Азаматтық іске қатысушы прокурор | Скачать Дипломдық жұмыс

0

ЖОСПАР

КІРІСПЕ … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … .4

І ТАРАУ АЗАМАТТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУГЕ ҚАТЫСУШЫ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘРТЕБЕСІ МЕН БЕЛГІЛЕРІ

1.1. Соттар азаматтық іс жүргізуді жүргізетін тұлға ретінде … … … … … .6
1.2. Азаматтық іс жүргізудегі тараптар (талапкер мен жауапкер), үшінші тұлғалар және басқа да іске қатысушылар … … … … … … … … … … ..46
1.3. Азаматтық іске қатысушы прокурор … … … … … … … … … … … .56

ІІ ТАРАУ АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚ СУБЪЕКТІЛЕРІ МЕН АЗМАТТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУ ҚАТЫНАСТАРЫ СУБЪЕКТІЛЕРІНІҢ АРА ҚАТЫНАСЫ

2.1. Азаматтар, заңды тұлғалар және мемлекет азаматтық құқықтың субъектісі ретінде … … … … … … … … … … … … … … … … … … ..60
2.2. Азаматтық іс жүргізудегі құқықтық қатынасының ұғымы және элементтері … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … ..72
2.3. Азаматтық іс жүргізудегі құқықтық қатынастарының объектісі мен мазмұны … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … ..73

ІІІ ТАРАУ. АЗАМАТТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫНДАҒЫ ТАРАПТАР ЖӘНЕ ТАЛАП ТҮСІНІГІ МЕН ТҮРЛЕРІ

3.1. Азаматтық іс жүргізудегі тараптар түсінігі … … … … … … … … … .75
3.2. Азаматтық іс жүргізу құқығындағы талап түсінігі … … … … … … … 81
3.3. Талап түрлері … … … … … … … … … … … … … … … … … … …85

ҚОРЫТЫНДЫ … … … … … … .. … … … … … … … … … … … … .101

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР … … … … … … . … … … … … … .104

КІРІСПЕ

Дипломдық жұмыстың өзектілігі: Азаматтық құқықтың субъектілері ретінде тұлғалардың құқықтық мәртебесі жөніндегі отандық заңнама дамуының бүгінгі күнге деңгейі теоретик және практиктер жағынан әрекет етуші құқықтық конструкциялардың нысаналы ұғынуымен және құқықтық нормалардың детализация және саралануының жоғары дәрежесімен ерекшеленеді. Осы мағынада соңғы уақытта әрекет етуші тұлғалар туралы заңнама жүйесінің сынды талдауына арналған, оның жеке ұйымдық-құқықтық нысандарын қарастыратын жариялымдардың жиі шығуы көрсетімді. Бұл саладағы құқықтық сананың екпінді дамуы құқықтың қолдауына ғана әсер етіп қоймай, заңнаманың әрі қарай жетілдірілуіне, жаңа құқықтық конструкциялардың ізденісі мен бекітілуіне ықпал етеді.
Азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтарымен заңды мүдделерінің жүзеге асырудың ең басты кепілі ол Қазақстан Республикасының Конституциясы мен және басқа заңдармен берілетін сотпен қорғалу құқығы.
Азаматтық, отбасылық, тұрғын үй, еңбек және өзге құқықтармен заңмен қорғалатын мүдделердің сотпен қорғалуы, бұл мемлекеттің азаматтармен заңды тұлғалардың құқықтарымен заңды мүдделеріне қол сұққандарға қарсы мемлекеттің қолданатын шаралары.
Азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтарымен заңды мүдделерінің сот арқылы қорғалуының маңызы зор болғандықтан осы мәселенің шарттары мен тәртібін анықтап зерттеу керек.
Сондықтан құқықты қолдаушы тұлғамен мүдделі тұлғаның жоғарыда айтылып кеткен мәселелердің мәні мен маңызын түсіну талап арқылы қорғалудың дамуына жол ашады.
Азаматтық сот өндірісінің негізгі түрі болып, талап өндірісі, ал оны туындатудың әдісі талап екені тәжірибеден мәлім.
Бітіру жұмысын жазу кезінде автор процессуалистердің еңбектерін қолданады. Сонымен қатар автор қазіргі әрекет етуші азаматтық және азаматтық іс жүргізу заңдарының нормаларын талқылайды. Азаматтық іс жүргізу құқының өте күрделі және басты орын алатын институты талап болып табылады. Сол себептен талап арқылы құқықты қорғау түрлерінің теориялық мәселелері өте көп. Көптеген ғалымдардың талап түсінігі, оның элементтері, талап құқығы және талаптардың сныпталуына байланысты бір — біріне қарама — қайшы көзқарастары көп. Сондықтан көптеген әдебиеттерде талаптың және оның элементтерінің әр — түрлі түсініктері берілген, ал ол осы мәселені шешуді қиындата түседі.
Бұл жұмыста құқықтың талап арқылы қорғалуына байланысты сұрақтарға жауаптар берілген. Олар: Талап түсінігі, талап құқығы, талаптың құрамдас бөліктері, талап түрлері және тағы басқа.
Бітіру жұмысын жазу кезінде автор процессуалистердің еңбектерін қолданады. Сонымен қатар автор қазіргі әрекет етуші азаматтық және азаматтық іс жүргізу заңдарының нормаларын талқылайды.
Азаматтық кодекстің Жалпы бөлімінің 6 және 7 тараулары тиісінше Мерзімдерді есептеу және Талап мерзімі деп аталады. Мұнда мерзімнің ұғымы оның азаматтық айналымдағы орны мен түрлері тағы басқа ұығмдары нақтылана көрсетілген. Уақыттың тылсымдығы оны тоқтатуды мүмкін еместігін біз есейе келе ұғынамыз. Ал азаматтық құқық категорияларының санатына жататын мерзім жөніндегі менің тақырыбыма арналған зерттеулер мүлде жоқ. Сірә, біздің отанымыздың азаматтық құқық ғалымдары көбінесе шарттарға, мәмілелерге тағы басқа қазіргі нарық заманында алдыңғы қатарда тұрған нормаларға көп көңіл бөлген де шығар.
Қазіргі кезде азаматтық құқықтың субъектілері болып табылатын акционерлік қоғам, өндірістік кооператив, жауапкершілігі шектеулі серіктестік, тұтыну кооперативі, партия, қор атты сөздер жиі қолданыс табуда. Ал, осы сөздердің мәнің ұғыну менің дипломдық жұмысымның мақсаты болып табылады.
Дипломдық жұмысымның мақсатына жету үшін алдыма мынандай мақсаттарды қойдым: Азаматтық құқықтың субъектілері болып табылатын жеке тұлғалар мен заңды тұлға ұғымын ашу, оның әрекет қабілеттілігін және құқық қабілеттілігінің мәнін ұғыну, заңды тұлғаны құру, тіркеу, қайта тіркеу тәртібін саралау және заңды тұлғалардың құқықтық ұйымдастыру нысандарын анықтау. Заңды тұлғалардың құқықтық ұйымдастыру нысанын ашу үшін мен заңды тұлғаларды коммерциялық және коммерциялық емес деп қарастырамын.
Қазақстан Республикасы егемендігін алып, оның аумағында жаңадан бірте-бірте қоғамның әрқилы салаларында сан алуан заңды тұлғалар құрыла, қайта құрыла бастады. Статистика бойынша Қазақстан Республикасы агенттілігінің деректеріне сәйкес 2002 жылдың өзінде республика аумағында 165 611 заңды тұлғалар, соның ішінде мемлекеттік — 24 603, жеке — 135 076, (шетелдің қатысуынсыз) мемлекеттің қатысуымен — 1253, 4375 — (шетелдің қатысуымен) бірлескен қәсіпорындар және 5932 шетелдік заңды тұлғалар тіркелген екен.
Дипломдық жұмыстың өзектілігі: Қазақстан Республикасы Азаматтқ құқықтың субъектісі жеке адам және мемлекет ауқымында құрылып жатқан заңды тұлғалар қызметін құқықтық реттеу мен қоғамның талаптарына сай етуде азаматық құқық саласының маңыздылығы зор.
Бұл жұмыстың негізгі мақсаты — азаматтық құқықтаң субъектілеріжеке тұлға мен заңды тұлға түсінігінің мәнін ашып, оны құру, қайта құру және тарату бойынша тереңірек ақпарат беріп, заңды тұлғалар түрлері мен оның жеке-жеке ұйымдық-құқықтық нысандарына сипаттама жасау. Сондай-ақ, бұл жұмыста заңды тұлғаларға қатысты негізгі түсініктер мен терминдер, нормативтік-құқықтық актілер мен негізгі әдебиеттер тізімі ұсынылып отыр.
Кез келген мемлекеттің келешегі өзінің ұлттық тілін сақтап қалудан басталады. Шоқтығы биік қазақ тілінің мемлекеттік мәртебе алуына байланысты оның қолданыс аясы кеңейіп, қазақ тілінде жазылып жатқан еңбектер жылдан-жылға көбеюде.

