Ауыл шаруашылығы өндірісін экологияландыру |

0

Мал шаруашылығы саласын тұралатқан дағдарыс ауыл шаруашылығы жерлерінің құнарлылығына жағымсыз әсерін тигізіп, нәтижесінде, экологиялық балансқа қауіп төндіреді. Сондықтан да осы саланы дамыту аграрлық саясаттың басым бағыттарының бірі болуы тиіс.

Топырақ өзінің құрамын сақтауға және жақсартуға көмектесетін, қарашірік қалыптастыратын оте маңызды органикалық тыңайтқыштарды толық дәрежеде ала алмайды. Бұл мал, шошқа және құстар санының азаюына байланысты. Сонымен қатар, мал шаруашылығы саласында органикалық тыңайтқыштарды өндіруді азайтуға әкеп соғады. Бұдан басқа, осы саланың көптеген шаруашылықгарында органикалық тыңайтқыштардың біраз бөлігі жанармай сатып алуға қаржы жетіспегендіктен және қажетті техниканың жоқтығынан егістікте жеткізілмей қалып қойды.

Ауыл шаруашылығы кәсіпорындары бірнеше жылдар бойы топыраққа егін түсімі кезінде жоғалтқан нәрлі заттарды қайтара алмады. Бұл егін түсімін қалыптастыру үшін қарашірік шығарған нәрлі заттардың шектен тыс жойылуына, топырақ сапасының төмендеуіне, тамақ өнімдерінде нитраттардың жиналуына, су қоймаларының ластануына, ең бастысы, топырақтың экономикалық құнарлылығының әлсіреуіне алып келді. Мұның өзі жердің қайта қалпына келу мүмкіндігін шектеп, үлкен шығындарға ұшыратты. Осы үдерістің логикалық жалғасы егін түсімінің, ал нәтижесі жалпы өнім жинаудың азаюы, болып табылады, бұл кезегінде ауыл шаруашылығы кәсіпорындары қызметінің қаржы нәтижесіне жағымсыз әсер етеді.

Жерге деген тұтыну қатынасы экономикалық дағдарыстың жағымсыз көрінісі болып табылады. Алайда бұл мәселе тек экономикалық қана емес, сондай-ақ экологиялық сипатта да айқын корінеді. Жерге осындай қатынастың салдары экологиялық балансқа, сондай-ақ халықтың денсаулығына да кері әсерін тигізеді. Топырақтың құнарлылығын сақтау және жақсартуға ауыл шаруашылығы кәсіпорындары, сонымен қатар мемлекет те мүдделі.

Топырақтың құнарлылығын сақтау және арттыру мәселелерін шешу кешенді көзқарасты талап етеді. Макроэкономикалық деңгейде шаруашылық қызмет субъектілерін ынталандыратын жүйе құрып, топырақтың құнарлылығын арттыру жөнінде шараларды, атап айтқанда, экологиялық таза өнім шығаратын кәсіпорындарға арналған ынталандыру шаралары жүйесі, отандық минералдық тыңайтқыштар сатып алуға дотацияларды толығымен жетілдіру қажет.

Осыған ұқсас шаралар Еуропа одағы елдерінде қабылдануда, Мысалы, Австрия мен Германияда мемлекеттің ауыл шаруашылығына берген көрсеткіш қатары негізінде есептелген дотация көлемі мал басының 1 га жерге түсірген салмағына байланысты болады.

Шаруашылық деңгейінде топырақтың құнарлылығын арттыру үшін өзіндік құралдарды көп пайдалану қажет. Бұл тиімді сақталатын себу айналымдарын жасау сидератты мәдени дақылдар өсіру, топыраққа ұсақталған өсімдік қалдықтарын төгу және органикалық тыңайтқыштарды жеткілікті дәрежеде сіңіру.

Мұндағы мал шаруашылығы саласын органикалық тыңайтқыштың маңызды көзі ретінде дамыту өте маңызды болып табылады. Мал шаруашылығының даму деңгейі қазіргі кезде тек біздің елімізде ғана емес, сондай-ақ ауыл шаруашьшығы өндірісі дамыған елдерде де төмендеп келеді. Алайда әлемдік тәжірибе көрсеткендей, мал шаруашылығы тамақ өнімдерінің құнды көзі ретінде маңызды әрі теңдесі жоқ болып қана қоймай, сондай-ақ теңдестірілген шаруашылық өндірісінің басты құрамдас бөлігі болып табылады. Австралиялық ғалымдардың айтуынша, «ауыл шаруашылық өндірісі — бұл кен байыту өндірісі емес». Бұл дегеніміз, өнімнің топырақтан алған құнарлы заттары оған органикалық және минералдық тыңайтқыштармен бірге қайтарылуы керек.

