшін, егер елдердің арасында ұзақ уақытқа іскер байланыстары болған жағдайда;
- акцепный (төлеуге келісім берген) кредит — импортердің банкісі траттасын төлеуге келісім берген, акцепт түрінде;
- акцепт — рамбурстық (төлемді банк арқылы төлеуге келісім) кредит — импортерге қызмет ететін банкінің кепілдігін алғаннан кейін экспортер банктың вексельді акцептеуі (оны төлеуге келісім беруі)
XX ғасырдың 70-жылдардан бастап экспортты кредиттеудің жаңа формалары пайда болды. Олар: қайталанатын кредиттік линия, факторинг, форфейтинг, лизингтік кредиттер.
Факторинг — тауар төлемінің уақыты болғанға дейін арнаулы қаржылық компаниялардың импорттарға экспортердің қойған ақша талаптарының 70-90%-ға дейінгі сомасын сатып алуы.
Факторингтік компаниялар экспортерларға 120 күнге дейін кредиттейді. Осының арқасында экспортер әр түрлі тауар сатып алатын импортерлардың орнына тек факторингтік компаниялармен қарым-қатынаста болады.
Факторинг — бұл тауарлық операциялардағы қауіпті (рискті) форфейтерге болмаса банкке беру тәсілі. Форфейтингілеу — келісімнің толық мерзіміне банктің болмаса форфейтердің алдын — ала келісілген шарттар бойынша вексельдерді (траттаны) және басқа да тауарлы — қаржылық құжаттарды сатып алуы. Форфейтинг — орта мерзімді коммерциялық кредиттеудің бір кезі болып табылады.
Форфейтинг арқасында экспортердің балансы қысқарады, талаптардың төлеу мерзімін қысқартады, айналым шығындарын азайтады. Ол өндірістік құрал-жабдықтарды ірі сомаларға төлемдерін 5-7 жылға дейін кейін қалдырын сатып алғанда пайдаланылады. Бірақ бұл сенімді ірі банктің вексельдерді қайта есептеуге кепілдігі (гарантиясы) болған жағдайда жүзеге асады.
Лизинг — бұл қозғалатын және қозғалмайтын мүліктерді (құрал-жабдықтар, машиналар, самолеттер, кемелер т.б.) арендаға беру келісімі. Ал лизингтік кредит сол аренда үшін кредит. Лизингтік кредиттің мерзімі ұзақ — 3 жылдан 15; кейде 20-25 жылға дейін.
Келісімнің объектісін жалға алушы (арендатор) белгілейді, ал жалға беруші (арендодатель) лизингтік компания оны өзі сатып алады. Лизингтің мерзімі біткеннен кейін арендатор аренданы жеңіл шартпен әрі қарай жалғастыруы мүмкін, болмаса мүлдем қалған сомасымен сатып алады.
Лизинг кредит алудың бір тәсілі, сыртқы нарықта тауардың қозғалысын (сатылуын) жеңілдетеді.
Халықаралық кредиттің бұл формалары халықаралық сауданы, экспорт-импортты операцияларды ынталандырады. Халықаралық есеп айырысуды тездетеді.
Халықаралық кредиттің негізгі көздері болып — банкаралық депозиттер, валюта — кредиттік ұйымдардың үлестері, олардың пайдалары, дамыған елдердің үлестері (донарлық) және еуро долларлық депозиттік сертификаттар саналады.
Негізгі әлемдік кредиторлар болып: халықаралық валюта — кредиттік ұйымдар (ХВҚ, ЕДҚБ, АҚБ, ИДБ, ӘБ), Париж және Лондон клубының мүшелері дамыған әлемдік елдер жатады.
Париж клубына әлемнің кредитор мемлекеттерінің үлкен тобы кіреді. Егер берешек — ел өзінің тікелей балансын қалыптастыруға мүмкіншілігі болмаса, онда осы клуб егер өз жағдайын ХВҚ көмегімен дұрыстауға бет алған шаралар жүргізе бастаса оған ұзақ мерзімге үкіметтің кепілдемесінсіз кредит береді.
Лондон клубына 600-ден астам банктер кіреді. Оған Кеңес Одағынан кейінгі республикаларға үкіметтің кепілдемесінсіз кредит берген мемлекеттер кіреді.