«ДОМБЫРА – ӘЛЕМНІҢ КҮЙ ҚАЙНАРЫ»

0
279







Ұстаз тілегі сайтында материал жариялап тегін сертификат, алғыс хат және құрмет грамотасын алуға болады. Ол үшін сайтқа тіркеліп материал жариялау керек. Сайт бойынша барлық сұрақтарды 8-771-234-5599 номеріне ватсап арқылы қоюға болады




«ДОМБЫРА – ӘЛЕМНІҢ КҮЙ ҚАЙНАРЫ»

Автор: ТАЖИЕВА ГУЛЬНАР СЕРИКОВНА

Бағыты: Қосымша білім беру Бөлімі: Тәрбие сағаты Сыныбы: 1 сынып

Жарияланған уақыты: 2019-01-17


Материал туралы қысқаша түсінік

ДОМБЫРА ӘЛЕМГЕ ТАНЫЛУЫНА ҮЛЕС ҚОСҚАН КҮЙШІЛЕР




Қазақ халқы «ес жиып, етек-жеңін жинағалы бер» қара домбырамен бірге жасасып келеді. Домбыраның тегі жайлы талай зерттеуші-ғалымдар өз хал-хадерінше тер төкті. Білгендерін ортаға салды.Өнербек Ахметтің айтуынша, Ортағасырлық, әсіресе Түрік қағанаты кезіндегі (VІ-VІІІ ғғ.) көшпенділердің музыкалық мәдениеті туралы құнды құжаттар Нара (Жапония) қаласында Сесоид императорының қазынасында сақталған. Тарихи экспонаттардың ішінде ерекше назар аудартатыны Дунухуадада табылған түріктің ноталық хаты (партитура, табулатура). Бұл Будданың жиырма бесінші сутрасының нотасы, оның әуені қазақтың халық әні “Гәккуге” сәйкес келеді. Ол кезде жапондықтар Шығыс Түркістанның музыкалық аспаптар оркестрін гагаку деп, осы аспаптарда ойнау әдісін билли деп атаған. Бұл сөздер қазақтың гәкку – әуен, музыка, би сөздеріне ұқсас. Ыбырай Сандыбайұлының творчествосы жайлы жазылған кітап “Гәкку” деп аталған. Биллидібилер елі десек дұрысы осы болар.Қазіргі қазақтың жазық даласы орта ғасырларда «қыпшақ даласы» деп аталған. Қыпшақ даласының оңтүстік және батыс аймақтарының халқын орыстар мен поляктар “половцы” (“далалықтар”) десе, батыс еуропалықтар – “кумандар” (“қаз адамдар”) деп атаған. Ол уақытта қыпшақтардың әсері жоғары болған және тілі кең тараған. Бүның айқын дәлелі – “Кодекс Куманикус” (1303 ж.) кітабы. Бұл кітапта бізге келіп жеткен қыпшақ әуендерінің романдық квадрат ноталары түрінде жазылған нота жазбалары бар, олар кейіннен батыс европа музыкасында католиктік хорлар үшін қолданылған.Қазақтың музыкасын зерттеуші Б.Ерзакович “Біздің болжауымыз бойынша “Құман кітабында” қазақтардың музыка тілінің белгілері бар деп сенімді түрде айтуымызға боладыдеп жазған. Оның осы сөзінен біз халқымыздың сазды шартты белгілермен (ноталармен) жазу үрдісінен бұрыннан хабардар болғанын байқаймыз. Біз әннің мазмұнын талдай отырып, қазақтың музыкалық тілінің кейбір элементтерін, атап айтқанда, “Ақсақ құлан” күйі мен “Елім-ай” әнінің әуендерінен байқадық”. Ал, қазіргі кейбір музыка зерттеушілер нота сауаты Қазақстанға ХХ ғасырдың 20-30 жылдары келді деп жүр.Музыкалық аспап – музыкалық терминология мен музыканы толығымен түсінудің негізгі факторы, себебі ол – оның жалғыз “құжаты” және материалдық ізі. Ол бұрынғы тарихты, мәдениетті, халықтың ғасырлық музыкалық салтын танытатын болғандықтан да өте қүнды.