Шағын кредиттік ұйымдар – Ақша, кредит және банктер – Рефераты на казахском языке – Библиотека

0
17

Шағын кредиттік ұйымдар 6 наурыз 2003 ж. ҚР «Шағын кредиттік ұйымдар» туралы заңына байланысты қатысушы-мүшелердің жарналары және өзінің капиталы есебінен кредиттендіруді жүзеге асырады.

Осындай ұйымдарға кредиттік кооперативтерді жатқызуға болады және де олардың қызметі ҚР «Кредиттік кооперация туралы» заңымен іске асырылады.

Бұл ұйымдардың клиенттері негізінен тек қана ұсақ кәсіпкерлер, фермерлер мен кооперативтер болып табылады.

Шағын кредиттік ұйымдар (ШКҰ) – 6 наурыз 2003 ж. ҚР «Шағын кредитті ұйымдар туралы» заңымен белгіленетін тәртіпте шағын кредиттерді беру бойынша қызметін жүзеге асыратын заңды тұлға.

Шағын кредит – шағын кредиттік ұйымдардың осы заңның шартында қарыз алушыға ақылылығы, қайтарымдылығы, мерзімділігі және көлемі (мөлшері) мен тәртібі белгіленген ақша қаражаты.

Шағын кредиттік ұйым қарыз алушы адамға бір айлық есептік көрсеткішінің мың еселік мөлшерінен аспайтын, алайда ШКҰ меншік капиталы 25% мөлшерінен көп емес шағын кредиттер ұсынады.

ШК құқы бар:

  • қамтамасыз етілген немесе қамтамасыз етілмеген түрде шағын кредиттер беру, соның ішінде берілген шағын кредитке мүлікті кепілге қабылдауға;
  • берілген шағын кредит туралы келісімшарт бойынша міндетті орындау үшін қарыз алушыдан мәлімет сұрауға.

Коммерциялық шағын кредиттік ұйым шаруашылық серіктестігі нысаны ретінде, ал коммерциялық емес ШК — қоғамдық қор нысаны ретінде құрыла алады.

Коммерциялық емес ШКҰ (шағын кредит ұйымы) шағын кәсіпкерліктің субъектісі болып табылатын және оларға қаржылай қолдау көрсететін, заңды және жеке тұлғалардың қызметін ынталандыруға бағытталған міндеттерін айрықша қамтамасыз етудің мақсатымен құрылады.

Осы мақсатқа жету үшін коммерциялық ШКҰ шағын кредит беру бойынша кәсіпкерлік қызметін жүзеге асыруға, сонымен қатар қосымша қызмет түрлерін де іске асыруға құқылы. Оның тапқан табыстары оның мүшелері арасында үлестірілуге тиіс емес, ол табыс өзінің активін көбейту үшін бағытталады.

ШКҰ құнды қағаздар шығаруға тыйым салынады. ШКҰ құруға қатысушылардың барлығының салымдары мен жарғылық капиталының ең аз мөлшері шамадағы айлық есептік көрсеткішінің мың еселік мөлшерінен кем болмауы керек.

Берілетін шағын кредиттің тәртібі мен жағдайын берілетін шағын кредиттің ережесімен белгіленеді. Ол берілген шағын кредит келісімшартымен және ШКҰ жоғарғы орғанының бекітуімен белгіленеді.

ШКҰ өзінің шаруашылық – қаржылық қызметін бақылауды жүзеге асыру үшін, ішкі бақылау қызметі құрылады.

ШКҰ берілетін шағын кредит қызметіне қосымша келесі қызмет түрлерін жүзеге асыруға құқылы:

  • ҚР резиденттері мен резидент еместерінен гранттар мен қарыздар тартуға;
  • уақытша бос активтерін мемлекеттік құнды қағаздарға, екінші деңгейдегі банктердің депозитіне орналастыруға;
  • кепілдегі мүлікпен мәміле жасасуға;
  • басқа заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысуға;
  • кеңестік қызметтер көрсетуге;
  • лизингтік қызметін жүзеге асыру және т.б.

Әрбір берілетін шағын кредит ШКҰ қарыз алушының тіркеу журналына тіркеледі.

Шағын кредитті алу үшін қарыз алушы құжаттарын ұсынады, оған қарыз алушының кредиттік құжаттамасы (досье) кіреді:

  • шағын кредитті пайдалану мақсаты туралы мәліметтермен қоса арызы, кепіл ретінде ұсынылатын мүлік жөніндегі және кепіл туралы келісімшарты;
  • қарыз алушының құрылтайшылық құжаттарының көшірмесі, жеке куәлігі;
  • берілетін шағын кредит туралы келісімшарт;
  • еңбек ақысының мөлшері жөніндегі анықтама және т.б.

ШНҰ берілетін шағын кредит бойынша әрқайсысына кредиттік құжаттама жүргізу керек.

2005 ж. басында Қазақстанда 2,8 млрд теңге көлемінде кредиттер берілген 157 шағын кредиттік ұйымдар бар деп есептелінді. Бұл Республиканың кредит жүйесінің кредит қоржынындағы тұтастай жиынтығының небәрі 2%-ын ғана құрайды. Дамыған елдердегі бұл көрсеткіш шамамен 20% құрайды.