І ТАРАУ АЗАМАТТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУГЕ ҚАТЫСУШЫ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘРТЕБЕСІ МЕН БЕЛГІЛЕРІ

1.1. Соттар азаматтық іс жүргізуді жүргізетін тұлға ретінде

Құқық қорғау қызметтерінің жүйесінің ішінде сот төрелігі ерекше орында тұрады. Сот төрелігі — қылмыстық, азаматтық, әкімшілік істерді қарау кезінде мемлекеттік күштеу шараларын қолдану және заңда белгіленген тәртіп пен нысанда сақтау арқылы қарау мен шешуге бағытталған құқық қорғау қызметі болып табылады.
Сот төрелігінің мақсаты — аталған барлық істер бойынша әділ, заңды сот талқылауын қамтамасыз ету.
Сот төрелігінің міндеттері:
соттардың қылмыстық, азаматтық, әкімшілік істерді жан жақты, толық және объективті шешуі;
азаматтардың сот арқылы қорғану құқығын жүзеге асыру;
заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайту;
құқыққа деген кұрметтілік қатынасын қалыптастыру;
құқық бұзушылықтарды ескерту.
Сот төрелігі, өз кезегінде сот төрелігі принциптеріне сай қызмет жасайды. Сот төрелігінің принциптері — бұл сот қызметтерінің ұйымдастырылуы мен қызметтерінің мәні мен мазмұнын анықтайтын басшылыққа алатын идеялар, ережелер.
Сот төрелігінің принциптері ҚР-сы Конституциясында және сот жүйесі туралы конституциялық заңда бекітілген принциптерге деп бөлінеді. Сот төрелігінің басты принциптері ҚР-сы Конституциясында бекітілген және олардың жоғары заң күші бар. ҚР-сы Конституциясында бекітілген сот төрелігінің принциптері (Конституциясының 77 бабы):
адамның кінәлігі екендігі заңды күшіне енген сот үкімімен танылғанша ол жасалған қылмысқа кінәлі емес деп есептеледі;
бір құқық бұзушылық үшін ешкімді де қайтадан қылмыстық немесе әкімшілік жауапқа тартуға болмайды;
өзіне заңмен көзделген соттылығын оның келісімінсіз ешкімнің өзгертуіне болмайды;
сотта әркім өз сөзін тыңдатуға құқылы;
жауапкершілікті белгілейтін немесе күшейтетін, азаматтарға жаңа міндеттемелер жүктейтін немесе олардың жағдайын нашарлатын заңдардың кері күші болмайды. Егер құқық бұзушылық жасалғаннан кейін ол үшін жауапкершілік заңмен алынып тасталса немесе жеңілдетілсе, онда жаңа заң қолданылады;
айыпталушы өзінің кінәсіздігін дәлелдеуге міндетті емес;
ешкім өзіне-өзі, жұбайына (зайыбына) және заңмен белгіленген шектегі жақын туыстарына қарсы айғақ беруге міндетті емес. Діни қызметшілер өздеріне сеніп сырын ашқандарға қарсы куә болуға міндетті емес;
адамның кінәлі екендігі жөніндегі кез келген күдік айыпталушының пайдасына қарастырылады;
заңсыз тәсілмен алынған айғақтардың заңды күші болмайды. Ешкім өзінің жеке мойындауы негізінде ғана сотталуға тиіс емес;
қылмыстық заңды ұқсастығына қарай қолдануға жол берілмейді.
ҚР-сы Конституциясымен белгіленген сот төрелігінің принциптері Республиканың барлық соттары мен судьяларына ортақ және бірыңғай болып табылады.
Енді, сот жүйесі туралы заңда бекітілген прициптерге тоқталсақ, онда сот төрелігінің принциптері мыналар:
заңдылық;
сот төрелігін тек сот ғана жүзеге асыруы;
судьяларды сайлау мен тағайындау;
судьялардың тәуелсіздігі;
судьяларға ешкімнің тиіспеуі;
сот істерін кәсіби негізде қарау;
барлығының заң мен сот алдындағы теңдігі;
тараптардың теңдігі мен жарыспалылығы;
сот ісінің тілі;
сот ісінің жариялылығы;
сот арқылы қорғану;
кінәсіздік презумпциясы.
Сот төрелігінің принциптерінің маңызы мынадан көрінеді:
сот төрелігінің маңызды ерекшеліктерін анықтап көрсетеді;
сот төрелігінің принциптері барлық органдар мен тұлғаларға міндетті;
сот төрелігі туралы нормаларды дұрыс түсіндіруге үлкен маңызы бар.
Заңдылық — сот төрелігінің басты принципі ретінде орнықтырылады. Заңдылық принципі сот төрелігінде мынаны білдіреді:
сот төрелігін заңда белгіленген тәртіппен құрылған соттар ғана жүзеге асырады;
сот төрелігін жүзеге асыру кезінде судьялар тәуелсіз және ҚР-сы Конституциясы мен заңдарға бағынады;
сот төрелігін жүзеге асыру кезінде соттар азаматардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау бойынша қызмет атқарады;
сот төрелігін жүзеге асыру кезінде соттар заң талаптарын қатаң сақтап отыруы қажет.
Бұл принциптің үлкен саяси маңызы бар. Себебі, осы принцип арқылы сот төрелігін соттардан басқа ешқандай мемлекеттік органдар мен ұйымдар, лауазымды тұлғалар мен азаматтар жүзеге асыра алмайтындығын белгілейді. Сондықтан, сот төрелігін тек соттар ғана жүзеге асырады, сөйтіп сот төрелігі арқылы соттар қылмысқа кінәлі тұлғаны анықтап, қылмыстық жазаға тартады және азаматардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіреді. Және бұл принцип арқылы соттардың қызметтеріне араласуға жол берілмейді.
ҚР-нда судьялар корпусын қалыптастыру екі тәсілмен жүзеге асырылады. Яғни, судьяларды сайлау мен тағайындау арқылы:
ҚР-сы Жоғарғы сот төрағасын, Жоғарғы сот алқаларының төрағаларын және Жоғарғы сот судьяларын ҚР-сы Жоғарғы сот кеңесінің кепілдемесі негізінде ҚР-сы Президентінің ұсынуымен ҚР-сы Парламенті Сенаты сайлайды;