Ертеректегі музыка және музыкалық аспаптар жөніндегі әдеби мәліметтер Әбу Насыр әл-Фарабидің (870-950 жж.) “Музыка туралы ұлы трактатында” бар. Мұнда сол уақытта белгілі болған музыкалық аспаптар сыбызғы, домбыра, сырнай, керней, қобыз, канун, уд, цимбал (чанг), тамбур, рабаб, дабыл, даңғыралар сипатталған және жүйеленіп көрсетілген. Сонымен қатар мұнда түрік тайпаларының тұрмысы және жеті ішекті арфа туралы айтылған. Онда ғалымның өзі ойлап тапқан қыпшақ деп аталатын үрленіп ойнайтын аспаптары туралы мәлімет те бар. Біз бұл әрекеттен Әл Фарабидің тегінің қыпшақ екендігін айқын аңғарамыз. Әйтпесе, оның ойлап тапқан аспабы «қыпшақ» деп аталмаған болар еді. Бұл трактатта әл-Фараби музыкалық бұрауларға математикалық дәйектеме беріп, теориясының негізін қалады.Түсініктеме: Атам қазақтың сөз жасау және ата-тек жазу қағидасы бойынша Әл Фараби есімінің алдында тұрған Әл (Ал) сөзін Алаш (Алшын) деп оқысақ дұрысы сол болады. Қазақтың шежіре дерегі бойынша «Қыпшақ» қазақтан тарайды, яғни қыпшақ қазақтың баласы.Қазақ аспаптары туралы құнды мәліметтерді ауыз әдебиетімізде жиі ұшырастырамыз. “Алпамыс батыр” жырында үрлеп тартатын және соғып ойналатын аспаптар: керней, сырнай, дабыл, шыңдауылдың аты кездеседі. Кейбір ежелгі аспаптар халық әндері мен өлеңдерінде, мысалы, “Жетігеннің жетеуінде” дәріптеледі. Жетіген мен домбыра  атаулары Дәуіттің Забурінде (қасиетті төрт Кітаптың бірі) сол елдің ұлттық аспаптары қатарында  аталады.Арал маңындағы Қойқырылған қаласына қазба жұмыстарын жүргізген кезде табылған, қолында қос ішекті домбырасы бар ер адамның күйдірген саз балшықтан жасалған мүсіні біздің дәуірімізге дейінгі ІV-ІІІ ғасырдан қалған екен.“Майтөбе” жайлауынан (Алматы облысы, Жамбыл ауданы) теңіз деңгейінен 2000 метрлік биіктікте орналасқан, ұзындығы 13 километрге созылған жоғарғы тау шатқалындағы көптеген суреттердің арасынан тастан қашалған көне домбыраның суреті табылған. Суретте домбыраның артында бес адамның әртүрлі қимылда билеп тұрған бейнесі салынған. Сурет көне дәуірдің бұл музыкалық аспабы қазақ халқының домбыра аспабынан басқа ешбір музыкалық аспапқа ұқсамайтындығы талас тудырмайтын деңгейде бейнеленген. Аспаптың екі құлағы бар, яғни екі ішекті, ұзын мойны, кеудесі бар, бетін бетқақпақпен жапқан. Домбыраның басына үкі тағылған. Ал домбыраға үкі тағу әдеті бізге күні бүгінге дейін жеткені баршаға мәлім.Белгілі археолог, тарих ғылымының докторы Кемел Ақышев бастаған бір топ ғалымдар тасқа қашалған осы суретті зерттеп, бұл сурет кем дегенде неолит (б.д.д. 4000 жыл) дәуірінде бейнеленген деп тапқан екен. Осы сурет шындығында біздің жыл санауымыздан төрт мың жыл бұрын бейнеленген болса, онда мынадай: «жер бетіндегі ішекті музыкалық аспаптардың арғы атасы қазіргі қазақтың қара домбырасы», – деген.Қазақтың ұлттық музыкалық аспаптарын зерттеу – қазақ мәдениетін үйренудің көзі. Домбыра – қазақ халқының ең сүйікті ұлттық аспабы. Домбыра музыкасы тарихы халықтың тарихымен тығыз байланыста дамыды. Олар табиғат, адам туралы өмірлік тәжірибені жеткізе отырып, бір ұрпақтан екінші ұрпаққа жеткізіп отырды.