Домой Білім Әскери-өнеркәсіптік кешен конверсиясы |

Әскери-өнеркәсіптік кешен конверсиясы |

0
287

Қоршаған ортаға ӘӨК (әскери-өнеркәсіптік кешен) әсері бейбіт кезеңде кез келген мемлекет үшін көңіл аударарлық жағдай болып табылады. Әскери-өнеркәсіптік кешен негізгі табиғат пайдаланушылардың бірі болып табылады және оның әсері қоршаған ортаға үлкен зиян тигізеді. ӘӨК қызметі қоршаған ортаға тек соғыс кезінде ғана емес, сондай-ақ бейбіт кезеңде де жағымсыз әсер етеді.

Қазіргі заманғы әскери күштер үлкен аумақтарды алып отыр және өз қызметі үшін орасан кең кеңістіктерді талап етеді. Тұтас алғанда әлемде әскерлер алып отырған алаңдар Франция аумағына тең. Одан да көп жер әуе және теңіз кеңістігі әскери қызметіне бөлінген. Аумақ көлемі мен әсер ету деңгейі маневрлер мен әскери жаттығулар кезінде өсе түседі.

П. Вертегаалдың (Голландия) мәліметтері бойынша, әрбір 100 мың жауынгер маневр кезінде 55,5 мың км2 аумақты (құрғақ, акватория, әуе кеңістігі) пайдаланады екен. Салыстыру мақсатында: соңғы дүниежүзілік соғыс жылдарында осы сұраныс 3 мың км2 бағаланады, қазір АҚШ әскерінің (600 жауынгері бар) бір механикаландырылған жаяу батальоны 60 км2 талап етеді, ал соғыс кезінде ол 16 км2 болған. Осындай орасан әскери күштердің дислокациясы өте үлкен аумақты табиғи кешендердің едәуір құлдырауын туғызады.

Кәдімгі, химиялық, биологиялық және ядролық қаруды өндіру, сынау және сақгау кезінде ауа мен жерге орасан зор зиян келтіріледі. Қарулану өндірісі жөніндегі өнеркәсіптік кешендер шикізат пен энергияның үлкен мөлшерін пайдаланады. Сонымен, әскери қажеттілікке барлық әлемдік металлургия өнімдерінің 9%-ы кетеді. Тек бір ғана икемді аралық баллистика ракетасын құру және жасауға, америкалық мағлұматтар бойынша, 4,5 мың т болат, 2,2 мың т цемент, 50 т алюминий, 12,5 т хром, 750 кг титан, 120 кг бериллий қажет.

Олардың қызметі үлкен экологиялық шығынмен байланысты, өйткені арнайы әскери нысандар әрқашан табиғатты қорғау заңдылықтарының ережелерін сақтай бермейді, ал осы кәсіпорындардың қалдықтары жоғары дәрежедегі уландырғыш заттарды бөліп шығарды. Мысалы, АҚШ әскери секторларындағы ядролық реакторлар елге 99% жоғары радиоактивті қалдықтар мен 75%-дай төменгі радиоактивті заттар боледі. Плутонийдің әр килограмын өндіру орташа есеппен 1000 л сүйық жоғары радиоактивті қалдықтар шығарады.

Қаруланудың әр түрлі түрлерін сынаудың да биосфераға аса үлкен жағымсыз әсері бар. Әсіресе бұл ядролық қаруды сынау болып табылады, ереже бойынша, олар шөлді жерлерде, аралдарда және бөтен жерлерге қолайлы экожүйе аудандарында өткізіледі. Оның салдары өсімдік және жануарлар әлеміне өте жағымсыз әсер етеді, ең қауіптісі, сынақ зонасында адамның болуы. Сынақтардан радиоактивті сәуле алу қауіпі бар, оның салдарынан адамдар өте ауыр сырқаттарға шалдығады (лейкемия, қалқанша бездерінің қатерлі ісігі).

Ядролық қаруларды сынаудың кең тараған аудандары аралдар болып табылады. АҚШ-та осы мақсаттарға орай Микронезия аралдары пайдаланылды, мұнда Бикини мен Эниветоком аралдарының атмосферасында (1946 жылдан 1966 жылға дейін 70-ке жуық) атомдық және сутегі бомбалары жарылды.

Англия атомдық сынақтарды (1957-1958 жылдары) Тынық мұхитындағы Рождество аралдарында өткізді. Кеңестер Одағында Жаңа Жер аралында 132 ядролық жарылыс өткізілді. Мұндай салмақты басқа ешқандай әлем аймағы бастан кешкен жоқ.

Франция планетаның ең ірі акваториясы — Тынық мұхитының орталығында орналасқан Полинезия аралдарын игерді. Мұнда Муруроа аралында 1966 жылы француз атом бомбасы жарылды, ол тағы да көптеген қауіпті сынақтардың бастамасы болды. 1968-1974 жылдары, яғни 8 жыл ішінде Муруроа және Фангатауфа аралдарының атмосферасында 41 ядролық жарылыс өткізілді.

