Аса жоғары, жоғары деңгейдегі кездесулердің, халықаралық мәжілістердің, ресми іссапарлардың, келіссөзердің қорытынды құжаттары — Қазақстан және қазақтар туралы — Рефераты на казахском языке — Библиотека

0

1-тапсырма. 

Кеңесіп пішкен тон келте болмас (Халық нақылы).

–    Мәтелден не түсіндіңіз?

 2-тапсырма. Ой шақыру.

–    Ірі халықаралық дәрежедегі кездесулер кімдердің арасында өтеді?
–    Қандай жоғары дәрежелі байланыстарды білесіздер?
–    Еліміздегі маңызды оқиғаларға байланысты өткен кездесулерді атай аласыз ба?

3-тапсырма. Жаңа сөздермен сөздікті пайдалана отырып, жұмыс істеңіздер.
Маңызды   байланыстар,   ресми тұлғалар, жолдаулар, ұстанымдар, қорытынды  құжаттар,   дипломатиялық сөз орамдары,  тараптар, үйлесім.

4-тапсырма. Мәтінді оқыңыз. 

Қорытынды құжаттар
    
       Дипломатиялық өкілдіктердің  маңызды   байланыстары  ол  мемлекеттің жоғары деңгейдегі ресми тұлғаларымен кездесулері: монархтар, президенттер, премьер-министрлер,   сыртқы   істер   министрлері   және   басқа   да   үкімет мүшелерімен, жоғары заң шығарушы және атқарушы билік өкілдерімен. Бұл өте күрделі міндет. Оның табысты болуы тікелей дипломаттарға байланысты.
      Үкіметаралық келіссөздердің, сапарлардың қорытынды құжаттары: бірлескен коммюнике, бірлескен мәлімдеме, бірлескен декларация.
Бұл сияқты құжаттардың әр тармағы, әр сөзі, әр ұғымы уағдаласушы тараптардың келісуінің нәтижесінде ғана жүзеге асады. Әр қатысушы тараптың тепе-теңдігін ескермей үйлесімге келу мүмкін емес. Келіссөздер мен сапарлар барысында дайындалатын  қорытынды  құжаттарда   өзара  тиімді   мүдделер көзделген жағдайда ғана тараптардың  көзқарастары мен ұстанымдары бір арнадан шығады.
      Коммюнике — бұл халықаралық келіссөздер барысы туралы, уағдаласушы тараптардың халықаралық келісімдерге келгендігі  туралы ресми хабарлама.
Бірлескен коммюникеде хабарланатын халықаралық іс шараның мазмұнына сай кең көлемде немесе қысқаша болуы мүмкін. Х. Вильднердің пікірі бойынша, коммюнике негізінен қысқа, қарапайым хабарлама жасау болғанымен оған зор мән беріледі.   Коммюникенің   қысқаша   түрінде   қандай   да   бір   шараны жалпылама түрде хабарлайды. Мысалы төмендегідей үлгіде болуы мүмкін:
Ал кең көлемдегі бірлескен коммюникеде керісінше келіссөздердің барысы туралы, оған қатысушы тараптардың қабылдаған құжаттары жөнінде, келісімге келу   шарты   толық   қамтылып  хабарланады   және   соңында   қатысушы тараптардың өкілдері қол қояды.    
      Көптеген декларациялар, бірлескен мәлімдемелер, коммюникелер сияқты дипломатиялық құжаттар қазіргі халықаралық  қатынастардың күрделілігі мен көпжақтылығының нәтижесінде туындайды. Іс жүзінде баспасөзге арналған хабарламалар  келіссөздер,   кездесулер   барысында,   сондай-ақ  аяқталуынан кейін де баспасөзде жарияланып жатады. Коммюникеге (бірлескен мәлімдеме декларацияға)  жүктелген  басты  міндет  өткен  келіссөздер  мен   пікір алмасулардың қорытындысын дұрыс аша білу. 
Көп жағдайда уағдаласушы тараптар жағымды нәтижеге жетуге үміттенеді, өйткені олардың  кездесуінің  мәні  де  осында.  Нақты  айтқанда  мемлекет қайраткерлерінің сапарлары, кездесулері пікір алмасудың нәтижелі аяқталуына нық сенім білдіреді.