Қазақстан территориясында б.д.д.VІІ-ІV ғғ. өзінің артынан рухани, әсіресе қолданбалы өнер, ауызша және музыкалық творчествосында бай мұра қалдырған сақ тайпалары өмір сүрген. Сақтар кезінде, әсіресе, сыбызғы мен домбыра кең таралған болатын. Олардан біздің дәуірімізге дейін жеткен және халық арасында әлі күнге дейін танымал ежелгі күйлер ішінен “Шыңырау”, “Аққу” және т.б. атауға болады. Қазіргі қазақтың бесік жырлары, олардың әуені, ритмикасы бастауын сол уақыттардан алады. Ғылыми зерттеулердің дәлелдеуі бойынша қазақтың ысқышпен ойналатын аспабы – қобыз сақтарда да болған.Сақтардың тегі Қаз Адайдың Ақпаны. Шежіре дерегі бойынша Адам ата ұрпақтарының бесінші буынын құрайды, яғни олардың сандық атауы бес. Бес деген бағаның ақиқатқа қойылатынына қандай дау бар. Олар әлем тарихында Аққад деген атпен де белгілі. Сақтың сөз түбірі (өз түбі, яғни түп атасы) Ақ (осы түбірден ақиқат, аға, ағаш, ақыл, ақын т.т.) болатыны осыдан. Сөз түбірі жаңылыспайды.Б.д.д. ІІІ-ІІ ғғ. Ғұндар (Күндер, Күн елі)  әлемдегі қуатты мемлекеттердің бірін құрған. Ежелгі қытай жазбаларында Ұлы Қытай қорғанының артындағы мемлекеттер ғұн қағанатының билігінде болған деген мәліметтер сақталған. Алтай тауларынан Арал теңізіне дейінгі елді мекенді жайлаған ғұн тайпалары бір тілде, яғни қазіргі қазақтың Ана тілінде сөйлеген. Олар тек тамаша жауынгер ғана емес, сонымен қатар, олардың арасында талантты ақындар, музыканттар, жыршылар және күйшілер көп болған. Ғүндарда да қазақтардағы сияқты әндер сыбызғы да, домбыра да, қобыз да ойнаумен сүйемелденген. Біздің уақытымызға дейін жеткен ғұндардың күйлері: “Кеңес”, “Сары өзен”, “Шұбар ат”. Б.д.д. ІІ-І ғғ. әлі күнге дейін аты ұмытылмай келе жатқан ұлы күйші, сыбызғышы Саймақ өмір сүрген. Қазақтар қазірде оның “Сары өзен” күйін (“Сары өзен” – “Желтая река” немесе қытайша “Хуанхедегенді білдіреді) орындайды. Бұл музыкалық туындылар және музыкалық аспаптар қазақтардың осы ежелгі халықтардың ұрпағы екенін куәлендіреді. Әлемге әйгілі Еділ патша (Аттила) осы Ғұндардың көсемі. Еділ патшаның тегі Атам Қазақтың  рулық шежіресі бойынша Қазақ – Алшын (Бекарыс) – Он екі ата Байұлы – АдайКелімбердіТобыш – Көпес – Еділ болып таратылады. Еділ патшаның тікелей ұрпақтары Қараштар Маңғыстауда күні бүгінде де ғұмыр кешіп жатыр. (Бұл шежіре Ыбырайым ахун Құлыбайұлының «Қараш тегі» дастанынан алынды).Б.д. VІ-XІ ғғ. Ертіс жағалауларында қимақ қағанаты өмір сүрген. VІІ ғ. қимақтар Ертістен Алтай тауларына дейінгі территорияны жайлаған. Қыс уақытында олардың бір бөлігі табынмен бірге Сырдарияға көшкен. Тарихи мәліметтер бойынша, қимақ қағанаты он екі тайпадан құралған.  Бүгінгі Қазақтың – Кіші жүзі – Бекарыстың кенжесі – Он екі Ата Байұлдары солардың ұрпағы.  