Apple тарихы слайд,презентация

0

Apple тарихы слайд,презентация

 

Apple

 

Болашақ миллиардер Стивен Пол Джобс 1955 жылдың 24 ақпанында Калифорния штатының Маунтин-Вью қаласында дүниеге келген. Жастайынан ой-өрісінің кеңдігімен көзге түскен Стив, 12 жасында Hewlett-Packard компаниясына жұмысқа орналасып, Стивен Гэри Вознякпен танысады. Екі данышпанның бірін-бірі кездестіруі тарихты өзгертті десек те болады.  Стив Возняк пен Atari-да бірге істеген әріптесі Рональд Уэйнмен компания ашуға бел буады. Осылай 1976 жылы 1-сәуірде Apple компаниясы құрылады. Apple Стивтің әкесі Пол Джобстың гаражынан басталатын болды. Сол гаражда алғашқы Apple-1 компьютері жасалады. Уақыт өте келе, алғашқы компьютер дүкенінің иесі Пол Террелл 500 доллардан 50 компьютерге тапсырыс беріп, құрастырушылардың сұрауы бойынша 666 доллар 66 центке сататын болды. 
Apple-2 біздің қазіргі таңда қолданып жүрген компьютердің алғашқы түрі. Яғни, Apple-1 тек экран ғана болса, Apple-2-де пернетақта мен тышқан болған. Және де ең маңыздысы ол түрлі-түсті болып шықты. 
1980-жылдары Apple компаниясының жүздеген қызметкерлері, бүкіл әлемге жайылған атағы болды.
1984-жылы алғашқы Macintosh компьютері шығады. 
2001-жылы әуен ойнатқыш iPod, 2007-жылы iPhone атты ұялы телефон ал, 2010-жылы iPad тақтайша компьютері шықты.
Apple компаниясы 37 жыл бойы технология кәсіпкерлігінде бірінші орынды иемденіп келе жатыр.
Фирманың атауы ағылш. apple (‘алма) сөзінен шыққан, мекеменің логотипінде да алма қолданылады. «Apple» атауын Стив Джобс берген. Бұған дейін ол алма фабрикасында жұмыс істеп, жеміс диетасында отырған болатын. Джобс бұл сөзді құлаққа жағымды естіледі деп санаған, сонымен қатар фирманың атауы телефон кітабында «Atari» компаниясының алдында келеді. Macintosh — АҚШ-та сатылатын алма түрі — Стив Джобс келгенге дейін Macintosh жобасының жетекшісі Джеф Раскиннің сүйікті алма түрі болатын.
Apple-дің ең бірінші логотипін Р.Уейн шығарған. Бұл Исаак Ньютонның алма ағашының астында отырған бейнесі болған. Кейін Роб Джанофф бір жағы тістелген, кемпірқосақ түстес алманың суретін ұсынып, ол 1976 жылдан 1998 жылға дейін қолданылған. Кейін алманың түсі қараға өзгертіледі. Бұл логотип 1998 жылдан бері қолданылып келеді.

 

 

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!