ҚР-сы облыстық және оған теңестірілген соттардың төрағаларын, облыстық және оған теңестірілген соттардың алқа төрағаларын және облыстық және оған теңестірілген сот судьяларын ҚР-сы Жоғарғы сот кеңесі кепілдімесі негізінде ҚР-сы Президенті тағайындайды;
ҚР-сы аудандық және оған теңестірілген сот төрағаларын және судьяларын ҚР-сы Әділет біліктілік алқасының кепілдемесі негізінде ҚР-сы Әділет Министрі ұсынуымен ҚР-сы Президенті тағайындайды.
Судьялардың тәуелсіздігі және олардың тек ҚР-сы Конституциясы мен заңдарға бағынуы.
Судьялардың тәуелсіздігі принципі мынаны білдіреді:
судьялардың қызметтеріне араласуына жол берілмейді;
сот мемлекеттік биліктер органдарының жүйесінде дербес орында тұрады;
сот тек республикалық бюджет арқылы қаржыландырылады;
судьяларға ешкімнің тиісуіне жол берілмейді;
соттар саясаттан тыс;
нақты қылмыстық, азаматтық істер бойынша судьялар есептер бермейді;
судьяларды қызметтерінен ауыстыруға болмайды;
судьяларды кұрметтемегені үшін қылмыстық жауаптылық көзделеді.
Сот төрелігінің алдында барлық азаматтар олардың әлеуметтік, нәсілдік, жыныстық, ұлттық, тегіне, лауызымына, тіліне, дініне, көзқарастарына қарамастан тең болады.
Заң алдындағы теңдік арқылы заңдар барлық азаматтарға бірдей таралады және азаматтар заңдарды мүлтіксіз орындап, сақтап отыруы қажет. Заңды бұзған азамат жауапқа тартылады.
Сот алдындағы теңдік арқылы сотқа келген барлық азаматтардың құқықтары мен іс жүргізушілік мәртебелері тең болады (мысалы, айыпталушыға адвокат беріледі, егер азамат сот ісін жүргізу тілін білмесе, онда оған аудармашы беріледі). Сотта сот ісін жүргізу заңдары біртұтас талаптар арқылы теңдіктен ерекшеліктері бар. Мысалы, қылмыстық ізге түсуден иммунитеттері бар тұлғаларға қатысты қылмыстық іс жүргізу өзгеше сипатта болады. Мысалы, ҚР-сы Президенті, Парламент депуттары, Бас прокурор, елшілер мен консулдар.
Сот ісінің жариялылығы
ҚР-нда барлық соттарда істерді қарау ашық түрде жүргізіледі. Бірақ, мынадай жағдайларда істерді қарау жабық түрде өткізіледі:
егер сот талқылауында мемлекеттік, әскери, қызметтік, коммерциялық құпиялары ашылу қауіпі туындалса;
егер сот талқылауында адамның жеке өмірінің немесе жеке отбасының құпиясы ашылып қауіпі туындалса;
егер қылмыстық іске қатысушылардың (мысалы, жәбірленуші, куә) қауіпсіздігін қамтамасыз ету қажет болса.
1995 жылғы ҚР-сы Конституциясы сот билігін мемлекеттік биліктің дербес тармағы ретінде бөліп алып, заң шығарушылық және атқарушылық биліктен бөлуді жария етті. Сот билігінің мақсаты азаматтардың, мемлекеттік органдардың, ұйымдардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғауды жүзеге асырудан, ҚР-сы Конституциясының, заңдардың, өзге де нормативтік құқықтық актілердің, ҚР-сы халықаралық шарттарының орындалуын қамтамасыз етуден тұрады. Осы арқалы сот билігіне, біріншіден, құқық туралы барлық жан жалдар мен дауларды шешетін төрешінің, екіншіден, мемлекетте заңдылық режимінің орындалуы мен сақталуын қамтамасыз ететін органдардың рөлі берілген.
Заңда белгіленген тәртіппен судья лауазымына тағайындалған немесе сайланған, тиісті сотта жұмыс істейтін және өз өкілеттіктерін кәсіптік негізде жүзеге асыратын адам судья болып табылады.
Судьялардың құқықтық мәртебесі судьялардың тәуелсіздігі мен ауыстырылмайтындығын, сондай-ақ оған ешкімнің тиіспеушілігін қамтиды. Тәуелсіздік судьяның тәуелсіздігін және тек Конституцияға бағынатындығын көрсетеді. Ешкімнің де сот төрелігін жүзеге асыруға араласуға және судьяға қандай да бір ықпал етуге құқығы жоқ. Судья қаралған немесе қаралып жатқан сот істерінің мәні жөнінде қандай да бір түсінік беруге міндетті емес.
Судьялардың құқықтық мәртебесі соттарды құру тәртібін, оларды ұйымдастыру қағидаттары мен қызметін, сот жүйесін, әрбір сот буының құрамын, құрылымын, құзіретін, сондай-ақ судьялардың құқықтық мәртебесін айқындайтын нормативтік құқықтық актілер жүйесін құрайтын ҚР-сы сот билігі заңнамасымен реттеледі.
Соттардың қызметін және судьялардың мәртебесін реттейтін негізгі құжаттар ҚР-сы Конституциясы мен сот жүйесі туралы конституциялық заң болып табылады.
ҚР-сы Конституциясының 77 бабының 1 тармағына және сот жүйесі туралы конституциялық заңның 25 бабына сәйкес сот төрелігін атқару кезінде судья тәуелсіз және тек Конституция мен заңға бағынады. Судьялар оларға заңмен берілген өкілеттіктерді жүзеге асыру кезінде атқарушылық және заң шығарушылық мемлекеттік билік тармағының қандай да бір органы мен лауазымды адамына бағынбайды және жоғары тұрған сот сатыларына есеп бермейді.
Сот істерін қарау кезінде сот талқылауына қатысушылардың пікіріне байланысты емес, айыптау жағында, қорғау жағында қолдамайды. Судья істі қарау кезінде әділ болуға және қаралған дәлелдемелерге баға беруге негізделген өзінің ішкі сенімі бойынша шешім қабылдауға және бұл ретте тек Конституцияға мен заңды басшылыққа алуға тиіс.
Судьяның тәуелсіздігі Конституция мен заңда қорғалады және:
сот төрелігін жүзеге асырудың заңда көзделген рәсімімен;