Олар қағанға бағынған. Бекіністер мен қалалар салған (қимақтардың 16 қаласы белгілі). Қағанаттың астанасы Ертіс жағасындағы бекініс қала Қимақия болды. Қимақ қағанатында жазу дамыған. ХІ ғ. қимақтардан белгілі ғалым Жанах ибн Қаған әл-Кимаки шықты. Ол қимақтар туралы кітаптар жазған. ХІ ғ. қимақ қағанаты ыдырады. Қыпшақтар – олардың ұрпағы. Қазақтарда әлі күнге дейін қыпшақтар тайпасы сақталған (Орталық және Солтүстік Қазақстан).Домбыра қимақтардың музыкалық аспабы болған. Бізге олардың келесі сүйікті әуендері мен күйлері жеткен: “Ертіс толқындары”, “Мұңлы қыз”, “Тепең көк”, “Ақсақ қаз”, “Боз-інген”, “Желмая”, “Құланның тарпуы”, “Көкейкесті” және т.б.Адайдың шежіре дерегі бойынша Адайдың екі баласының кішісі Келімбердінің үшінші баласы, яғни Адайдың бесінші немересі Балықшының ата-анасының азан шақырып қойылған есімі Шыбынтай  делінеді. Шыбынтай мен Қыпшақтың «ыб (ыпдеген бір түбірден болатыны осыдан. Бұлар синоним сөздер болып табылады.1298 жылы Ұлы Татарияға ат басын тіреген алыс Италияның негоцианты Марко Полоның (1254-1323) татар шайқастарына берген сипаттамасында әндер мен музыка үні шығады: “Татарлар көсемінің накары соғылмайынша шайқасты бастамайды, накар соғыла салысымен ұрысқа кіріседі. Татарларда мынандай да салт бар: олар шайқасқа дайындалған кезде, накар ұрылмайынша, ән айтып, екі ішекті аспапта жайбарақат ойнай отырып, ұрысты күтеді. Олардың ән айтуы мен көңіл көтеруінің тамашасы таңқалдырады”. Жүйкелік ширығуды алу, белгілі психологиялық көңілді құру үшін ән айтқан. Парсылық накар сөзі барабан, кимвал дегенді білдірсе, ұрыс алдында ойнайтын екі ішекті аспабы қазақтың домбырасына ұқсас. Оның сипаттамасы “Здесь описывается Великая Турция” деген тарауда көрсетілген.Татардың сөз түбірі Ат (Ад). «Мұңалдың құпия шежіресінде» бұл екі тайпаның Татар мен Мұңалдың (Моңғолдың) туыс тайпа екендігі айқын жазылған. Мұны қазіргі Татарстанның ежелгі атауының Қазан (Қазақ) хандығы деп аталғандығынан да айқын көруге болады. Олардың күні бүгінгі астанасының Қазан деп аталатынының да сыры осы.Домбыра деп аталатын аспап мәдениеті, тұрмысы және тарихы бойынша қазақтарға туысқан, жақын халықтардың көбінде сақталған. Тәжіктің думрак, өзбектің думбыра, думбрак, қырғыздың комуз, түркменнің дутар, баш, думбырасын салыстырыңыз. XІV ғасырдағы жазбаларда көрсетілген орыстың музыкалық аспабы домраның алғашқы түрі қазақтың домбырасына өте ұқсас. Олардың аттарының ұқсастығы және пайда болуы бірдей екендігі де атап көрсетіледі.В.Ф.Платоновтың еңбегінде “домра, домбра, думбыра, думбара, думбрак және т.б. қазіргі көптеген түркі, солардың ішінде қазақ, татар, башқұрт, өзбек, қалмақ тілдерінің этнографиялық лексикасында шертіп ойналатын ішекті музыкалық аспаптың атауы ретінде белгілі. Оны миграциялық термин деп қарастыруға болады. Ол Русьте XVІ ғасырдың бірінші жартысында пайда болған” делінеді.А.Жұбановтың болжамы бойыншаДомбыра” сөзі “қозы құйрық” дегенді білдіретіндунбаh” және “буррадеген екі араб сөз тіркесінен пайда болған. Шындығында да домбыраның шанағының пішіні конус тәрізді және қозының құйрығы сияқты аяқталады. К.