Қарапайым есептеулер корсеткендей, шаруашылықта шығарылған органикалық тыңайтқыштар кәсіпорынға сатып алынатын минералдық тыңайтқыштарға қарағанда әлдеқайда арзанға түседі. Топырақтың құнарлылығын кешенді арттыру минералдық тыңайтқыштардың тиімді әрі теңестірілген санын енгізу бола тұра, дағдарыс жағдайында топыраққа органиканы енгізу оның құнарлылығын сақтайды жэне жақсартады.

Осы орайда мал шаруашылығы саласына органикалық тыңайтқыштарды ірі өндіруші ретінде ерекше мән беріледі. Осы салада көп мөлшерде өндірілген тыңайтқыштар топыраққа жіберілмес бұрын азғана өвдеуден өтуді талап етеді. Сонымен, Австралияда шоп шабылған соң (аймаққа байланысты 3-тен 5 маусымға дейін) үш күн ішінде шөп шабылған алаңға қоймалжың көң төгіледі. Сонымен қатар шаруашылық өте қымбат түратын минералдық тыңайтқыштар сатып алуға қаржыны үнемдеп, топырақ қүнарлылығын арттырады және мал шаруашылығы өнімдері өндірісінің қалдықтарын ұтымды пайдаланады.

Өркениетті елдердің мал шаруашылығы саласындағы аса маңызды мәселелерінің бірі қоршаған ортаға антропогендік зияндылықтарды өсімдік өсіру және мал шаруашылығы өнімдерін олардың жоғары сапасын сақтай отырып қол жеткен деңгейді төмендетіп алмай жоюдың тәсілдерін іздестіру болып табылады.

Осы мәселенің құрамдас бөлігі ретінде азотты тыңайтқыштарды қарқынды пайдаланудың салдары; топырақтың, жерасты суларының, су қоймаларының, сумен жабдықтау көздерінің, ең бастысы, ауыл шаруашылығы өнімдері мен ауызсу түрлерінің нитратты ластануы болып табылады.

Ауыл шаруашылығындағы «химиядан» толығымен бас тарту үдерісі соңғы жылдары күш алып келеді, бірақ бұл мәселені толыққанды шеше алмайды, өйткені минералдық азотты тыңайтқыштарсыз жоғары егін түсімін алу мүмкін емес. Нәтижесінде, «экологиялық таза, химиясыз» өнім — жоғары бағалы өнімді сатып алуды кез келген қарапайым адамның қалтасы көтермейді.

Осы бағыттар келесідей анықталады, біріншіден, азот пен көміртек физиологиялық белсенді агент ретінде көрінеді, ал екінші жағдайда аммиак пен көмір қышқыл газ деструктивті үдерістерге кедергі жасайды, олар өз кезегінде сапаның төмендеуіне, соның ішінде өсімдік өсіру өнімдерінің төмендеуіне алып келеді.

XX ғасырдың ортасындағы индустриялдандыру азық-түлік қауіпсіздігінің синониміне айналды. Дақыл өндіруді ұйымдастыру және ауыл шаруашылығы онімдерінің негіздері мен экономикалық даму деңгейінің индикаторы экономиканың орталық мәселесі болды. Дақьш өндіруді арттыру үшін бір мезгілде бірнеше тәсілдер пайдаланылды.

Астық жөніндегі халықаралық кеңес (ЮС) өздерінің қараша айында берген есептерінде 2010-2011 жылдардағы астықты элемдік өндірудің қазан айындағы көрсеткішін өзгеріссіз түрде 644 млн т деп қалдырды. Бұл бұрынғыға қарағанда, яғни өткен жылмен сальістырғанда 5%-ға төмен және үшінші рекордтық астық өндірісі.

Оңтүстік жарты шарда орналасқан елдерде астық жинау қарқыны жоғарьшап келеді. Бразилия мен Аргентинада астық дақылдарының өсімі жоғары. Соңғы мәліметтер бойынша, жинаған астық дақылдары 13 млн тоннаны құрайды, бұл дегеніміз өткен жылмен салыстырғанда 5 млн тоннаға жоғары. Австралиядағы өндіріс болжамы 23 млн т деңгейінде қалды, дегенмен, астық алқабын жинауға жауын-шашын кедергі келтіріп, астық өнімділігі мен сапасының төмендеп жатқандығы жайында ақпараттар алына бастады. АҚІП пен Украинада да астық өндірісінің жылдағыдан төмендеп бара жатқандығын статисткалық көрсеткіштерден байқауға болады.

IGC сарапшыларының пікірлері бойынша, астықты әлемдік түтыну 2 млн тоннадан 660 млн тоннаға көтерілуі мүмкін. Себебі, жем-шөп дақылдарына деген бағаның қолайлылығы Азия елдері жағынан, әсіресе, Оңтүстік Корея мен Филиппин елдерін қосқанда сұранысты арттыруы мүмкін.