оның сот төрелігін іске асыру жөніндегі қызметіне қандай да болмасын араласумен жауапкершілігіне қауіп төндіруге тыйым салумен;
сотты сыйламағандығы үшін жауапкершілік белгілеумен;ъ
белгіленген тәртіппен судьяны қызметке сайлау, тағайындау, өкілеттігін тоқтату және тоқтата тұру тәртібімен, оның орнынан түсу құқығымен;
судьяларға мемлекет есебімен олардың мәртебесіне сәйкес материалдық жағдай жасау және әлеуметтік қамсыздандыру арқылы қаматамасыз етіледі.
Сот жүйесі туралы заңның 29 бабының 1,2 тармақтарына сәйкес, аудандық соттың судьясы болып жиырма бес жасқа толған, жоғары заң білімі бар, еңбек жолы мінсіз және заң мамандығы бойынша кемінде екі жыл жұмыс стажы бар, біліктілік емтиханын тапсырған, сотта тағлымдамадан ойдағыдай өткен және соттың жалпы отырысының оң пікірін алған ҚР-ның азаматы тағайындалуы мүмкін.
Көрсетілген талаптармен қатар, жаса, білім, кәсіпқойлық және моральдық шек қойылады. Бұл жеткілікті теориялық білім мен практикалық тәжірибенің болуымен қатар, жылдар бойы жинақталатын адаигершілік тазалықты талап ететін сот қызметінің өзгешілігіне байланысты. Судья ұқыпты әрі тәрбиелі адам, биязы мінезді, барлық жағдайларда өзін өзі ұстай білуге тиіс. Шыдамсыздық, ашуланшақтық, тараптарды және басқа да іс жүргізуге қатысушыларды төзіммен мыңдай білмеу төрелік шешімдердің адал шығарылуына кедергі келтіреді. Сот органдары тәуелсіздігінің негізгі қағидаларына сәйкес сот лауазымына үміткерлердің жоғары моральдық қасиеті мен қабілеті болуға тиіс.
Аудандық соттың судьясы қызметінің бос орнына кандидат іріктеуді сот жүйесі туралы заңның 29 бабының 1 тармағының талаптарына сай келетін адамдар, сондай-ақ судья қызметінің бос орнына орналасуға өтініш берген, қызмет істеп жүрген судьялардың арасынан конкурстық негізде Әділет біліктілік алқасы жүзеге асырады. Аудандық сот төрағасы лауазымының бос орнына кандидатураларды Жоғарғы сот төрағасы тиісті облыстық соттың жалпы отырысының қорытындысын ескере отырып, енгізген ұсыныс бойынша Әділет біліктілік алқасы қарайды.
Әділет біліктілік алқасы аудандық сот төрағасы немесе судьясы қызметінің бос орнына кандидатты Әділет Министріне ұсынады, ол заңда белгіленген тәртіппен оны қызметке тағайындау үшін ҚР-сы Президентіне ұсынады (көрсетілген заңның 30 бабының 2 тармағы).
Аудандық соттың судьясы Әділет министрінің Әділет біліктілік алқасының кепілдемесіне негізделген ұсынуы бойынша ҚР-ның Президенті тағайындайды.
Аудандық соттардың төрағаларын Әділет министрінің ұсынуы бойынша ҚР-ның Президенті бес жыл мерзімге тағайындайды.
Облыстық сот судьясы қызметіне кандидат іріктеуді бос қызмет орнында жұмыс істеуге өтініш берген және осы конституциялық заңның 29 бабының 2 тармағының талаптарына сай келетін адамдар конкурстық негізде Жоғарғы сот кеңесі жүзеге асырады. Жоғарғы сот кеңесі конкурстық қорытындысы бойынша облыстық соттың судьясы қызметінің бос орнына кандитатты қызметке тағайындау үшін ҚР-ның Президентіне ұсынады.
Облыстық сот төрағасы және оның алқасының төрағасы қызметінің бос орнына кандидатураны Жоғарғы сот төрағасы Жоғарғы соттың жалпы отырысының қорытындысын ескере отырып енгізген ұсыныс бойынша Жоғарғы сот кеңесі қарайды.
Жоғарғы сот кеңесі облыстық сот төрағасы және оның алқасының төрағасы қызметінің бос орнына кандидатты қызметке тағайындау үшін ҚР-ның Президентіне ұсынады.
Облыстық соттың судьясын Жоғарғы сот кеңесінің кепілдемесі бойынша ҚР-ның Президенті тағайындайды. Облыстық соттардың төрағалары мен алқаларының төрағаларын Жоғарғы сот кеңесінің кепілдемесі бойынша ҚР-сы Президенті бес жыл мерзімге тағайындайды.
Жоғарғы сот алқасының төрағасы және судьясы қызметінің бос орнына кандидатураны Жоғарғы соттың төрағасы Жоғарғы соттың жалпы отырысының қорытындысын ескере отырып енгізген ұсыныс бойынша Жоғарғы сот кеңесі қарайды. Жоғарғы сот төрағасы қызметіне кандидатураны Жоғарғы сот кеңесі қарайды. Жоғарғы сот кеңесі Жоғарғы сот төрағасы, алқа төрағасы және судья қызметінің бос орнына кандидатураны ҚР-сы Парламентінің Сенатына ұсынуы үшін ҚР-сы Президентіне ұсынады. ҚР-сы Жоғарғы сотының судьяларын ҚР-сы Президентінің Жоғарғы сот кеңесінің кепілдемесіне негізделген ұсынуы бойынша Сенат сайлайды.
Жоғарғы соттың төрағасы мен осы соттың алқаларының төрағаларын ҚР-сы Президентінің ұсынуы бойынша тиісті қызметтерге бес жыл мерзімге Сенат сайлайды.
Жоғарғы соттың төрағасы мен алқаларының төрағалары, облыстық соттың төрағасы мен алқаларының төрағалары, аудандық соттың төрағасы өкілеттіу мерзімдері аяқталғаннан кейін, егер олар бұрыңғы қызметтеріне енемесе басқа соттағы осындай қызметке тиісінше қайтадан сайланбаған немесе тағайындалмаған болса, тиісті соттың судьясы өкілеттігін жүзеге асыруды жалғастырады.
Сот жүйесі туралы заңның 27 бабында бекітілген судьяларға ешкімнің тиіспеуі судьяның қандайда бір жауапкершілікке тартылмайтынын білдірмейді. Осы заңның 39 бабына сәйкес мынадай бұзушылықтар үшін:
— егер судья сот істерін қарау кезінде заңдылықты бұзса, сот актісінің күшін жою немесе өзгерту, егер бұл орайда заңды өрескел бұзуға жол берілмеген және ол туралы жоғары тұрған сот сатысының сот актісінде көрсетілмеген болса, өздігінен судьялардың жауаптылығына әкеп соқпайды;
— егер судья қайшы келетін теріс қылық жасаса, бұл ретте қоғамдық орындарды мас күйінде жүру, бейпіл сөздер айту ұғынылады;
— еңбек тәртібін өрескел бұзғаны үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылуы мүмкін
Сот төрағалары және сот алқаларының төрағалары аталған заңда көзделген лауазымдық міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін тәртіптік жауаптылыққа тартылуы мүмкін.
Заңнамаға сәйкес судьяларға тәртіптік жазаның мына түрлері қолданылуы мүмкін:
ескерту;
сөгіс;
біліктілік сыныбын төмендету;
қызметтік міндеттерін тиісінше атқармағаны үшін сот төрағасы немесе сот алқасының төрағасы қызметінен босату;
судья заңда көзделген негіздер бойынша судья қызметінен босату.
Әрбір тәртіп бұзушылық үшін тәртіптік теріс қылықтың сипаты, судьяның жеке басы туралы деректер және оның кінәсінің дәрежесі ескеріле отырып, тек бір тәртіптік жаза қолданылады.
Тәртіптік іс қозғау құқығы:
ҚР-сы кез келген судьясына қатысты — Жоғарғы сот төрағасына;
Облыстық соттың алқа төрағасы мен судьяларына, аудандық соттың төрағасы мен судьяларына қатысты — облыстық сот төрағасына тиесілі болады;
Судьяға қатысты тәртіптік іс қарау, қызметтік тексеру мен судьяның дәлелді себептермен жұмыста болмаған уақыттын есепке алмағанда, теріс қылық анықталған күннен бастап — үш айдан кешіктірілмей және теріс қылық жасалған күннен бастап бір жылдан кешіктірілмей қозғалуы мүмкін.
Жоғары тұрған сот сатысының заңдылықтың бұзылу фактісі анықталған сот актісі заңды күшіне енгізілген күн судьяның сот ісін қарау кезінде заңдылықты бұзуына байланысты тәртіптік теріс қылықтың анықталған күні болып есептеледі, ал заңсыз сот актісі шығарылған күн осындай теріс қылықтың жасалған күні болып есептеледі.
Тәртіптік іс қозғалған күнінен бастап екі ай мерзім ішінде қаралуға тиіс. Тәртіптік істерді қарау жөніндегі органдар:
Республикалық тәртіптік-біліктілік алқасы Жоғарғы соттың алқа төрағалары мен судьяларына, облыстық соттардың төрағалары мен алқа төрағаларына қатысты тәртіптік істерді, сондай-ақ облыстық тәртіптік-біліктілік алқаларының шешімдеріне қатысты шағымдарды қарайды;
Облыстық тәртіптік-біліктілік алқалары облыстық соттардың судьяларына, сондай-ақ аудандық соттардың төрағалары мен судьяларына қатысты тәртіптік істерді қарайды.
Тәртіптік іс жөніндегі тәртіптік-біліктілік алқа:
ескерту және сөгіс түрінде тәртіптік жаза қолдану туралы;
тәртіптік іс жүргізуді қысқарту туралы;
қызметтік міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін судьяның біліктілік сыныбын төмендету сот төрағасы немесе алқа төрағасын қызметінен босату және судьяның өкілеттігін тоқтату жөнінде тиісті органдарға немесе лауазымды тұлғаға ұсыныс жіберу туралы;
төменгі тұрған тәртіптік-біліктілік алқаның шешімін өзгерту не оның күшін жою және істі жаңадан қарауға жіберу туралы шешімдердің бірін шығарады.
Егер судья жаа қолданылғна күннен бастап бір жыл бойы жаңадан тәртіптік жазаға тартылмаса, онда ол тәртіптік жазаға тартылмаған деп есептеледі.
Судья мінсіз тәртібімен өз міндеттерін адал атқарған жағдайда, тәртіптік жаза қолданылған күннен бастап алты ай өткеннен кейін мерзімінен бұрын алынуы мүмкін.
Тәртіптік жазаны берген тәртіптік-біліктілік алқасы оны мерзімінен бұрын алуы мүмкін.
ҚР-сы заңнамасына сәйкес мемлекеттік органның немесе оның лауазымды тұлғасының кез келген әрекетіне не шешіміне белгіленген тәртіппен шағым берілуі мүмкін. Осы маңызды конституциялық принцип сот жүйесі туралы заңда көрсетілген. Аталған заңның 46 бабының 1,2 тармақтарына сәйкес облыстық тәртіптік-біліктілік алқасының шешіміне өзіне қатысты шешім шығарылған судья, сондай-ақ тәртіптік іс қозғаған тұлға Республикалық тәртіптік-біліктілік алқасына шағымдануы мүмкін. Ал, Республикалық тәртіптік-біліктілік алқасының шешімі түпкілікті болып табылады және шағымдануға жатпайды.
Судьяның өкілеттігі, егер:
судья ҚР-сы Президентігіне, ҚР-сы Парламентінің немесе маслихатының депуттатығына кандидат болып тіркелінсе;
судья заңды күшіне енген сот шешімімен хабарсыз кеткен деп танылса;
судья қылмыстық жауапқа тартуға келісім берілсе;
басқа жұмысқа ауысса, тоқтатыла тұрады.
Судьяның өкілеттігін тоқтата тұруды:
Жоғарғы сот төрағасына қатысты — ҚР-сы Президенті;
Республиканың қалған барлық судьяларына қатысты — Жоғарғы сот төрағасы жүзеге асырады.
Судьяның өкілеттігі мынадай негіздерде:
орнынан түскенде немесе өз тілегі бойынша судья қызметінен босағанда;
медициналық қорытындыға сәйкес кәсіптік міндеттерін одан әрі атқаруға кедергі болатын денсаулық жағдайы бойынша;
судьяны іс әрекетке қабілетсіз немесе іс әрекетке қабілеті шектеулі деп тану не оған медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы сот шешімі заңды күшіне енгенде;
