«Елбасы еңселеткен Елорда»

0







Құрметті ұстаз тілегі сайтының қолданушылары. 05-06.02.2019ж. аралығында сайтта жөндеу жұмыстары жүреді. Сондықтан осы уақыт аралығында сайтта кейбір беттер дұрыс көрінбеуі мүмкін. Сайт бойынша барлық сұрақтарды 8-771-234-5599 номеріне ватсап арқылы қоюға болады




«Елбасы еңселеткен Елорда»

Автор: Калиева Айгуль Каиргельдиновна

Бағыты: Басқа Бөлімі: Ашық сабақ Сыныбы: 10 сынып

Жарияланған уақыты: 2019-02-05


Материал туралы қысқаша түсінік

1 желтоқсан тұңғыш президент күні тәрбие сағаты




Ақмола облысы Целиноград ауданы № 3 Талапкер орта мектебі Калиева А.К

1 желтоқсан тұңғыш президент күні тәрбие сағаты

Ашық тәрбие сағаты «Елбасы еңселеткен Елорда»Мақсаты: 1.қазақ  халқының тұңғыш  президенті Нұрсұлтан  Әбішұлы                               Назарбаевтың  өмір  жолы,туып-өскен,оқып  білім  алған ,қызмет                       еткен жерлері   туралы  мағлұмат  беру;                   2.елбасының  өмір жолынан үлгі  ала  отырып Отанын ,халқын                        сүюге, ержүректілікке,азаматтыққа, патриоттық  сезімге                      тәрбиелеу;                  3.шәкірт  жүрегінде  елбасына  деген  сүйіспеншілік  сезімін                      ояту,құрметтеу.Көрнекілігі:слайдтар  көрсету,үнтаспа, шарлар,суреттер,буклет « Нұрсұлтан Назарбаев-тұңғыш президент»Біздің Елбасымыз-Н.Ә.Назарбаев  Әнұран орындаладыМұғалім.: Армысыздар, бармысыздар құрметті ұстаздар, оқушылар және қонақтар!  Қайырлы күн тәуелсіз елдің қадірменді  азаматтары, ұлдары мен  қыздары бүгінгі Тұңғыш Президент күніне арналған «Елбасы Еңселеткен Елорда» атты ашық тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 6-шілде 1940 жылы Алматы облысы Қаскелең ауданындағы Шамалған ауылында туған.Балалық шағы кейде айта беретініміздей таршылық жағдайда өтті. Үлкендердің мал бағуына, бау-бақша өсіруіне көмек көрсету керек болды, шөпшек теріп, отын жарды.Өзі еске алғандай, өсірген аз-маз өнімдерін сатып, үй-ішіне қажетті заттар алу үшін есек жеккен арбамен жақын маңдағы теміржол стансасына бару дегенің керемет мереке саналған.Мектепті жақсы оқып, жақсы білім алды.Ата-анасын қатты құрмет тұтты.Тұнғыш президент ( бейнеролик)Барлығы:«Осы тәуелсіз еліміздің намысын қорғайтын, бүгінімізді ертеңіне жалғайтын, қазақ елінің ертеңі, болашағы үшін жауап беретін ұрпақ екенімізді сезінеміз»Ән: «Елім менің»  (сөзі: Н.Назарбаев, әні: Б.Тілеуханов) Баяндама «Елбасы еңселеткен Елорда»  Тәуелсіз ел болу, тұңғыш президенттің сайлануы, осы тұлғаның арқасында Қазақстанның бүкіл әлемге танылуы,шашылып кеткен қандас бауырларымыздың тарихи Отанына шоғырлана бастауы, Астана қаласының сәулеттене түсуі – бәрі, бәрі тәуелсіздігіміздің әр күні емес, әр сағаты жаңалыққа, игі істерге ұласып жатқанының айқын дәлелі.Қазақ елінің жарқын болашағы, халықтарының бірлігі және бейбіт өмірі президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қолындаБаяндама «Елбасы еңселеткен Елорда»  ҚорытындыТәуелсіз ел болу, тұңғыш президенттің сайлануы, осы тұлғаның арқасында Қазақстанның бүкіл әлемге танылуы,шашылып кеткен қандас бауырларымыздың тарихи Отанына шоғырлана бастауы, Астана қаласының сәулеттене түсуі – бәрі, бәрі тәуелсіздігіміздің әр күні емес, әр сағаты жаңалыққа, игі істерге ұласып жатқанының айқын дәлелі.Сіз-әке барша қазақ бәрімізге,Жас сәби үлкен-кіші кәрімізге.Сіз басшы, халқың-қосшы бол бергей,Жарасып келе жатыр әніміз де, сәніміз де,-дей келе  «Елін сүйген Елбасы» атты тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.Тұңғыш Президент күні құтты болсын!







Материалды сайттан тегін жүктеу

Жүктеу

Материал ұнаса парақшаңызға сақтап қойыңыз!


Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.