Ақша айналысының заңы. Ақша массасы және айналу жылдамдығы — Ақша, кредит және банктер — Рефераты на казахском языке — Библиотека

0

 

Әр түрлі формадағы ақша айналысы тауарлар массасының, олардың баға деңгейлерінің және ақша айналысы жылдамдығының арасындағы экономикалық байланысты білдіретін экономикалық заңмен реттеледі.

К. Маркс айналысқа қажетті ақша мөлшерін былайша анықтайды.

Осылайша, К. Маркс ашып беріп кеткен ақша айналысы заңының мәні мынада: айналыс құралының және төлем құралының қызметтерін орындауға қажетті ақша мөлшері сатылған тауарлардың баға сомасына ақшалай бірлік айналысының мөлшеріне тең болуы керек.

 

                                               М = ТБ/V                                               (1)

 

 

мұндағы М — ақша массасы,

Т — тауар массасы,

Б — тауарлардың орташа бағасы,

V — айналым саны.

К. Маркстің пікірінше, ақша қызметін алтын орындаған кезде айналысқа қажетті ақша мөлшері автоматты түрде стихиялы жолмен реттелген: егер ақша нақты қажетті деңгейінен асып кетсе, онда алтын айналыстан шығып асыл қазынаға (қор жинауға) , яғни жеке қазына жинауға кететін. Егер ақшаға деген қажеттілік артатын болса, онда алтын асыл қазынадан айналысқа қайтып оралатын. Осыған ұқсас ахуал алтынға еркін айырбасталатын банкнот айналысында да орын алды, яғни қағаз ақшалар ақша бірліктерінің ролін мүлтіксіз (мінсіз) орындады.

К. Маркстің айналыс заңына сәйкес қағаз ақша эмиссиясы айналысқа қажетті алтын ақшаның теориялық мөлшерімен шектелуі керек,

 

Скачать реферат/Рефератты жүктеу