осы судьяға қатысты айыптау үкімі заңды күшіне енгенде;
ҚР-сының азаматтағынан айырылғанда;
судья қайтыс болған немесе соттың оны қайтыс болды деп жариялау туралы шешімі заңды күшіне енген жағдайда;
судья басқа лауазымға тағайындалған, сайланған және ол басқа жұмысқа ауысқан жағдайда;
соттың таратылуына немесе өкілеттік мерзімінің өтуіне байланысты, егер судья басқа соттағы бос қызмет орнына орналасуға келісімін бермесе, тоқтатылады.
Судьяның өкілеттігі судьялардың тәртіптік-біліктілік алқасының судьяны тәртіптік теріс қылықтар жасағаны немесе осы заңның 28 бабында көрсетілген талаптарды орындамағаны үшін қызметінен босату қажеттігі туралы шешіміне байланысты тоқтатылуы мүмкін.
Сот төрағасының не алқа төрағасының өкілеттіктері олар осы заңда көрсетілген талаптарды орындамаған жағдайда мерзімінен бұрын тоқтатылуы мүмкін.
Судьяны қызметтен босату туралы шешім:
Жоғарғы соттың төрағасы, алқа төрағалары мен сульяларына қатысты ҚР-сы Президентінің ұсынуы бойынша — ҚР-сы Парламенті Сенатының қаулысымен;
облыстық соттың төрағасы, алқа төрағалары мен судьялары, аудандық соттың төрағасы мен судьясына қатысты — ҚР-сы Президентінің Жарлығымен қабылданады.
Судьяны қызметінен босату сонымен бір мезгілде тиісті соттың төрағасы немесе алқа төрағасы өкілеттіктерінің тоқтатылуына әкеп соғады.
Тиісті соттың төрағасын немесе алқа төрағасын өкілеттік мерзімінің өтуіне байланысты қызметтен босату оларды осы соттың судьясы қызметінен босатуға әкеп соқпайды.
Судьяны орнынан түсуі нысанында қызметінен босату заңда көзделген негіздер бойынша жүзеге асырылады. Бұл ретте орнынан түскен судьяның:
судьялар қоғамдастығында болуы және жеке басына тиіспеушілік кепілдіктері сақталады;
судья ретіндегі жұмыс стажы бес жылдан кем болмаған жағдайда осы заңда көзделген жеңілдіктер сақталады;
екі лауазымдық айлық ақысы мөлшерінде біржолғы шығу жәрдемақысы төленеді.
Зейнеткер жасына жеткенде және тиісті стажы мен еңбек сіңірген жылдары болған жағдайда судьяға қатысты ҚР-ның заңдарында көзделген шарттармен зейнетақы тағайындалады.
Судьяның орнынан түсуі:
судьяның қызметіне тағайындалғанда немесе оқытушылық, ғылыми немесе өзге де шығармашылық қызметтен басқа ақы төленетін қызметке тұрғанда;
ол қылмыс жасағанда немесе сот билігінің беделіне нұқсан келтіретін теріс қылық жасағанда;
өз тілегі бойынша;
ҚР-ның азаматтығынан айырылғанда.
Республикада азаматтық, төрелік, қылмыстық және басқа да істерді қарайтын, соттардан тыс ешқандай орган жоқ. Азаматтық және шаруашылық істерді сотқа дейін әзірлеу жүргізуге сот төрелігін жүзеге асыру болып табылмайды. Сондықтан Республиканың Конституциясында сот төрелігін жүргізетін органдардың арасында алдын ала тергеу жүргізетін органдар және прокуратура аталмайды.
Сот азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғайтын, ол бұзылған жағдайда оны қалпына келтіретін барынша ықпалды нысан болып табылады.
Соттарға мемлекеттік мәжбүрлеуді қолдану құқығы берілген. Сот азаматтық және шаруашылық істер жөніндегі шешімдермен кінәлі тарапты (талап қоюшыны немесе жауапкерді) тиісті тәртіпке шақырады, оларды міндеттері мен жауапкершілігін орындауға, оның ішінде жауапкердің есеп шотынан талап қоюшының пайдасына ақшалай қаражат өндіртуге не мүліктерін өндіруге мәжбүрлейді.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 13-бабының 2-тармағына сәйкес әркім өз құқықтары мен бостандықтарын сот арқылы қорғауға құқылы.
Алайда іс жүзінде азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын бұзушылық және оларды шектеу әлі де орын алады. Бұл жағдайда жеке, мүліктік, отбасы, еңбек және өзге де құқықтары мен заңды мүдделерді қорғаудың ең тиімді тәсілі — азаматтардың сотқа жүгінуі.
Сотта азаматтық іс:
өзінің құқығын немесе заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау үшін өтініш жасаған адамның арызы бойынша;
соттың арызы бойынша;
заң бойынша басқа адамдардың құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін сотқа жүгіне алатын болған жағдайда мемлекеттік басқару, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, кәсіподақтың, мекемелердің, ұйымдардың және азаматтардың мәлімдеуі бойынша қозғалады (ҚР АІЖК-нің 8, 56, 57-баптары).
Азаматтық іс қозғау — процестің бірінші және өте маңызды сатысы.
Азаматтық іс жүргізуге кодексінің 152-бабына сәйкес азаматтық іс бойынша арызды қабылдау туралы мәселені судья жеке дара шешеді. Арыз сотқа түскеннен бастап бес күннің ішінде судья істі қозғау жөнінде ұйғарым шығарады. Мүдделі адамның құқығын соттың қорғауы іске асырылатыны немесе бұдан бас тартылатыны соттың бұл мәселені дұрыс шешуіне байланысты болады.
Азаматтық істі қозғаудың алдында мүдделі адам талап арыз, шағым (арыз) береді.
Талап арыздың берілуімен талап қою бойынша іс жүргізуге қозғалады. Ерекше талап қоюмен іс жүргізуге және Ерекше іс жүргізуге — арыз, шағым берумен қозғалады.