Жерасты сынақтарын аралдардан Невада штатына көшірген АҚШ-тан айырмашылығы сол, Франция мұнда жерасты жарылыстарын да өткізді. Нәтижесінде атолл бедерінде жарықтар пайда болды, олар мұхитқа барлық изотоптардың ішіндегі ең қауіптісі — радиоактивті плутонийдің өтіп кету қаупін туғызды, ал бұл орасан теңіз кеңістіктерінің ластану қаупіне алып келді.

Жерасты атомдық жарылыс технологиясы мынадай: атолды 550-1100 м тереңдікте ұңғымамен теседі, ол бомбаның қуатына қарай жасалады. Ұңғымаға болат құбырлар тасталады. Құбырлар мен жыныстар арасындағы кеңістік цементпен толтырылады. Әрі қарай бомба өлшеуіш аспаптардың көмегімен төмен түсіріледі де, олардың сымдары жоғарыға шығарылады, содан кейін радиоактивті газдар мен бөліктердің шығуына кедергі жасау үшін барлық ұңғыманың үсті ерекше цемент тығындармен бітеледі. Жарылысты оператор бетонды үймен жүзеге асырады, ол ұңғымадан едәуір қашықта орналастырылады. Босаған энергия аса қуатты жарылыс толқынын тудырады, оған қоса пайда болған, жарылыс орталығында аса күшті температура тіпті базальтті ерітіп, буға айналдыра алады. Радиоактивті заттарды жұтатын еріген жыныстарға толы бос жерлер мен жарықтар пайда болады.

Жерүсті және жерасты жарылыстарының нәтижесінде радиоактивті ластану жүреді. Радиоактивті заттар ауамен және теңізбен едәуір қашықтықтарға таралып, олар өз жолында арал атолдарындағы қоршаған ортаға зиян келтіреді. Радиоактивті сәулеленуден басқа, аралдықтар негізінен балық пен көкөніспен тамақтанып, ауызсу ретінде жауын суын ішкендіктен ақырындап радиоактивті затгарды бойларына жинайды. Осы радиоактивті заттарды органдарына жинаған балықтар миграциялық көшіқон арқылы басқа аудандарда ауланып, тамаққа пайдаланылуы мүмкін. Сондықтан да, мұхиттың ластануы планетаның барлық тұрғындарына әсер ете алады.

Соңғы жылдары белгілі болғандай, тіпті қарулануды тоқтату және жою үлкен экологиялық тәуекелге байланысты болып отыр. ӘӨК қызметінің ең қауіптісі — ол соғыстар, олардың қоршаған ортаға тигізетін зардабы өте үлкен. Жер бетінде адамдардың пайда болуымен байланысты соғыстар үнемі қатар жүріп отырған.

Б.д.д. 1496 жылдан бастап 1861 жылға дейін адамдар 3130 жыл соғысқан, тек 227 жыл ғана бейбіт өмір сүрген екен. 1900-1938 жылдар аралығында 24 соғыс өткізілді, ал 1946-1979 жылдары 130 соғыс жүргізілді. Әскери әрекеттер театры мемлекеттердің орасан зор аумағын алып жатады, ол жерлерде барлық мекендеушілерді тікелей жою жүзеге асырылады. Әскери инфрақұрылымдарды (жолдар, бекіністер, траншеялар) салуға пайдаланыланатын жер алаңдарын кеңейтіп, миллион текше метр топырақ жылжытылады, өсімдіктер, жердің құнарлы қабаты аяусыз жойылып, су мен атмосфера ластанады. Оған қоса уландырғыш заттар қолданылады, мыеалы, Вьетнамда (гербицидтер 568 мың га орман алқабын, 363,8 мың га ауыл шаруашылығы дақылдары себілген жерді жойып жіберген). Парсы шығанағы суларын мұнай және мұнай өнімдерімен ластау Ирақтың Кувейтке қарсы арандатушылық соғысы кезінде байқалды. Судағы мұнай қабаттары балықтардың жемі болып табылатын планктондарды өлтіреді, мал басының қырылуына алып келеді және оның одан да басқа жағымсыз салдары бар. Ал енді ядролық соғыстың салдарын алып қарайықшы! Зерттеулер көрсеткендей, егер аса ірі көлемдегі соғыс бола қалса, оның барысында ірі қалаларға ядролық бомбалар тасталатын болса, онда жердің орасан зор бөлігін қараңғы түнек басары сөзсіз. Күн көзі қою түтіннен тұратың өте үлкен бұлттардан өте алмас еді. Кейбір аймақтардағы орташа температура бірнеше градусқа төмендер еді, яғни, судың қату температурасынан төмен болады да, ядролық қыс түседі және ол бірнеше ұзақ уақытқа созылуы мүмкін.

Температура мен жауын-шашынның күрт өзгеруі ауыл шаруашылығына және негізгі экожүйелер — орман, дала, теңіздерге эсер етеді. Бүл жерде апат айналып кете алмайды. Бұл өз кезегінде ғаламдық азық-түлік дағдарысын туғызды. Өндіріс жүйесінің құлдырауы халық санының күрт төмендеуіне алып келді.

