Ақша айналысын басқару және реттеу әдістері — Ақша, кредит және банктер — Рефераты на казахском языке — Библиотека

0

 

Ақша айналысы «ҚР Ұлттық банкі туралы» ҚР заңына сәйкес реттеледі. Ұлттық банк тұтынылатын банкноттар мен тиындардың қажетті мөлшерін анықтайды, олардың дайындалуын қамтамасыз етеді, оларды сақтаудың, жоюдың тәртібін және қолма-қол ақшалай қаражаттың инкассациясын белгілейді.

Қазақстан Республикасы ақшалай банкнот өндірісі және екінші деңгейдегі банктердің инкассациясына лицензия беру және басқа да шараларына байланысты қолма-қол ақша ахуалы 1996 жылға дейінгі кезеңмен салыстырып қарағанда түбегейлі өзгеріске ұшырады. Коммерциялық банктер корреспонденттік шоттардағы қаражат қалдығының шегінде қолма-қол ақшамен нығайтылып отырды, онда операциялық кассадағы қолма-қол ақша қалдығының лимиті белгіленбейді.

Осыған қарай Ұлттық банк ақша базасының шамасын Ұлттық банктің корреспонденттік шотындағы екінші деңгейдегі банктердің қаражат мөлшерін реттеу арқылы, яғни банктердің өтімділігін реттеу арқылы реттеп отырады. Бұл ақша-кредит саясатының құралдары арқылы жүзеге асырылады. Бұл құралдар ақша базасының ұлғайған шегін көрсететін әрі ақша массасының ақша базасына қатынасы ретінде есептелетін ақша мультипликаторының шамасына өз әсерін тигізеді.

Ақшалай мультипликатордың шамасы міндетті резервтердің нормаларына тәуелді, өйткені міндетті резервтер кредит ресурстарының көзі ретінде пайдаланылмайды, сондай-ақ айналымдағы қолма-қол ақшаның үлес салмағына тәуелді. Бұны банктерден тысқары болатын айналымдағы қолма-қол ақшаның мультипликацияланбайтындығымен байланыстырып түсіндіруге болады. Ақшаның мультипликация қарқындылығы олардың экономикадағы айналыс жылдамдығына әсерін тигізеді: мультипликация коэффициенті неғұрлым жоғары болса ақша массасы соғұрлым көп, айналыс жылдамдығы аз болады. ҚР Ұлттық банк ақша айналысын және инфляция деңгейін реттеу үшін міндетті резервтер нормасы, қайта қаржыландырудың пайыздық мөлшерлемелерінің деңгейі, ашық нарықтағы операция, валюта нарығындағы операциялар арқылы өтімділікті қамтамасыз ету (айырбас бағамына әсер ету) секілді ақша-кредит саясатының құралдарын пайдаланады.

 

 

Скачать реферат/Рефератты жүктеу