Талап қою бойынша іс жүргізуге азаматтық, отбасылық, еңбек, тұрғын үй және басқа да құқықтық қатынастарынан туындайтын субъективтік құқық немесе заңмен қорғалатын мүдде туралы дауларды қарау мен шешу жөніндегі соттың азаматтық іс жүргізуге құқығының нормаларымен реттелген қызметі.
Сотта азаматтық істердің көпшілігі Азаматтық іс жүргізуге кодексінің 150-бабында аталған талаптар сақтала отырып, жазбаша түрде талап қойылған, яғни азаматтық іс туралы қажет мәліметтер бар талап арыз беру арқылы қозғалады. Егер талап арызды өкіл берсе, оған заңда белгіленген тәртіппен рәсімделген сенімхат немесе өкілдің өкілеттігін куәландыратын өзге құжат қоса табыс етілуі қажет. [43.441]
Талап арызға талап қоюшы қол қойып, сотқа жауапкерлер мен үшінші тұлғалардың санына қарай көшірмелерімен қоса беріледі. Судья істің қиындығы мен сипатына қарай талап қоюшының талап арызға қоса тіркелетін құжаттардың көшірмелерін табыс етуге міндеттеуі мүмкін (ҚР АІЖК 151-бабының 4-тармақшасы).
Талап арыз бен қос құжаттардың көшірмесі жауапкерге табыс етіледі, мұның өзі оның істі сотта қарауға дайындалуына мүмкіндік береді.
Сотқа берілетін талап арызға баж төленуге тиіс (ҚР АІЖК-нің 101-бабы, «Мемлекеттік баж туралы» заңының нормасына сәйкес).
Азаматтық істі қозғай отырып, бес күннің ішінде судья ұйғарым шығарады да, сонымен бірге істі өзінің жүргізугеіне қабылдайды және сол кезден бастап нақты іс бойынша процесс пайда болады.
Азаматтық іс қозғау сатысында судья ұйғарым шығару ретінде келесі шешімдердің біреуін қабылдайды:
талап арызды (арыз, шағым) қабылдау және өз қарауына алу;
талап арызды (арыз, шағым) қабылдаудан бас тарту;
талап арыз (арыз, шағым) қайтару;
талап арызды қозғалыссыз қалдыру.
Азаматтық іс бойынша талап арызды (арыз, шағым) қабылдау және өз қарауына алу мәселесін судья жеке-дара шешеді. Талап арызды қабылдау туралы судья ұйғарым шығарады. Сот ұйғарымды қабылдағаннан кейін азаматтық іс процестің келесі сатысына өтеді.
Кейде азаматтық іс қозғау сатысында арыз азаматтық сот ісін жүргізуге тәртібімен қарауға және шешуге жатпайтыны анықталса, сондай-ақ тараптардың арасындағы дау бойынша, сол нысана туралы және сол негіздер бойынша шығарылған соттың заңды күшіне енген шешімі немесе талап қоюшының талап қоюдан бас тартуына байланысты іс бойынша сот ісін жүргізугеді тоқтату туралы немесе тараптардың бітімгершілік келісімін бекіту туралы сот ұйғарымы болса судья талап арызды қабылдаудан бас тарту туралы ұйғарым шығарады.
Арызды қабылдаудан бас тарту туралы ұйғарым ол сотқа түскен кезден бастап бес күн мерзімде шығарылуы және арыз берушіге арызға қоса тіркелген барлық құжаттармен бірге табыс етілуге немесе жіберілуге тиіс. Арызды қабылдаудан бас тарту өтініш берушінің сол жауапкерге сол нысана және сол негіздер бойынша талап қоюмен сотқа қайтадан жүгінуге заң бойынша болмайды.
Арызды қабылдаудан бас тарту туралы судьяның шығарған ұйғарымына іске қатысушылармен жеке шағым берілуі, ал прокурормен — жеке наразылық келтірілуі мүмкін.
Сонымен қатар азаматтық іс қозғау сатысында судья талап арызды қайтаруға құқылы. Талап арызды қайтару туралы судья ұйғарым шығарады. Мұндай ұйғарым шығарады, егер:
талап қоюшы істердің осы санаты үшін дауды сотқа дейін алдын ала шешу заңдармен белгіленген тәртібін сақтамаса және осы тәртіпті қолдану мүмкіндігі жойылмаса;
іс осы соттың соттауына жатпаса;
арызды әрекетке қабілетсіз адам берсе;
арызға оған қол қоюға өкілеттігі жоқ адам қол қойса;
осы немесе басқа бір соттың іс жүргізугеінде сол тараптар — арасында, сол нысана туралы және сол негіздер бойынша дау жөнінде іс бар болса;
коммуналдық мүлікті басқаруға құқылы орган жылжымайтын мүлікке құқықты мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын органның осы затты қабылдаған күнінен бастап бір жыл өткенге дейін жылжымайтын затқа коммуналдық меншікті тану туралы өтінішпен сотқа жүгінсе;
бұл туралы талап қоюшы мәлімдесе.
Талап арызды қайтару туралы ұйғарым ол сотқа түскен күннен бастап бес күн мерзімде шығарылуға және арызға қоса тіркелген барлық құжаттармен арыз берушіге тапсырылуға және жіберілуге тиіс, сонымен қатар осы сот ұйғарымына жеке шағым және жеке наразылық берілуі мүмкін.
Егер талап қоюшы жол берілген бұзушылықты жоятын болса, арызды қайтару талап қоюшының сол жауапкерге, сол нысана туралы және сол негіздер бойынша талап қоюмен сотқа қайтадан жүгінуге кедергі болмайды.
Азаматтық іс қозғау сатысында судья талап арыз ҚР АІЖК-нің 150-бабының талаптарына және 151-бабының 1) — 3) тармақшаларына сәйкес келмеген жағдайда арызды қозғалыссыз қалдыру туралы ұйғарым шығарады. Бұл ұйғарымда талап қоюшымен талап арызында келтірілген кемшіліктер көрсетіледі және оларды түзетуге мерзім береді. Талап қоюшы судьяның нұсқауына сәйкес және ол белгілеген мерзімде ұйғарымда аталған талаптарды орындаса, талап арыз оны сотқа алғашқы тапсырылған күні берілген болып есептеледі және судья азаматтық іс қозғау туралы ұйғарымын шығарып іс келесі сатыда қаралуына мүмкіндік етеді. Егер кемшіліктер белгіленген мерзімде түзетілмесе арыз берілмеген болып есептеледі және судьяның ұйғарымымен оған қоса тіркелген барлық құжаттармен бірге талап қоюшыға қайтарылады, бірақ талап қоюшы арызды қайтару туралы судьяның ұйғарымына жеке шағым, наразылық беруі мүмкін. [23.61]
Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізуге кодексінің 249-бабына сәйкес сот арызды қараусыз қалдыру мүмкін, егер:
талап қоюшы осы санаттағы істер үшін заңда белгіленген дауды алдын ала сотқа дейін шешудің міндетті тәртібін сақтамаса және осы тәртіпті қолданудың мүмкіндігі жоғалмаса (мысалы, «Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 232-235-баптары. (2002 жылғы 17 қаңтар № 284 — ІІ);
арызды әрекетке қабілетсіз адам берсе;
арызға қол қойған және оны берген адамның арызға қол қоюға және оны беруге өкілеттігі жоқ болса;
осы немесе басқа соттың іс жүргізугеінде осы тараптар арасындағы, сол мәселе туралы дау бойынша және сол негіздер бойынша бұрын қозғалған іс бар болса;
тараптар арасында бұл дауды заңға сәйкес аралық соттың шешіміне беру туралы келісім жасалса және жауапкерден істі мәні бойынша қарау басталғанға дейін дауды сотта шешуге қарсылық білдірілсе;
өздерінің қатысуынсыз істі қарауды өтінбеген тараптар екінші шақыру бойынша сотқа келмесе;
өзінің қатысуынсыз істі қарауды өтінбеген талап қоюшы екінші шақыру бойынша сотқа келмесе, ал жауапкер істі мәні бойынша қарауды талап етпесе;
өзінің мүддесіне сай іс қозғалған адам мәлімделген талапты қолдамаса;
талап арызды қайтарып алу туралы өтініш берілсе, ал жауапкер істі мәні бойынша қарауды талап етпесе;
көрсетушіге арналған күші жойылған бағалы қағаздар және ордерлі бағалы қағаздар бойынша құқықты қалпына келтіру туралы істер жөніндегі өтініш жарияланымнан бастап үш ай мерзім аяқталғанға дейін берілсе.
Аталған мән-жайлар жойылғаннан кейін мүдделі адам жалпы тәртіп бойынша сотқа тағы да арыз беруге құқылы.
Арызды қараусыз қалдыру туралы сот ұйғарым шығарады, бірақ іске қатысушы адамдар оған жеке шағым беруі немесе прокурор наразылық келтіруі мүмкін.
ҚР Конституциясының 13-бабының 2-бөлігі бойынша әркiмнiң өз құқықтары мен бостандықтарының сот арқылы қорғалуына құқығы бар.
Мемлекеттік органдар, заңды тұлғалар немесе азаматтар заңда көзделген жағдайларда өзге адамдардың немесе адамдардың белгісіз бір тобының құқықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау туралы сотқа арыз беріп жүгінуге құқылы (ҚР АІЖК-нің 8-бабының 1-бөлігі).
Талап — құқық туралы дау шешу үшін бұзылған немесе даулы субъективтік құқықты немесе заңмен қорғалатын мүддені қорғау туралы талап қою арқылы тұлғаның сотқа жүгіну.
Талап — субъективтік құқықты немесе заңмен қорғалатын мүддені сот арқылы қорғау тәсілі.
Талап — азаматтық іс қозғау тәсілі.
Талап элементтері — бұл талаптың құрамалы бөлшектері. Оларға (элементтеріне):
мазмұны;
нысанасы;
негіздемесі жатқызылады.
Талаптың мазмұны — талап қоюшымен көрсетілген сот арқылы қорғану түрі, яғни сотқа жүгіну арқылы талап қоюшының өзінің бұзылған немесе даулы құқығын қорғау үшін сұрайтын соттың қызметі.
Талаптың мазмұны талап қоюшының сотқа қойылатын талабын бейнелейді және талап арыздың сұрау бөлігінде көзделеді.
Талаптың нысанасы — бұл талап қоюшының соттан шешуді сұрайтын материалдық-құқықтық дау.
Талаптың нысанасына:
Талап қоюшы мен жауапкер араларында материалдық-құқықтық қатынастың бар немесе жоқтығы туралы дау (мысалы, некені заңсыз деп тану);
Талап қоюшымен материалдық-құқықтық қатынасынан туындайтын жауапкердің міндеттері туралы дау (мысалы: мүлік иесі өз мүлкін қайтаруын талап ету, несие беруші — қарызды қайтаруын);
Тараптар араларындағы құқұқ қатынасты өзгерту немесе тоқтату туралы дау (мысалы: туылған сәбидің әкесін анықтау, талап қоюшы мен жауапкер арасындағы некені бұзу).
Талап талаптары субъективтік азаматтық құқықтарынан пайда болады. Мысалы: меншік иесі өзінің жоғалған мүлкіне иеленуді қалпына келтіру туралы өзінің меншік құқығы бар екеніне сілтеме жасауы; өнертапқыш өзінің ойлап тапқан өнертабысын талап етуде — өзінің интеллектуалды меншігіне сілтеме жасауы.
Талаптар мына негіздер бойынша жіктеледі:
материалдық-құқықтық белгілер;
процессуалдық-құқықтық белгілер.
Талаптардың процесуалдық-құқықтық белгісі бойынша жіктелуі талаптың мазмұны бойынша қалыптасқанын білдіреді, яғни талап қоюшы талабының сот арқылы қорғану түрі бойынша. Талаптардың түрлерге бөлінуінің процессуалдық-құқықтық жіктелуі негізі арқылы талаптардың мазмұны танылады.
Сондықтан осындай жіктелуі негізі бойынша талаптарды үш түрге бөлуге болады:
1-ұйғару туралы талаптар;
2-мойындау туралы талаптар;
3-өзгертетін (құқық қатынастарын өзгертуге немесе тоқтатуға арналған) талаптар.
Ұйғару туралы талаптар немесе атқару талаптар дегеніміз бұл жауапкердің белгілі әрекеттер жасау немесе жасамауын соттан талап қоюшының сұрайтын талабы. Талап қоюшының соттан жауапкердің өз міндеттерін орындатуды сұрауы ұйғару талап деп аталады (мысалы: талап … жалғасы

Дереккөз: https://stud.kz