БҰЗАҚЫЛЫҚ — ҚОҒАМДЫҚ ҚАУІПСЫЗДЫІККЕ ҚАРСЫ ҚЫЛМЫСТАРДЫҢ БІРІ РЕТІНДЕ

0


БҰЗАҚЫЛЫҚ — ҚОҒАМДЫҚ ҚАУІПСЫЗДЫІККЕ ҚАРСЫ ҚЫЛМЫСТАРДЫҢ БІРІ
РЕТІНДЕ
Туленди Дархан Галимулы
Тараз мемлекеттік педагогикалық университеті құқық және экономика негіздері мамандығының 2 курс студенті, Тараз
Жетекші: Абилова А
БҰЗАҚЫЛЫҚ — ҚОҒАМДЫҚ ҚАУІПСЫЗДЫІККЕ ҚАРСЫ ҚЫЛМЫСТАРДЫҢ БІРІ
РЕТІНДЕ

Бұзақылық аса қауіпті қылмыстардың бірі. Бұл қылмыстар жалма жыл өсіп, көбіне олардың қоғамға қауіптігі сол , банды құрылымы жөнінен тұрақты, қаруланған топ бола тұрып, ас ауыр қылмыстарды жасайды.
Қылмыстың тікелей объектісі — қоғамдық қауіпсіздік. Қосымша тікелей объектісі — адамдардың өмірі, денсаулығы, меншік, сондай-ақ басқа да мүдделері.
Объективтік жағынан бұзақылық бірнеше әрекеттердің жиынтығы болып сипатталады:
-Азаматтарға немесе ұйымдарға шабуыл жасау мақсатында тұрақты қарулы топ (банда ) құру;
-Осындай топтық банданы басқару;
-Тұрақты қаруланған топқа бандаға қатысу;
-Бандалық топқа кіретін адамдардың біреуінің болса да қарулануы.
Қаруланған банда екі немесе одан да көп адамдардың алдын ала келісіп азаматтарға немесе ұйымдарға бір немесе бірнеше шабуыл жасау мақсатында құрылған қаруланған, тұрақты топты айтамыз.
Банданы құру деп банданы жарақтау, оларды қарумен жабдықтау, банданың құрамына мүшелер тарту, банды мүшелерінің ролдерін белгілеу олардың істейтін қылмыстарын жоспарлауды айтамыз. Бандыны құрушы, әдетте оның ұйымдастырушысы болып табылады.
Банданың тұрақтылығы қаруланған топтың мүшелерінің қылмысты іс-әрекеттерді жүзеге асыру жөніндегі келісімнің нәтижесі арқылы анықталады.
Банда мүшелерінің алдын ала келісім арқылы жасайтын бір немесе бірнеше қылмысын қылмыстық іс-әрекет деп атаймыз.
Бандаға кіретін топ мүшелерінің ең болмағанда біреуінің атылатын немесе суық қарумен қарулануы негізгі шарт болып табылады. Қаруға, сондай-ақ әртүрлі жарылғыш құралдары да жатады.
Бұзақылық құрамы құрылысы жағынан келте қылмыс құрамына жатады. Сондықтанда қылмыс қарулы топ (банданы) құрған уақыттан бастап аяқталған деп танылады. Бұл жерде қарулы топқа кіретін банда мүшелерінің біреуінің болса да қарулануы жеткілікті. Банда құрылған уақыттан бастап, бандалық топ басқа бір қылмысты істеп үлгермегеніне қарамастан бұзақылық құрамы аяқталған деп табылады.
Банданы басқару деп құрылған банданың қылмыстық іс-әрекеттерінің оперативтік бағытын белгілеу, банда шабуыл жасайтын нақты объектілерді таңдап алу, шабуылды жүзеге асыратын тәсілдерді белгілеу, банда мүшелерімен тәрбиелік сипаттағы жұмыстар жүргізу, оларды жазалау, жәбірленушілер мен куәлардың көздерін жою туралы шешім қабылдау, ұрланған мүлікті жасыру немесе өткізу, бұйрықтар беру әрекеттерін айтамыз.
Шабуыл жасау деп қылмыстық нәтижеге жету үшін бандалық топтың жәбірленушіге күш қолдануы немесе оны дереу нақты қолдану қауіпін айтамыз.
