Шығарма: Әли атам жайлы

0

Шығарма: Әли атам жайлы казакша Шығарма: Әли атам жайлы на казахском языке

Қызылорда қаласы
№101 Ә.Мүсілімұлы атындағы мектеп-лицейдің
3 «А» сынып оқушысы Болат Айсұлтан Досханұлы

Мен Болат Айсұлтан Қызылорда қаласындағы №101 Әли Мүсілімұлы атындағы лийцейдің 3 «А» сынып оқушысымын. Биылғы оқу жылы лицейімізге Әли Мүсілімұлының есімі берілді. Ашылу салтанатына қаламыздың зиялы өкілдері және Әли атамыздың туыстары келді. Менің сыныбымнан жеті оқушы салтанатты жиынға қатысып, атамызға арнаған өлеңдерімізді оқыдық. Қатысқан барша қонақ ризашылығын білдірді. Өз өлең шумағымды жазсам:

Жақсылар атақ, абырой кең алады,
Өмір-тарих бәрінде жеңе алады.
Ел мақтап, аңыз болған Әли атам,
Оқу білім саласының генералы.

Қазіргі таңда мен Әли Мүсілімұлының өмірімен танысудамын. Атамыздың қызметтегі, отбасындағы абыройлы істерін зерттеп жүрмін. Маған бұл жұмыста ұстазым көмектесуде. Ұстазым екеуміз қазіргі таңда Әли атамыздың жолдасы Күлбарам Садуақасқызының «Жүрек жырлары» деген кітабын оқып жүрміз. Ол кітапта Күлбарам әжей, өзінің өлеңдерін және Әли атамыз жайлы естеліктер жазған. Мен әлі де көп естелік кітаптарын оқып, өткен істерінен үлгі–өнеге аламын деп ойлаймын.


Материалдың толық нұсқасын секундтан кейін жүктеп алыңыз!!!!

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!