Қысқасын айтсақ, ядролық соғыс салдары табиғи орта мен адамзат қоғамының әлеуметтік-экономикалық құрылымының ғаламдық қирауы болып табылады, одан кейін қайтадан алдындағы кезеңге қайтып келу оны қайтарып алу мүмкін емес.

ӘӨК әсерін төмендету жөнінде қандай шаралар жасалып жатыр? Ең бастысы — бұл мемлекеттер арасындағы кез келген жанжалдарды бейбіт келіссөздер жүргізу жолымен шешу және қарусыздану мәселесі. Елдің өркениеті мен мәдениетінің деңгейі жоғары болған сайын, әскери дау-жанжалдың ықтималдығы да соншалықты төмен.

Тәуелсіз комиссия құру арқылы елдің барлық әскери нысандарын тексеруден өткізу және осы нысандар мен олардың алып жатқан аумақтарында нақты қорғау шаралары жүйесін жасау қиратылған жерлер, ормандар, су жолдарын қалпына келтіру ресурстарды үнемдеу, материалдарды екінші рет пайдалану, ластану деңгейін төмендетуді жүргізу қажет.

ӘӨК-ті мемлекеттік реттеу және қарусызданудың экономикалық аспектілерін талдау маңызды мәселе болып табылады. Қазіргі кезде қалыптасқан әлемдегі геосаяси жағдай келесідей: елдің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге байланысты көптеген экономикалық, әлеуметтік, экологиялық мәселелерді шешу үшін бүкіл планета көлемінде мемлекеттер мен халықтардың жасампаз өзара әсерін жақсарту талап етіледі.

Қоғамның алдында мынадай таңдаулар тұр: біріншісі, соғысқа дайындалу және барлық басымдықты әскери өнім өндіруге бағыттау; екіншісі бейбіт өмір сүру мен негізгі назарды бейбіт өнім шығаруға аудару арнайы бағдарламаны жүзеге асыру немесе жоғарыда айтылған екі таңдауды қатар жүзеге асыру. Сонымен бірге қоғамдық шаруашылықты ұтымды жүргізу мәселелері пайда болады. Осы жағдайда әскери өндірісті мемлекеттік реттеудің экономикалық аспектілерін талдау ӘӨК конверсиясы, әскери-техникалық ынтымақтастық, қарулануды шектеу және қысқарту саласында халықаралық келісім ережелерін орындау оларды жүзеге асыру механизмдерін жақсарту жөніндегі ұсыныстарды орындау тәртібі ерекше қызығушылық туғызып отыр. Мемлекеттің қорғану қабілетін нығайтуға байланысты мәселелерді шешуді экономикалық тұрғыдан қамтамасыз ету үдерісі де аса күрделі әрі қиын мәселе болып тұр. Әскери өндірістің көлемі мен оның ғылыми-техникалық деңгейін дамыту және оның қоғамдық өмірдің әр түрлі салаларына әсері қазіргі жағдайда әскери өндірісті мемлекеттік реттеу сапасы мен түптөркіні көпшілік жағдайда елдегі экономикалық, саяси, әскери-техникалық және әлеуметтік мәселелерді шешу қиындықтарын жеңуге байланысты болып отыр. Экономиканы бейбіт өмірден соғыс жағдайына және керісінше көшірудің жолдарын зерттеудің маңызы зор болып табылады. Ең бастысы, елдің экономикасының жағдайы мен мүмкіндігі бүкіл әскери міндеттер кешенін шешуге тиіс.

ӘӨК дағдарысының тікелей себептері мыналар:

  • қорғаныс тапсырыстарын түбірімен қысқарту;
  • қаржыландыруды азайту;
  • мемлекеттің қорғану салалары алдында қарызға белшесінен батуы, сондай-ақ оның тапсырмасынан жиі бас тартуы.

Көптеген дамыған елдердің тәжірибесі көрсеткендей, әскери өндіріс конверсиясы шеңберінде әскери тапсырыстың үлесін жылына 3-5%-ға азайту жеткілікті деп табылады. Соның өзінде қоғамда кәдімгідей әлеуметтік-экономикалық проблемалар, оның ішінде қорғаныс кәсіпорындарынан босатылған жүздеген мың жұмыссыздармен байланысты мәселелер пайда болады. ӘӨК-ті кәсіпорындарды азаматтық өндіріске жаппай конверсиялау және оларды жекешелендіру жолымен қолдау онша нәтиже берген жоқ. Алайда, көптеген зерттеушілер ӘӨК өндірісінің көлемін қысқаріу экономикалық механизмдердің әсеріне және мемлекеттік реттеудің тиімсіздігіне, қазіргі экономика талаптарына, кешенді кәсіпорынның баяу икемделуіне, бюджеттік қаржы мен төлем дағдарысы жетіспеушілігінен олардың инвестициялық белсенділігінің төмендеуіне байланысты болып отырғанын мойындап отыр.

Пайдаланылған әдебиеттер: Мұхажанова Н.А., Жаһандық экология: Алматы, -2011. -172 бет.