5-тапсырма. Түсінігіңізді тексеріңіз.

1.    Коммюнике дегеніміз не?
2.    Коммюникеге жүктелетін басты міндет не?

6-тапсырма. Мәтінге сүйене отырып, сөйлемді толықтырыңыздар.

1.  Коммюнике – бұл …………………………….. ресми хабарлама.
2.   Коммюникенің   қысқаша   түрінде   ……… жалпылама түрде хабарлайды.
3. Коммюникеге (бірлескен мәлімдеме декларацияға)  жүктелген  басты  міндет  ………………….. .

Құжатқа назар аударыңыз.
        
 АӨЫСШК Арнайы Жұмыс Тобының Арнайы Мәжілісінің өтуі туралы
КОММЮНИКЕ
4-9 маусым 2001 ж.
       АӨЫСШК Жұмыс Тобының кезекті Арнайы Мэжілісі Алматыда 4-9 маусым аралығында өтті. Мәжілістің жұмысына АӨЫСШК-ге мүше мемлекеттердің 15 сыртқыісминінің аға лауазымды тулғалар деңгейіндегі өкілдері, сондай-ақ 9 елдің байқаушылары мен 4 халықаралық ұйымдар қатысты.
АӨЫСШК   Жұмыс    Тобыныц    Арнайы    Мәжілісін    Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі  Е. Ыдырысов ашты.  Ол  Саммиттің   қорытынды   құжатын   дайындаудың   маңызды кезеңі ретінде Қазақстан АЖТ-ның мәжілісіне айрықша мән береді деп өтті.
Сыртқы   істер  министрі  Е. Ыдырысов  АӨЫСШК-ге   қатысушы мемлекеттердің елшілері үшін баспасөз мәслихатын өткізді. Онда шетелдік дипломаттарды Саммитті өткізудің ұйымдық мәселе қоса алғанда, оған дайындықтың барысымен таныстырды.
АЖТ-ның мәжілісі барысында АӨЫСШК үрдісінің толық құқықты қатысушысы мәртебесін Монғолия қалпына келтірді. Астанада 5 маусымда Сенім грамотасын тапсырғаннан кейін, Монғолия елшісі Д.Дашням 6 маусымда АӨЫСШК-ге мүше мемлекеттер apacында қарым-қатынасты реттейтін Қағидаттар декларациясына қол қойды.

7-тапсырма.   Жаңа сөздермен жұмыс.

Уағдаласушы тараптар, бірлескен мәлімдеме,

8-тапсырма. Мәтінді оқыңыз.

      Бірлескен  мәлімдеме – тараптарға бірқатар міндеттеме жүктейтін құжаттар. Дипломатиялық құжаттың бұл түрін таңдаудың өзі келіссөздер барысында маңызды мәселенің шыққандығын білдіреді, соған орай уағдаласушы тараптар бірлескен мәлімдеме жариялауға шешім қабылдайды. 