Егер, шабуыл жасау барысында адам өлімі немесе адамның денсаулығына зиян келтіру орын алса, онда іс-әрекет қылмыстардың жиынтығы бойынша сараланады.
Субъективтік жағынан бұзақылық тікелей қасақ аналықпен жасалады. Қылмыстық ниет әртүрлі болуы мүмкін, оның негізгісі пайда күн емдік ниет. Қылмыс құрамының субъективтік жағының міндетті белгісі- арнаулы мақсат азаматтарға немесе ұйымдарға шабуыл жасау болып табылады.
Қылмыстың субъектісі 16 жасқа толған, есі дұрыс адам. Егер бандаға 14пен 16 жастың арасындағы адам қатысса, онда олар адам өлтіргені, әйел зорлағаны, бұзақылық жасағаны үшін ғана жауаптылыққа тартылады.
Бандаға қатысу деп-олардың жасаған шабуылдарына тікелей қатысу, сонымен бірге банданы қаржыландыру, қарумен жабдықтау, көлікпен қамтамасыз ету, әрекеттерді орындауларын айтамыз.
Шабуылға қатысу деп- бандалық топпен бірге қылмыстық нәтижеге жету үшін жәбірленушіге күш қолдану немесе оның нақты қолдану қауіпін туғызуды айтамыз.
Бұзақылық Субъектісі 16-ға толған, есі дұрыс тұлға болады. бұзақылық кезінде күш қолдануды сөз қылғанда, оның мүлікті алуға дейін де, алу кезінде де қолданылатынын айта кеткен жөн. бұзақылық кезінде күш қолдану-мүлікті алу тәсілі ғана емес, оны өзінде ұстап қалу тәсілі де болуы мүмкін. бұзақылық кезінде күш қолдану әрқашанда мүлікті иеленудің құралы болып табылады, яғни ол мүлікті иеленуге бағытталуы тиіс. бұзақылық кезінде, көп жағдайларда, денсаулыққа нақты қауіптілік төнеді. Бұл мән-жайлар едәуір мөлшерде зорлықтың жасалуы тәсілімен анықталады. Бұзақылықтың қорқытып алушылықтан және бұзақылықпен ажырата білу керек
Бұзақылық қоғамдық қауіпсіздікке және қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстардың ішіндегі ең қауіптісі, қауіптілігі әрекеттің бір уақытта азаматтардың жеке мүліктері, денсаулығы және өміріне қарсы бағытталатындығында. Бұзақылықтың осындай ерекшелігін есепке ала отырып, заң шығарушы, бұзақылық, бөтен мүлікті бұзақылық мақсатында шабуыл жасауға ұшыраған адамның өмірі мен денсаулығына қауіпті күш көрсетумен немесе тікелей осындай күш қолданамын деп қорқытумен ұштасқан шабуыл жасау деп көрсеткен.
Бұзақылық қылмысының мақсаты- жәбірлеушінің жәбірленушіге күш көрсетуі арқылы жеке мүлкіне ие болу. Қоғамдық қауіпсіздікке қарсы басқа қылмыстардың ішінде бұл қылмысты саралауда нақты шешім қабылдау қылмыс жасаушының әрекетінің бағытын анықтау болып табылады.
Жеке тұлғаға қарсы күш көрсетіп шабуыл жасау мүлікке ие болудың құралы ретінде қолданылады. Бұл қосымша объектінің маңызы мен құндылығын заң шығарушы қылмыс құрамын саралауда есепке алады.
Бұзақылық әрекетін дұрыс саралау үшін «өмірі мен денсаулығына қауіпті күш көрсету» түсінігіне нақты анықтама берудің маңызы өте зор. Жалпы «күш көрсету» деп бөтен адамға еркінен тыс құқыққа қарсы күш көрсету арқылы жасалған іс-әрекетті атайды.
Заңдық әдебиеттерде күш көрсетуді физикалық және психикалық деп екіге бөледі. Психикалық күш көрсету- күш қолданамын деп өзге тұлғаның еркіне, түйсігіне әсер етіп, күш қолданбай-ақ мүлкіне ие болуды жүзеге асыру. бұзақылықтағы күш көрсету, заң бойынша адамның өмірі мен денсаулығына қауіпті деп танылады [2,311б].
