Функция графигі, графикті салу

0
76

Функция графигі жазықтықта функциялық тәуелділікті бейнелеуге мүмкіндік береді.


Мысалы y = x+1 сызықтық функция графигің салу керек болса, x = 1, x = 2, x = 3,… деп аламыз да осыған сәйкес y есептейміз де осы нүктелерді саламыз да олардың арасын сызықпен қосамыз.


x = 1, y = 1+1 =2, сонымен бірінші нүктеміз (1; 2).


x = 2, y = 1+2 =3, екінші нүктеміз (2; 3).


x = 3, y = 1+3 =4, үшінші нүктеміз (3; 4).


Осы нүктелерді координат өсінде салсақ, мынандай график пайда болады:


Сызықтық функция графигі


Бұл түзу болады.


Жаттығу ретінде y = 2x – 1 функциясының графигін салып көрініз.


Дәл осы әдіспен графиктерді сала аласыз. Графикті салу үшін математикалық анализ әдістері де пайдалынады.


График салу алгоритмі


y = f(x) функциясының графигін салу үшін, x-ке әртүрлі мәндер береміз де, осы мәндерге сәйкес y = f(x)-ді есептейміз де (x, y) нүктелерін жазықтықта саламыз.


Неғұрлым көп нүкте салсақ, соғұрлым график дәлірек болады.

Пән: Математика