Келесі  қорытынды құжат,  Бірлескен Декларация – бұл әлдеқайда салмақты және аса зор міндеттеме жүктейтін құжат. Декларацияларда сәйкес келетін көзқарастар, бір арнадан шыққан ниеттері мәлімделінеді.
    Осы құжаттардың барлығында келіссөздер барысындағы қабылданған шешімдер көрініс табады. Ал Коммюнике құжатының жазылу тілі іскерлік шешімдер, сонымен бірге тартымды келеді. Бірлескен мәлімдеме үшін, әсіресе декларацияға салтанаттылық пен көтеріңкілік мәнері тән.
Қорытынды құжаттар өзінің мағыналық мазмұны бойынша (егер ол бір ғана мәселеге немесе уақиғаға қатысты болмаса) мәселеге қарай екі топқа бөлінеді: халықаралық   және   екіжақты    қатынастар.    Екі мемлекет    қатынасының шеңберінен тыс шығатын жалпы сипаттағы мәселелерге арналған қорытынды құжаттар бөлімінің ерекшеліктеріне көңіл бөлейік. Әр тарап коммюникеде, декларация  бірлескен    мәлімдемеде    барлығының    назарын    аудартқан халықаралық мәселені немесе уақиғаны қамтуға талпынады.
      Алдын-ала  дипломатиялық  арналар  (тиісті   дипломатиялык   өкілдіктер) арқылы өткізілетін   жұмыстар   осындай   сенімділікті   туғызады.   Жалпы коммюнике, бірлескен мәлімдеме және декларация (екіжақты немесе көпжақты) – ӨЗІНІҢ бағытына қарай өте жақын құжаттар болып табылғанымен, алайда олардың арасында өзіндік қандай да бір ерекшеліктері де бар. Коммюнике  –  әлдеқайда қарапайым құжат болып табылады, оның мақсаты баспасөзде  кімдердің    қатысқандығы,  талқыланатын    мәселе    жөнінде, келіссөздердің нәтижесі туралы, өту барысы жайында хабарлау.

9-тапсырма. Түсінігіңізді тексеріңіз.

1.    Бірлескен мәлімдеме дегеніміз не?
2.    Бірлескен мәлімдеменің Бірлескен Декларациядан айырмашылығы қандай?
3.    Біздің елімізбен жасалған қандай Бірлескен декларацияларды білесіздер?

10-тапсырма. Жағдаяттық тапсырма.

1. Слайдты көре отырып,   Пресс-секретарь   ретінде  коммюнике жазыңыз.
2. Үлгіге қарай отырып, Бірлескен Декларация жазыңыздар. (Бірнеше үлгі ұсынылады).

10-тапсырма. Мәтінмен жұмыс. Көп нүктенің орнына қажетті сөздерді, сөз тіркестерін қойып шығыңыз.

1. Бірлескен  мәлімдеме – …………….. . 
2. Дипломатиялық құжаттың бұл түрін таңдаудың өзі …………………….  .
3.    Әр …………..барлығының    назарын    аудартқан халықаралық мәселені немесе уақиғаны қамтуға талпынады.

11-тапсырма. Грамматикалық анықтағыш. Мұны білгеніңіз жөн!  Тұйық етістік.
 
     Тұйық етістік – шақпен де, жақпен де байланысы болмай, істің жалаң өзін ғана білдіретін етістік. Мысалы: бару, жүру, келу, сөйлеу.
Тұйық етістік етістіктің түбіріне  -у  жұрнағы жалғану арқылы жасалады.  М: кел+у, айт+у, бар+у. Тұйық етістіктер заттық мағынада қолданылуға икем. Мысалы: көсеу, егеу. Олар көптеледі, тәуелденеді, септеледі, бірақ жіктелмейді.

12-тапсырма. Мәтіндерден тұйық етістікті сөйлемдерді табыңыздар.

13-тапсырма. Тірек сөздерді пайдалана отырып, тұйық етістікті сөйлемдер құрыңыздар. 

14-тапсырма.  Хабарлау, қамту сөзін септеңіздер.  

15-тапсырма.

Мәлімде, жүкте, жарияла, аудар, қабылда етістіктерін тұйық етістікке                   айналдырыңыз.

 Студенттердің білімін тексеруге арналған бақылау сұрақтары:

1.    Үкіметаралық келіссөздердің, сапарлардың қорытынды құжаттары қалай аталады?
2.    Дипломатиялық құжаттар ненің нәтижесінде туындайды?
3.    Тұйық етістік дегеніміз не?
4.    Коммюнике мен бірлескен мәлімдеменің айырмашылығы қандай?
5.    Коммюникеге жүктелетін басты міндет не?

СӨЖ тапсырмасы:  «Дипломатия жаршысы» журналынан қорытынды құжаттар оқып келу.
 

Рахмет ретінде жарнаманы басыңыз!