Күнделікті тәжірибеде, жәбірленушіге шабуыл жасаған кезде оның мүлкінің, құнды затының болмауы немесе жәбірленушінің қарсылық көрсетіп, жәбірлеушінің жеке мүліктерге ие бола алмай қалуы бұзақылық әрекетті саралауда, оны аяқталған қылмыс ретінде тануға еш кедергі келтірмейді, міне сондықтан да бұзақылық қылмысының құрамын келте құрамды қылмыс қатарына жатқызады да, қылмыстық әрекеттің басталған уақытын қылмысты аяқталды деп тануға жетіп жатыр деп есептейді.
Бұзақылық қылмыс құрамы екі объектіге бағытталған: жеке тұлғаның мүлкіне және денсаулығы мен өміріне. бұзақылық қылмысын саралау үшін денсаулыққа қарсы зардап келтіру міндетті емес, адамның денсаулығы мен өміріне күш көрсетуге оқталу әрекеті болса жеткілікті.
Бұзақылықтағы психикалық күш көрсету мазмұны жағынан, физикалық күш қолданбай-ақ, денсаулығы мен өміріне қарсы күш көрсетемін деп қорқыту арқылы жүзеге асырылады. Психикалық қорқытудың бұл түрі түрлі формада: «өлтіремін», «бауыздаймын», «сындырамын-құртамын», «қырамын-жоямын» деген сөздермен, іс-қимылдармен, түрлі жарақаттар салуға болатын қару-жарақ көрсетумен жүзеге асырылады. Психикалық күш көрсетуде қорқыту нақты болуы керек, яғни қылмыс жасаушы әрекетті сол кезде жүзеге асыратындай мүмкіндік болғанда ғана қорқыту жүзеге асырылды деп сараланады.
Қорқытуды алдағы уақытта жүзеге асыру немесе күш қолданбай-ақ қолдану, немесе денсаулығы мен өміріне қауіп төндірмейтіндей күш көрсету жағдайда байланысты бұзақылық емес, алаяқтық деп саралануы мүмкін.
Шабуыл жасау-бұл жәбірленушіге қарсылық жасауға мүмкіндік бермейтіндей кенеттен күш көрсету. Қылмыстық құқық теориясында «шабуыл жасау» түсінігінің нақты анықтамасы берілмеген. Заңгерлердің бір тобы бұзақылықтың анықтамасын беріп, мазмұнын толықтай ашпайды. Екінші бір тобы шабуыл жасауды күш көрсету деп түсіндіреді. Үшінші біреулері, шабуыл жасау бұл күш көрсету емес деп есептейді.
Менің пікірім бойынша: күш көрсету мен шабуыл жасау бір мағынаны білдірмейді. Сондықтанда, физикалық және психикалық күш көрсетуді бұзақылықтың міндетті құрамдас бөлігі деп қарастыруға болады. Көптеген заңгерлер шабуыл жасауды екі кезеңнен тұратын әрекет деп қарастырады: күш көрсетуге нақты жағдай жасау кезеңі және күш көрсетуді жүзеге асыру кезеңі. Күш көрсетудің нақты мүмкіндігін және оның қауіптілік дәрежесін жәбірленушінің өзі бағалайды, бірақ кейбір жағдайларда бұзақылық кезінде шабуыл жасау кенеттен болуы да мүмкін [3, 44б.].
Бұзақылықты қалай саралауға болады, мысалы, ұйқыда жатқан адамға шабуыл жасау, мұнда ұйқыда жатқан адам шабуылдың нақтылығы жайлы біле алмайтындықтан, оның қауіптілік дәрежесі туралы да біле алмайды, бірақ шабуыл жасаудың қауіптілігі мен күш көрсетудің мүмкіндігі, зардаптың нәтижесінде көрініп тұратындықтан әрекетте бұзақылық қылмысы құрамының белгісі бар деп есептелінеді.
Шабуыл жасау жәбірленуші тарапынан оның жеке мүлкіне ие болу үшін қолданылатын нақты қарсылықты тойтару мақсатында … жалғасы

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!