Жем-шөп дақылдарын сатып алуға деген сұраныстың артуы 1,6 млн тоннадан 121,6 млн тоннаға көтеріліп, әлемдік сауданың көлемін ұлғайтады. Әрине, бұл 2009-2010 жылдардағы Орталық Азиядағы бірқатар елдердегі үн өнімдерін тұтыну мөлшерінің қысқаруынан 5,8 млн тоннаға төмен.

Десек те, әлемдік деңгейде астық өнімдерін тұтынуға деген сүраныс артып келеді. Оны мына көрсеткіштерден байқауға болады. АҚШ-табір адам жылына 700 кг дақылды, Украинада-481 кг дақылды пайдаланады. Әлемнің көптеген аудандарында негізгі мәдени дақыл — бидайдың түсімі шектен тыс аз болып түр. Ұлыбританияда — 77, Францияда — 68, Қытайда — 36, Украинада — 27, АҚШ-та — 25, Канадада — 23, Ресейде — 14, Казақстанда — 6.

Мұндай конверсия экономикалық тұрғыдан тиімсіз. 1 кг сиыр етін өндіру 7 кг дақылды қажет етеді, 1 кг шошқа етін алу үшін -4 кг дақыл, 1 кг жүмыртқаға — 3 кг дақыл, 1 кг бройлер етіне және 1 кг тоған балығына 2 килограмдай дақыл қажет. Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру стратегиясындағы жемдік өзгерістер осы коэффициенттермен тығыз байланысты. Соңғы 50 жыл ішінде шошқа еті, құс еті және жұмыртқа өндіру көлемі 3-5 есеге күрт өсіп кетсе, оған керісінше сиыр еті, ірімшік, қой етін өндіру сол бір деңгейде қалып қойды. Осы жағынан Украина, Ресей Қытаймен бір қатарда тұр.

XX ғасырдың екінші жартысының алғашқы екі онжылдығында дақыл өндірудің орташа өсімі 2,25%-ды құраса, ал соңғы екі онжылдықта тек 1,45% болды. Осы салыстырылған онжылдықтарда күріш өндіру өсімі 1,75% және 1,70%-ды құраса, бидай 2,30% және 1,50%-ды, ал жүгері 2,50% және 1,5%-ды көрсетті. Дақыл өндірудегі түсімнің азаюы жекелеген мәдениетке және елдерге байланысты емес. Бұл әлемдік үрдіс. Экономистер мен технологтар халық санының өсуіне сәйкес әлемдегі дақыл түсімін де көтерудің жаңа шешімдері мен жаңа жолдарьш қарастыру қажет. Минералдық тыңайтқыштар есебінен егін түсімін көтеру де өз мүмкіндіктерінің шегіне жетті. 1990 жылға дейін оларды өндіру мен сату өте жылдам қарқынмен өсті .1990 жылдан бастап тыңайтқыштардың жоғары мелшері көптеген жағымсыз экологиялық мәселелерді туындатты (тамақ өнімдері мен ауызсудың нитраттармен ластануы, қалдық фосфор есебінен су қоймаларының бүзылуы және т.б.). Фермерлер мен химия өнеркәсібі бұл жағдайларға дер кезінде көңіл белді — минералдық тыңайтқыштар өндіру көлемі 1990 жылдан 2009 жылға дейін жылына өндірілетін 150 млн тониадан 110-115 млн тоннаға темендеді.

XX ғасырдың аяғындағы ауыл шаруашылығын жүргізудің индустриялық интенсивті әдістері планета биосферасында көптеген жағымсыз құбылыстар туғызды: топырақтың жаппай эрозиясы басталып, жыртылатын жерлердің қүнарлылығы мен қарашірігі азайды, планетаның үлкен аумағы шелге айналып, ормандардың жойылуы, суармалы жерлердің тұзға айналуы басталды, жалпы климаттық жылыну үдерісі пайда болды. Экологиялық коллапс адамзат үшін қауіп туғызды. Осындай жағдайда төмендегілерді жетілдіру объективті қажеттілікке айналды:

  1. экологиялық білімді жетілдіру;
  2. экологияны экономикамен ұштастыру;
  3. ауыл шаруашылығы өндірісінің экологиялық конверсиясы.

Адамзат еркениетінің өмір сүруін тұрақтандыру үшін және әлем халқының азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін планетаның халық саньш және табиғи ортаның экологиялық жағдайын оңтайландыру керек екені белгілі болды. Ауыл шаруашылығының болашағын қазіргі кезде биологиялық, экологиялық және экономикалық ғылымдар саласының жетістіктерімен салыстыруға болады.

Пайдаланылған әдебиеттер: Мұхажанова Н.А., Жаһандық экология: Алматы, -2011. -172 бет.