Ашық сабақ «Отбасы татулығы» 5 сынып

0
681









Ашық сабақ «Отбасы татулығы» 5 сынып

Автор: Қасымова Гүлназ Есенбайқызы

Бағыты: Өзін-өзі тану Бөлімі: Семинарлар Сыныбы: 5 сынып

Жарияланған уақыты: 2019-01-27


Материал туралы қысқаша түсінік

өзін-өзі тану пәні бойынша 5 сынып оқушыларына және пән мұғалімдеріне қажетті материал




Пәні: Өзін-өзі тануМектеп: №22 ЖОМТақырыбы: Отбасы татулығыҚұндылық: СүйіспеншілікҚасиеттер: сыйластық, мейірімділік, татулық, бірлікСынып: 5 «Ә«Әдіс-тәсілдер: топтық жұмыс, еркін әңгіме, кері байланыс.5Т: тәртіп, татулық, тазалық, талап, тыныштықМұғалім: Қасымова Гүлназ

Сабақ мақсаты: Оқушыларға отбасы туралы түсініктерін кеңейте отырып, сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу Сабақтың міндеттері:Оқушыларға отбасы ұғымын мейірімділік қасиетімен байланыстыра отырып ұғындыру; Отбасындағы өзара сыйластыққа үйрету арқылы қамқорлық қасиетіне баулу; оқушыларды отбасын құрметтеуге, татулыққа тәрбиелеу;

Сабақ барысы: 1. Ұйымдастыру іс-әрекеті.

Оқушылармен амандасып, түгелдеп, көңіл-күйлерін сұрау

Сабақтағы жағымды күйге келу, тыныштық сәті.Су асты патшалығына ойша саяхат.Мұғалім: Көзіңізді жұмыңыз және бірнеше рет терең тыныстаңыз; денеіңізді босатыңыз. Бірнеше секундтан соң теңіз түбіне саяхат жасаймыз.Теңіз жағасымен келе жатқаныңызды елестетіңіз. Толқындардың жеңіл шалпылына, шағалалардың шуылына құлақ түріңіз. Жалаң аяқтарыңызбен құмды сезініңіз. Шалғайдан қара нүкте көріп тұрсыз: ол жақындаған кезде дельфин екенін түсіндіңіз. Ол сізді теңіз түбіне алып кету үшін келді. Ол өте әдепті жәндік, сізді шыдамдылықпен күтіп тұр. Жайлап оның арқасына отырыңыз, мықтап ұстап, жолға шығыңыз. Дельфиннің арқасында жайланып отырып, өзіңді қауіпсіз сезіну, су астында жүзу қандай керемет. Жан-жағыңызға қараңыз: мұнда кемпірқосақ тәрізді арлы-берлі жарқырай қалқыған әсем балықтар қаншама. Теңіз түбіне бойлаған сайын айнала қалайша өзгереді, суда тербелген қаншама ғажайып балдырлар. Қараңызшы, қандай орасан зор балықтар, ал енді анау жаққа көз тастаңыз… бұл орасан зор сегізаяқ. Су асты неткен қызықты әрі ғажап әлем. Сіз бір нәрсені байқадыңыз ба? Мұнда неткен тұңғиық, толық тыныштық. Осы тыныштық күйде болыңыз.(Мұғалім бірнеше секунд үнсіз қалады).Ал қазір жоғарыға, өз әлемімізге кері қайтуға дайындалыңыз. Айналаға жіті қараңыз. Ғажап түстерге тағы бір рет қараңыз және тыныштыққа құлақ түріңіз. Осындай тыныштық сізге самалдай әсер береді. Енді дельфин кері қарай жолға шықты. Сіз су бетіне шықтыңыз, жағаға жақындадыңыз. Дельфиннің арқасынан түсіңіз, оны сипалаңыз және осындай ғажап саяхатқа апарғаны үшін ризашылық білдіріңіз.Сыныпқа оралыңыз және өз орныңызға келіңіз. Бірнеше секундтан соң көзіңізді ашыңыз, осы түйсінген тыныштықты өз бойыңызда сақтауға тырысыңыз.Сұрақ:1) Өзіңді қалай сезіндің?2) Қандай жағымды әсерде болдың?

