Сабақ |
Мұғалімнің аты-жөні: А. Жузжасарова Күні: |
СЫНЫП: 8 |
Қатысқан оқушылар саны: |
Қатыспаған оқушылар саны: 0 |
Сабақтың тақырыбы: |
Географиялық қабықтың құрамы мен құрылысы |
Сабақ негізделген оқу мақсаттары |
8.3.5.1. географиялық қабықтың құрамы мен құрылысын графикалық түрде көрсетіп, түсіндіреді |
Сабақ нәтижесі: |
Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады: Географиялық қабық пен оның бөліктері арасындағы байланыстарды анықтау. Табиғат кешені туралы ұғымды қалыптастыру Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады: Географиялық қабық. Табиғат компоненттермен танысады.Оқушылардың кейбіреуі мынаны орындай алады: Табиғат кешендерінің өзіндік ерекшеліктеріне тоқтала отырып, оны қорғау жолдарын қарастыру. |
Бағалау критерийі |
Жер қабықтарының өзара әрекеттесуін тексереді. Географиялық қабық. Табиғат компоненттермен танысады. Табиғат кешенін меңгередіАқпараттың өзектілігін анықтай алады;Өз пікірін өзге пікірімен салыстыра алады |
Тілдік мақсаттар: |
Қарыштап дамиды, ескіліктің ұшқыны, діттеген, мәңгілік, электронды басқару. |
Ресурстар |
Оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар және әртүрлі заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер. |
Әдіс-тәсілдер |
Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік. Рефлексия. |
Пәнаралық байланыс |
Музыка, қазақ тілі. |
Алдыңғы оқу |
Қазақтың киелі домбырасы |
Сабақтың жоспары |
Жоспарланған уақыт |
Сабақ барысы : |
Бағалау түрлері |
Басталуы5 минут |
Ұйымдастыру кезеңі 2 минутТоптарға бөлу. «Қағаз қиындылары»Бірнеше құттықтау қағаздарын топ құрамындағы оқушылар саны бойынша беске, алтыға жыртып, оларды араластырып, оқушыларға таратып беру керек. Оқушылар қиықтарды құрастырып бүтін сурет шығарады. Сол арқылы топтарға бөлінеді. Мұғалім сабақ бастамас бұрын оқушылармен «Салем тәжім би қимылымен»амандасып,.Оқушыларға құралдарын шығарып,сабаққа дайындалуларын сұрауы.Үй тапсырмасын сұрау. Тест 10 – сұрақ1. Жердің тіршілік қабығы:а) гидросфера; ә) литосфера; б) биосфера; в) атмосфера2. Жасыл өсімдіктер не себепті Күн сәулесі энергиясының әсерінен бейорганикалық заттардан органикалық зат түзеді:а) тотығу ә) тыныс алу б) үгілу в) фотосинтез3.Бастапқы өнімді, яғни нәруыз (белок), крахмал және т.б. түзушілер:а) микроорганизмдер; б) биосфералық құрамбөліктерә) бактериялар; в) жасыл өсімдіктер4.Ноосфера терминін енгізген француз оқымыстысы:а) Э.Зюс б) Э.Леруаә) В.И.Вернадский в) А.А.Григорьев5.Биосфера терминін ғылымға енгізген австриялық ғалым:а) Э.Зюс б) Э.Леруаә) В.И.Вернадский в) А.А.Григорьев6.Адам қай қабықтың бөлігі?а) табиғат құрамбөлігінің; б) литосфералықә) биосфералық в) гидросфералық7.Биосфера географиялық қабықтың қандай бөлігі болып саналады?А) организмдер қоныстанған және өзгерген бөлігі;ә) тау жыныстары, су және табиғат құрамбөлігінің ұштасқан бөлігі;б) адамдар мекен ететін орта;в) мантия, ядро және жер қыртысынан құралған бөлігі8.Жердегі организмдер қай қабаттарда таралған?а) жер қыртысы қабатында, гидросферада, топырақ қабатында;ә) литосфераның беткі, атмосфераның төменгі қабаттары мен гидросферада;б) стратосферада, топосферада, гидросфера қабаттарында;в) литосферада, стратосферада, мұхиттарда9.Ең үлкен табиғат кешендерін атаңдар:а) материктер мен мұхиттарә) таулар мен жазықтарб) көл қазаншұңқырлары мен өзен аңғарларыв) теңіздер мен мұхиттар10.Табиғат құрамбөліктерінің қайсысы бір-бірімен тығыз байланысты?а) ауа, топырақ, өсімдіктер, жарықә) тау жыныстары, өсімдік, жануарлар,б) су, ауа,в) ауа, өсімдік, топырақ |
1 «Өзі туралы кластер» тренинг, қағаздар, қалам.
|
Жаңа білім10 минут |
Географиялық қабық Табиғат кешендері Мұхит Құрлық Табиғат компоненттері Жер, су, ауа, топырақ Адам, климат, жануар, өсімдікГеографиялық қабық терминін алғаш рет орыс ғалымы А.А.Григорьев енгізген.Географиялық қабық дегеніміз-атмосфераның төменгі қабаты, литосфераның жоғарғы қабаты, биосфера мен гидросфераның өзара байланысымен әрекеттесу нәтижесінде түзілген табиғат кешені. Географиялық қабық Биосфера Гидросфера Атмосфера Литосфера
|
Оқулық,мәтіндер.
