Мазарға іргелес салынған үйге немесе үй иелеріне сол мазардың зияны жоқ па?

0
172

Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «(Адам баласы үшін) өлім үгіт-насихат ретінде жеткілікті»[1], – деген.

Қазақта: «Мешітің алыс болса да, мазарың жақын болсын», – дейді. Мазар бізге ақыретті еске салады. Сол себепті, өлікті, мазарды немесе қабірді көргенде, адам баласы ғибраттанады, еріксіз Құдайды, өлімді еске алады. Қабірды зиярат ету жүректі жұмсартады, ар-ожданды оятады, ішіміздегі жаман ойларды кетіреді.

Ал, қимылсыз жатқан жансыз мәйіттің немесе топыраққа айналған адамның тіріге ешқандай пайдасы да, зияны жоқ.  

Х.Аманқұлов

 

[1] Байһақи мен Табарани риуаят еткен.