Ресурстар:5 Т- ережесіТалапТыныштықТазалықТәртіпТатулық(оқулық, дәптер құралдар, мәлiметтер)Слайд,
2. Үй тапсырмасын тексеру. Үй тапсырмасына оқушыларға «Отбасы-бақыт мекені» тақырыбында эссе жазу тапсырылған. Әр топтан бір оқушы оқиды.Үй тапсырмасын сұрақ арқылы талқылау
3. Дәйек сөз. «Отбасының өнегесі-Отан өнегесі«Б.МомышұлыОқушылар дәйексөзді хормен оқиды. Дәйексөздің мәнін ашу үшін мағынасына тереңірек тоқталу. Балалар, осы нақыл сөзді кім қалай түсінеді? Балалардың ойларын тыңдау.Дәйексөзді дәйексөз дәптерге жаздыру.
4. Мұғалімнің сыйы «Бақытты отбасы үлгісі» Әңгіме бойынша сұхбаттасу:

  • Мазмұны бойынша сұрақтар
  • Видеоролик не туралы?2. Құндылығын айқындайтын сұрақтар– Отбасының татулығын ұстап тұрған қандай қасиеттер екен?3.Өмірмен байланысты сұрақтарТабысын 4-ке бөлемін дегеннің астары неде деп ойлайсындар?

    видеоролик
    5. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.1 топқа – Отбасындағы ата-ананың рөлі.2 топқа – Отбасындағы баланың рөлі3 топқа – Отбасында туралы мақал-мәтелдер, мағынасын ашу4-топқа – «Менің отбасым» тақырыбында отбасының құрылымын жасау(Пікірлерін тыңдау)
    6. «Отбасы» ойыны 6 оқушыдан шығып О Т Б А С Ы әріптерінен басталатын сұрақтарға жауап береді1. Отбасы құндылықтарын атаОТ-татулықБ-бірлікА-ақиқатС-сүйіспеншілікЫ-ынтымақ2. Отбасымдағы менің міндетімО-оқуТ-тәрбие алуБ-білім алуА-анама көмектесуС-сыпайы болуЫ-ыдыс жуу3. Отбасы шағын мемлекет болса оның басшысы кім?О-отағасыТ-тәтемБ-бауырымА-анамС-сіңлімЫ-Ырысгүл4. Бақытты отбасы ол?О-отағасы билеген отбасыТ-тату отбасыБ-бірлігі жарасқан отбасыА-аманшылықтағы отбасыС-сүйіспеншілігі мол отбасыЫ-ынтымағы берік отбасы
    7. Топпен ән айтуОқушыларға топпен ән айту тапсырылады.«Бәйтерегім» Әкешім пана болған биік шыңымҮйреткен мына өмірдің барлық сырынЖер бетін кезгенмененСендердің көздеріңненТөгілген жылылықтыЕшкімнен сезбедім мен Анашым ақ сүт беріп мәпелегенКешірген көп кетсе де қате мененАнамның алақаныӘкемнің қарағаныҰқтырды біз екенінБақытқа балағаны Сендердің арқаларың жүргенімізАлаңсыз бұл өмірде күлгенімізМенің қос бәйтерегімСендерсіз қайтер едімӘрқашан бірге болсаңТүгел ғой бар керегің Роза Әлқожа
    8. Үй тапсырмасы.Мәдіхан Төрежановтың «Аяқталмаған ойын» мәтінін жалғастырып келу Мәтінін аяқтап келу.76-77бет.
    Кері байланыс: Мен үшін отбасы … (оқушылар осы сөйлемді аяқтай отырып, бүгінгі сабақтан алған әсерлерімен бөліседі) Смайликтермен 5 деген санды тізбектеп шығады.5.Соңғы тыныштық сәті Енді көзімізді жұмып осы сабақта айтылған ізгі сөздер мен істерді ой елегінен өткізіп, барлық жақсы ойларды жүрегіміздің түпкіріне апарып орналастырамыз. Баяу музыка қосылады







    Материалды сайттан тегін жүктеу

    Жүктеу

    Материал ұнаса парақшаңызға сақтап қойыңыз!


    Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.