«Бала болашағы менің қолымда» эссе
Ұстаз тілегі сайтында материал жариялап тегін сертификат, алғыс хат және құрмет грамотасын алуға болады. Ол үшін сайтқа тіркеліп материал жариялау керек. Сайт бойынша барлық сұрақтарды 8-771-234-5599 номеріне ватсап арқылы қоюға болады
«Бала болашағы менің қолымда» эссе
Автор: Нұртаева Айгерім Аманжоловна
Бағыты: Басқа Бөлімі: Эссе, шығарма, мазмұндама Сыныбы: Басқа
Жарияланған уақыты: 2019-01-21
Материал туралы қысқаша түсінік
айтар ойы өте жоғары
Бала болашағы – менің қолымда. Эссе
Бала болашағы – менің қолымда. Ұстаздық жолымның бастау алғанына 9 жылдай уақыт болса да мектеп өмірі мен үшін оттай ыстық, көңіліме жақын. Бала күнімнен санама сіңген қоңырау үні 45 минуттық білім сағатына шақырып тұратын. Қазір де солай. Бірақ айырмашылығы қиын да абыройлы ұстаз жолында жүруім. Сол Ұстаз атына саймын ба? Жаңарған, жасарған қоғамда ұстаз міндетін қалай атқарып жүрмін? Ұстаз болу – жүрек жылылығын, мейірім шуағын, адамгершілік ұлылығын баланың бойына дарыту. Ұстаз білімді, еңбекқор, бала жанын түсіне алатын болса ғана ұстаздық кәсіптің шыңына жете алады деп ойлаймын. Олай болса, ең алдымен өзімді өзім танып, үздіксіз ізденіп, аяусыз еңбектенуім керек. Бойымдағы бар білімді, асыл қасиеттерімді шәкірттеріме арнай білсем, олардың жүрегіне жол тауып, сан алуан мінезі бар өзге ұлт өкілдерін қазақ тілінде сөйлетіп, жаза білетін дәрежеге жеткізсем, қазақ халқының әдет-ғұрпын, тарихын танып білуге талпындырсам, тілін құрметтеуге әрі Отанды, адамзатты сүюге тәрбиелесем менің мақсатымның орындалғаны, еңбегімнің ақталғаны деп білемін. Адам баласы алған тәрбиесін өз мақсатына жету үшін білім кілті арқылы ашып, пайдаланады. Неғұрлым білімді болған сайын, ілгерлеу соғұрлым жылдамдайды. Ендеше тәрбие бар жерде мақсат бар, мақсат бар жерде білім басты қажеттілік болмақ. Жасөспірім алдына үлкен мақсат қоя білсе ғана биікке ұмтылады. Жас ұрпақты өмірге дайындап, олардың Сегіз қырлы, бір сырлы талантты, білімді азамат болуы үшін тәрбиенің барлық түрін ұштастыра жүргізуім қажет. Еліміз егемендік алып, өз алдына тәуелсіз мемлекет болды. Тәуелсіз еліміздің болашағы кімдер? Олар – бүгінгі менің алдымда отырған шәкірттерім. Тәуелсіз еліміздің берік тірегі – білімді ұрпақ. Ендеше жаңа дәуірдің күн тәртібінде тұрған келелі мәселе – оқытудың жаңа технологияларын қолдана отырып, саналы, рухани бай, салауатты, жан-жақтыдамыған жеке тұлға даярлау – бүгінгі ұстаздар қауымының басты парызы екені баршаға аян. Ертеңгі болашағымыздың сапалы білім, саналы тәрбие алуы – қазіргі қоғамдағы ұстаздарға байланысты. Оның ішінде маған да байланысты. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев қазіргі мұғалімнің қоғамдағы орнын бағалай отырып: Сіздер мен біздер тек болашақ буынды ғана емес, жалпы азаматтық қадір-қасиеттердің мән-маңызын түсінетін, жаны да, тәні де таза, білімді патриот азаматтар буынын тәрбиелеуге міндеттіміз деген еді. Ұстаздық қызметті ерекше ұлықтаған халқымыз өзінің ең қымбаттысын – балаларын оқытып, тәрбиелеуді бізге – мұғалімдерге тапсырған. Сондықтан кездесетін қиындықтарға қарамастан білім сапасын арттыру, баланы тәрбиелеу – мұғалімдер қауымының міндеті. Адамның адамшылығы жақсы ұстаздан деп Абай атам айтқандай, мен қандай болсам, алдымдағы шәкірттерім де сондай боп шығарын түсінем. Шынында да, бала болашағы – менің қолымда. Қызығы да, қиындығы да мол ұстаздық жолдан мүдірмей өтсем, менің де биік шыңға шыққаным. Абай атамның Ақырын жүріп анық бас, Еңбегің кетпес далаға. Ұстаздық еткен жалықпас, Үйретуден балаға деген қасиетті қағидасы менің әрдайым жүрегімнің түкпірінде ұстайтын ұстанымым.Өз мамандығым жайлы ойлана отырып, мен өзімнің педагогикалық жұмысымның мәнін аша алатын сөздер іздедім: педагог тәуліктің 24 сағатында педагог болуы тиіс, себебі ол — өмірдің мәні. Бір күнде тек 3 сабақ қана мұғалім болып, одан кейін мұғалім бетпердесін лақтырып тастап, босаңсуға болмайды. Педагог тұлғасы тәрбие беру құралы болуы керек. Педагог оқушылар алдында өзін-өзі жетілдіре білуі керек.
Ақша жоғалтсаң – ештеңеңді жоғалтпайсың, уақытыңды жоғалтсаң – көп нәрсеңді жоғалтасың, досыңды жоғалтсаң – көп нәрсеңді жоғалтасың, өзіңді жоғалтсаң — бәрін жоғалтасың деп неміс мақалы дұрыс айтылған. Осыған орай, менің өмірлік қағидам – ешқашан өз қадір-қасиетімді жоғалтпау, әрқашан тек шыншыл, адал, өз ісіне берілген тұлға болып қалу.

Материалды сайттан тегін жүктеу
Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.