|
Ортасы 10 минут |
«Ыстық орындық» орындық әдісіМәтінмен жұмыс және суретпен жұмыс . «Адасқан хаттар» ойыныАдасқан хаттарды алып,ондағы сөздерді жер қабықтарының қайсысына жататынын конвертке салуМәтінмен жұмыс және суретпен жұмыс1.Географиялық қабық дегеніміз не?2.Географиялық қабықтың құрамдас бөліктеріне не жатады?3.Табиғат компоненттері дегеніміз не?4.Табиғат кешені қалай түзіледі?5.Антропогендік табиғат кешені деген не?6.Табиғи табиғат кешеніне нені жатқызамыз?7. Антропогендік ландшафт түрлерін атаңыз8. Суреттегі табиғат кешендерін сипаттаңыз 7. «Почта» ойыны6 материкте кездесетін табиғат кешенін тауып, конвертке салуАфрика — Сахара, Ніл, Виктория, Килиманджаро, Эфиопия.Солт.Америка –Ниагара, Миссисипи, Лабрадор, Гудзон, МексикаЕуразия-Шығыс Европа жазығы, Мұғалжар, Ертіс, Каспий, БайкалОңт.Америка-Анд, Амазонка, Бразилия, Ла-Плата,ГвианаАвстралия-Эйр, Муррей, Виктория шөлі, Тасмания, Жаңа ГвинеяАнтарктида-Эребус, Антарктикалық шөл, Тасты Антарктика, мұзтаулар, оазис. |
Оқулық,қабырғаға ілінген ватмандар, түрлі-түсті маркерлер
«Ыстық орындық» орындық әдісі, сұрақтар, орындық.
|
Сергіту сәті2 минут |
|
миды шынықтыруға арналған логикалық сұрақтар. |
Аяқталуы Сабақты бекіту10 минут |
Синтез «Ойлан – жұптас – бөліс» әдісі
Бекіту. Геодиктант1. ….. литосфераның жоғарғы бөлігі, атмосфераның төменгі бөлігі, гидросфера, биосфераның өзара әрекеттесуіне қалыптасқан ерекше қабық.2. Географиялық қабықтың құрамдас бөліктері….. деп аталады.3. Географиялық қабық құраушыларына ………. жатады.4. Жер беті аумағының табиғат компоненттерінің жиынтығы….. деп аталады.5. Географиялық қабық. Жер шарының…… болып табылады.6. Тропиктік белдеуде Жер шарының ең үлкен шөлі…….. орналасқан.7. Жер шарының ең ірі табиғат кешені…… болып саналады.8. Географиялық қабықтан кейінгі табиғат кешендеріне….. жатады.Жауаптары:1. географиялық қабық.2. табиғат компоненттері3. Тау жыныстары, ауа, су, топырақ, тірі ағзалар4. табиғат кешені5. ең үлкен табиғат кешені6. Сахара.7. географиялық қабық.8. материктер мен мұхиттар
|
«Ойлан – жұптас – бөліс» әдісі
|
Бағалау
5 минут
Кері байланыс3 минут
|
Бағалау парақшасы Дұрыс жауапқа 5 балл.
«Рефлексиялық шеңбер» Оқушылар шеңберге тұрып, төмендегі сұрақтарға жауап береді.
Сабақ барысында көңіл-күйіңіз қандай болды? Неліктен?
Бүгін не білдіңіз? Сіз үшін не жаңалық болды?
Сабаққа қатысуыңызды қалай бағалайсыз?
Сабақта қандай қиындықтар туындады?
Сабақ аяқталғанда көңіл-күйіңіз қандай? Неліктен?
|
Бағалау парақшасы
Рефлексиялық шеңбер
|
Қосымша ақпарат |
Саралау – Сіз қосымшакөмек көрсетуді қалайжоспарлайсыз? Сізқабілеті жоғарыоқушыларға тапсырманыкүрделендіруді қалайжоспарлайсыз? |
Бағалау — Оқушылардыңүйренгенін тексерудіқалай жоспарлайсыз? |
Пəнаралық байланысҚауіпсіздік жəне еңбектіқорғау ережелеріАКТ-мен байланысҚұндылықтардағыбайланыс |
|
|
|
РефлексияСабақ / оқумақсаттарышынайы ма?Бүгін оқушыларне білді?Сыныптағы ахуалқандай болды?Мен жоспарлағансаралау шараларытиімді болды ма?Мен берілгенуақыт ішіндеүлгердім бе? Менөз жоспарымақандай түзетулеренгіздім жəненеліктен? |
Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз.Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сəйкескелетін сұрақтарға жауап беріңіз.
|
Қорытынды бағамдауҚандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?1:2:Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?1:2:Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымдыжетілдіруге көмектесетін не білдім? |