» Болашаққа бағдар-Рухани жаңғыру» Нық сеніммен алға

0








Сайт бойынша барлық сұрақтарды 8-771-234-5599 номеріне ватсап арқылы қоюға болады




» Болашаққа бағдар-Рухани жаңғыру» Нық сеніммен алға

Автор: Абдраманова Алия Пиримбетовна

Бағыты: Барлық пәндер Бөлімі: Мақала Сыныбы: Барлық сыныптар

Жарияланған уақыты: 2019-02-11


Материал туралы қысқаша түсінік

Мұғалімдерге




Нық сеніммен алғаОңтүстік Қазақстан облысы, Мақтарал ауданы, Жетісай қаласы «№1 М.Горький атындағы мектеп-гимназия» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың» Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында көптеген жұмыстар атқаруда. Өз басым ұстаз ретінде осы бағдарламаның жүзеге асуына титтейде болса үлесімді қосу үшін бірнеше ашық сабақтар ұйымдастырдым.Өткізілген ашық сабақ тақырыптары рухани жаңғыру бағытына сай келді деген ойдамын. 9 «Г» сынып ашық сабақ тақырыбы» Әлеуметтік қатынастар ұлт болашағы», 7″Г» сыныбы «Географиялық деректерді ұйымдастыру тарихнамамен байланыстыру«, 7″В»7″Г» сыныптары арасында сыныптан тыс іс-шара «Қазақтың ұлттық мәдениеті, Атамекені«. Аудандық семинарда 9″Г» сынып оқушылары ашық тәрбие сағатын өте жоғары деңгейде көрсете білді, оқушылар сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттерді және қылмысқа қатысушылар туралы көріністер қойып, слайд арқылы бейне роликті талқылады. Бір қуантарлық жәйт мектеп оқушылары өз ойларын ашық жеткізе білді. Бұл өткізілген іс-шараларым жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықтың алдын алуға бағытталған, ал кездесу сабағында мектеп инспекторы Әйтпенов Баймырза ағайға алғысымызды білдіреміз көкейде жүрген сұрақтарға жауап берді. Қазір мектебімізде 11 сынып түлектері ҰБТ-де Адам.Қоғам.Құқық пәнін қосымша пән ретінде 7 оқушы таңдауда орта бал көз қуантарлық. Болашақ сот, прокурор, адвокаттарды дайындау үсіндеміз, осыдан шығатын ой ҰСТАЗ ҰЛЫ есім.» Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасының 6 бағыты және «Рухани жаңғырудың» 4 кіші бағдарламалық аяларын оқушыларға түсіндіру, талқылау, жеткізе білу мектебіміздегі қоғамдық пәндер және тарих әдістемелік бірлесігіне жүктелген, осы міндетті атқарып шықтық деген ойдамыз. Оқушыларды қызықтырған сұрақтардың бірі ұлттық код дегеніміз не? Ұлттық код дегеніміз-қазақы тегіміз, қазақы діліміз, қазақы болмыс-бітіміміз бен санамыз. Яғни бір халықты өзге жұрттан ерекшелендіріп, танытатын және сол халықтың әлем халықтыры алдында өзгеге ұқсамайтын танымы және болмысы деп білеміз. Қазақ халқы ерекшеленеді жігіттеріміз қайсарлы, қыздарымыз ұяң, әдепі, адамгершілік қасиеттері жоғары тұрған. Ұлт болашағы ата-ананың тәрбиесінен басталады. Рухани жаңғыру ғарыштан тартқан желісін, тереңнен созған тамырынан нәр ала алмаса, ол адасуға бастауы мүмкін, сол себепті де елжанды, ұлтжанды азаматтардың өркениет ағымына бірге жүзсек деген ниеті қуантады. Қазіргі уақытта ғылыми-техникалық жаңалықтарға байланысты ұлттық салт-дәстүріміз, әдет-нормаларымыз заманға бейімделуі мүмкін. Бірақ мәні мен мағынасы өзгермеуі тиіс.Еліміздің болашағы намысты, қайсарлы жастардың қолында деп білемін, сол себепті нық сеніммен алға басайық.

Абдраманова Алия ПірімбетқызыТарих пәні мұғалімі







Материалды сайттан тегін жүктеу

Жүктеу

Материал ұнаса парақшаңызға сақтап қойыңыз!


Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.