Жүзбасовтың айтуы бойынша, домбыра лексемасы тікелей музыкалық орындаумен байланысты екі сөзден тұрады: дем және беру. Қазақ тіліндегі еліктеуіш формасы: “дом, дон, даң, дүңнен туындылар пайда болады: даңғыр – шу, шуылдау, шылдыр, дабыр. Даңғыра – ұрып ойналатын аспаптың түрі, дүңгір – көмескі үн, діңгір – төмен дыбыс. Бұлар берілген мәндердің барлығына ортақ. Дыбысты бейнелейтін сөздерде осы дауыссыз дыбысты пайдалану домбыраның этимологиясын дыбыстың сипатымен байланыстыруға мүмкіндік беретін жұмсақ вибрацияны, жаңғырықты, шылдырды құрады.Зерттеулердің барлығы дерлік, аспаптың дыбысты бейнелейтін этимологиялық атауы түрік тілдері қатарында бар екенімен расталады. Татар тілінде dumbra – балалайка, dombura – гитара, түрік тілінде tambura – гитара, монғол тілінде dombura – домбра, қалмақ тілінде dombrдомбыра. Домбыра атауының этимологиясына көптеген зерттеулер жүргізілген, бірақ оны нақты орныққан деп айтуға әлі болмайды, деп тұжырымдайды. (Дерек көзге Өнербек Ахметтің «Қазақ домбырасының тарихы» атты еңбегі пайдаланылды). Бізге бүгінде, шынында да, қазақтың қара домбырасының тарихы тіпті әрі де екендігі белгілі болып отыр. Ол жөнінде, ғалым-этнограф Жағда Бабалықұлы мынадай деректер келтіреді. «Жамбыл ауданындағы Майтөбеден табылған тастың бетіндегі домбраның суреті осыдан алты мың жыл бұрынғы мәдениет екенін ғалымдар дәлелдеді. Яғни, алты мың жылдың алдында біздің домбырамыз болған».  «…Египет пирамидаларының жер асты бөлігіндегі мәтіндегі екі ішекті, тиегі бар, қазақтың қара домбрасының суреті салынған» (Илл 9 Египет. Б.з.б ІІІ ғ. Манхерпері ХҮІІІ династиясының папирусы «Өлілер кітабы, 148-інші тарау» (М.М.Ақмырзаев. Адай уезінің жазба мұралары. Алматы. 2006. (4 бет). Енді осының қасына Египеттегі мұражайға қойылған қойдың асығының (ойыншық) алып пирамидалардың біреуінің «иесі» Тутонхамонның бала кезінде ойнаған ойыншығы екенін қосыңыз. Демек, пирамиданың «иелері» асық ойнап, домбыра тартқан. Қасиетті Құран Кәрімде Пирамиданы иемденген елдің (Перғауынның)  әскерінің атауы «Қазық» деп аталған. «…Қытай қазақтары «Шыңырау» күйін тартпас бұрын оның аңызын айтып алады. Шыңырау деген қыран болыпты. Ол жылына бір-ақ жұмыртқа табады екен. Оны қанаты бар айдаһар жеп кететін көрінеді. Ең соңғы жұмыртқасын дүниеге келтіргенде шыңырау «не мен өлуім керек, не айдаһар өлуі керек» деп белді бекем буады. Соңғы жұмыртқа үшін аспандағы айқаста шыңырау қанатты айдаһарды жеңіп, жерге өлтіріп түсіреді. Осыдан кейін күй басталып кетеді. 1852 жылы қытайлар Шыңдау деген жерден екі қанаты бар айдаһардың сүйегін тапты. Сонда былай деп жазыпты: «бұл жануар осыдан 20-25 мың жыл бұрын өмір сүрген». Демек, сенің «Шыңырау» күйің осыдан 20-25 мың жыл бұрынғы айдаһармен замандас екен. Сенің домбыраң бұдан 20-25 мың жылдардан да бұрын болған екен.







Материалды сайттан тегін жүктеу

Жүктеу

Материал ұнаса парақшаңызға сақтап қойыңыз!


Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.