Қазыбек Иса | өмірбаяны

0

Қазыбек ИСА Жарылқасынұлы — ақын, Халықаралық Алаш сыйлығының лауреаты, Халықаралық Сергей Есенин атындағы сыйлық — «Алтын күз» орденін иегері және “Құрмет” ордені иегері, “Қазақ үні” газеті ЖШС президенті.

1962 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтарал ауданы (бұрынғы Киров ауданы) Бірінші май ауылында дүниеге келген.

1979 жылы Шардара ауданы Қызылқұм ауылындағы орта мектепті бітіріп, Алматыдағы Қазақтың Абай атындағы педагогикалық институтының (қазіргі ҚазҰПУ) көркемсурет-графика факультетіне түседі.

1984 жылы институтты бітірген Қазыбек Иса Шардара ауданы Қызылқұм орта мектебінде еңбек жолын бастайды.

1991 жылы қаңтар айында Алматыдағы алғашқы демократиялық басылым «Жас қазақ» газетіне бөлім меңгерушісі болып ауысады.

1993 жылы «Өркен» газетінде бөлім редакторы болып істейді.

1998 жылы «Қазақпарат» баспа корпорациясында вице-президент болып қызмет етеді.

2000 жылғы 2 мамырдан бастап, «Жас қазақ үні» газетінің тұңғыш бас редакторы – директоры болып еңбек етеді.

2009 жылы «Жас қазақ үні» газеті Бас директоры – Редакторлар кеңесі төрағасы. Сонымен қатар «Жұлдыздар құпиясы» журналы бас редакторы және «Тұран» баспасының директоры.

2012 жылдан “Ақ жол” Қазақстанның демократиялық партиясы төрағасы орынбасары. Сонымен бірге “Қазақ үні” газеті президенті – Редакторлар кеңесі төрағасы.

1984 жылы алғашқы өлеңдер топтамасы «Аудитория» студенттер жинағы мен 1989 жылы «Тоғыз тарау» жинағына кірді.

1995 жылы тұңғыш жеке кітабы «Керімсал» деген атпен жарық көріп, әдеби қауымның жылы бағасын алды.

2002 жылы «Қызыл жыңғыл» кітабы шықты.

2008 жылы «Тәтті шөл» жыр кітабы жарық көрді.

2014 жылы — Мәскеуден шыққан “Независимый Казахстан: Антология современной литературы” (Издательство «Художественная литература») жинағында бір топ өлеңдері орыс тілінде жарық көрді.

Бірнеше республикалық мүшайралардың бірінші жүлдегері.

2008 жылы “Тәтті шөл” кітабы үшін Халықаралық Алаш сыйлығының лауреаты атанды.

2009 жылы Қазақстанның Мәдениет қайраткері атағына ие болды.

2011 жылы «Құрмет» орденімен марапатталды.

2011 жылы «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медалімен марапатталды.

2011 жылы «Тіл жанашыры» Құрмет белгісіне ие болды..

2014 жылы Халықаралық Сергей Есенин атындағы сыйлық — «Алтын күз» орденін иеленді.

2014 жылы «Ақпарат ісінің үздігі» атағына ие болды.

2015 жылы — «Қазақ хандығына -550 жыл» мерекелік медалымен марапатталды.

Астана қаласында тұрады. Отбасында жары Жәннат екеуі төрт бала тәрбиелеп келеді.