Ақша айналысын басқару — Ақша, кредит және банктер — Рефераты на казахском языке — Библиотека

0

 

Ұлттық банк — заңды төлем құралын, яғни банкноталарды шығаруға эмиссиондық құқы бар жалғыз мемлекеттік орган. Олар Ұлттық банкінің эмиссияға шығаруы арқылы және банктерге сатып, қолма-қолсыз балама алу формасында болады. Қазақстан Республикасының ресми ақша бірлігі — теңге болып табылады.

Ұлттық банк банкноталар мен монеталардың қажетті мөлшерін анықтайды, олардың дайындалуын қамтамасыз етеді, сақталу, жою және қолма-қол ақшаның инкассациялау тәртібін орнатады.

Қазақстан Республикасында шығарылған банкноталар мен монеталардың номиналдық құрылымы, айшықталған пішіні болуы керек. Банкноталар мен монеталардың көрсетілген сипаттамалары баспасөзде жариялануы тиіс.

Валютаны өзгертуге тек қана Қазақстан Республикасының Парламентінің құқы бар. Ұлттық валютаның қызмет ету шарттарын, мерзімін, тәртібін анықтау құқығы Қазақстан Республикасының Президентіне жүктеледі.

Ұлттық банк Қазақстан Республикасының валютасын шет ел мемлекеттерінің ақша бірліктеріне айырбастау багамын анықтау тәртібін белгілейді.

Қолма-қол ақшаның айналымы, олардың банкінің кассасына үздіксіз оралып отыру жолымен жүзеге асады.

 

 

Скачать реферат/Рефератты жүктеу