Ақша айналымы және оның құрылымы. Ақша айналысы — Ақша, кредит және банктер — Рефераты на казахском языке — Библиотека

0

 

Ақша айналысы ұдайы өндірістік процестің әр түрлі жақтарын бейнелейтін өте күрделі жүйе.

Тауарлық немесе тауарлық емес формада болатын өндірістік және жеке тұтынуға арналған өндірілген өнімдер мен көрсетілген қызметтер ақша арқылы сатылады. Ақшаның көмегімен табыс, оның ішінде қосымша өнімнің құны қалыптасады әрі бөлінеді.

Сондай-ақ, ақшаның көмегімен кредит мен басқа қаржы ресурстары қалыптасып, қайта бөлінеді және пайдаланылады. Бұл арада шаруашылық жүргізуші органдар мен жекелеген кәсіпкерлер арасындағы, олардың мемлекет арасындағы, шаруашылық жүргізуші субъектілер және олардың жұмыскерлері арасындағы, халық пен мемлекеттің арасындағы, сондай-ақ жеке азаматтардың арасындағы тікелей ақша қатынасында қолма-қол ақшасыз немесе қолма-қол ақшалай формада есеп айырысулар болады. Бұл жағдайда есеп айырысудың қолма-қол ақшасыз формасы мен қолма-қол ақша қозғалысы бір-бірімен өзара тығыз әрекеттесіп, бірыңғай ақша айналымын құрайды. Сондықтан да барлық ақша қызметтерінің олардың тауар айналысының процесіне қызмет етуі барысында, өндірісті ұлғайту процесінде жалпы ұлттық өнімнің (ЖҰӨ) және ұлттық табыстың (ҰТ) жиынтық құнын қалыптастыру, бөлу және кайта бөлу барысында пайдаланылуы ақша айналымын қалыптастырады.

Кәсіпорындардың, ұйымдардың арасында, олар мен халықтың арасында, жекелеген азаматтардың арасында тауарлар мен қызметтерді өткізу себебі бойынша орын алатын ақшалай есеп айырысулар ақша айналымының көп бөлігін құрайды.

 

 

Скачать реферат/Рефератты жүктеу