Алтын күз мектеп алды даярлық

0


Бағыты: Бастауыш сынып Бөлімі: Ашық сабақ Сыныбы: Мектепке дейінгі балалар

балаларға күз мезгілі туралы түсінік қалыптастыру,сезіндіру

https://www.youtube.com/watch?v=iOClEPWg8hwМузыка ойнап, әсем безендірілген залға балалар келіп кіреді.  Кузгі вальсЖүргізуші: Қарсы алайық бәріміз,                     Жасымыз бен кәріміз.                     Қырдан кепті қыдырып,                     Алтын күз бізге нұр төгіп.Тілегім аман болсын ел іргесі,Алтын күз қайта келді берекесі.Молшылықтың жаршысы бола білді,Алтын күз-ырыс,береке,бірлік ала келді.

Армысыздар ұстаздар мен ата-аналар, қадірлі қонақтар! «Алтын күз,» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер! Балалар мен сендерге бір жұмбақ жасырғым келіп тұр.«Көк майсалы көрікті, алқаптағы көп егін  Бұл күндері киіпті, сары жібек көйлегін» — Бұл не, балалар? (Күз мезгілі)(ендеше, күз мезгіліне арнаған өлең шумақтарымызды тыңдайық) Ән «Күзгі жапырақтар» Айзере

1 Қуандырып біздерді,кел жемісті алтын күз.Өлкемізге күз келді, кемелденсін халқымыз.    Жеміс мол теретін, күз дос екен бізбененБәрін тауып беретін, жомарт екен күз деген. 

2.   Жетті желмен алтын күз,Жеміс жинау салтымызЖиып-теріп болған соң    Той жасайды халқымыз,Мол өнімді жинаймызЕлге бәрін сыйлаймыз.

3. Қыстың жақын қалғанын, жапырақтар білгендей,Желмен ұшып барады, жерге қонып үлгермейЖапырақтар жамырап, сайға барып бекінді,     Анасынан ажырап, қалған бала секілді.

4.  Жатыр дала жалтылдап, жаз шуағы мол құйды,Күн астында алтын дән, тербеледі толқиды    Көктемде егін егетін, күзде жиып беретінБіздің дала бай дала, астық толы айнала.

5. Көк майсалы көрікті, Алқаптағы көпегін. Бұл күндері киіпті, Сары жібек көйлегін. Ағаштардан жамырап, Ұшты кенет жапырақ. Ой, алақай, тамаша, Шашу шашты жапырақ!  Б Соңғы шуақ төгіліп, салқынданып тұр аймақ,Ақ сәулеге шомылып, жапырақтар жүр ойнап.    Көктен көзін бір алмай, қызғылт тартты сары күзЖер қызығын қиялмай, маужырап тұр сары күз.

7 Шоғы толған гүлдей жайнап, шақырады жарқын жүз,Сайрандаған күліп ойнап, келді міне алтын күз,Жел тынымсыз гуілдеп, болып кетті тым бұзық.   Шуылдайды тал терек, жапырағын жұлғызып.8  Тоңазып атырап, Көп жеміс піседі. Сарғайып жапырақ, Саудырап түседі. Аспанды сұрғылт бұлт, Жанжақтан жабады. Күнбірте суытып, Жауын көп жауады. 

9  Кездескен соң күзімен,  Бұтағынан үзілді.  Ай жапырақсары алтын  Айналаның бәрі алтын.

10 Алтын нұрдай тамшылап, жапырақтар төгілді      Біздің өмір таң шуақ, біздің өмір көңілді           Біреу астық түсіріп, біреу бидай ұшырып,    Жатқан мезгіл күз екен, алдым соны түсініп.

 11 Ой, балалар,балалар,Қоңырқай күз болыпты,Құлап жапырақтар солыпты.Ел егінін орыпты,Ой,балалар,балалар.Ойнайық та күлейік,Мәз боп бірге жүрейік

12  Сарғайды тоғай, сап-сары манай      Соңғы әнің айтып, құс кетті қайтып            Жапырақ ұшты, суық та түсті        Сонда да бізге,қызық көп күзде.   

Би «қолшатыр биін» тамашалайықӘн «Жау –жау Жаңбыр»Жүргізуші: 1.Бұтақта ілініп тұрамын,Піскенде себетке құладым.(Жеміс)2. Ашулы қонақ бұл анық,Тонып шешсе жыладық. (Пияз)3. Өсірер тың дала,Көшірер қамбаға.Айналар ұңға даАйналар нанға да.(Бидай)4. Сырты қатты,Іші тәтті. (Қарбыз)5. Өсірдім ұлпа қар,Шешуін кім табар. (Мақта)Жүргізу балалар, егін және күз жайлы мақал- мәтелдерді білесіңдер?  1.Екпей егін шықпас,  2. Жердің сәні егінҮйренбей білім жұқпас. Ердің сәні білім

3. Егіндікті күз суар. 4. Арпа, бидай ас екенКүз суарсаң, жүз суар Алтын күміс тас екен 5. Не ексен соны орасың  6. Жері байдың – елі бай.

 Жүргізуші: Балалар біз сендерге ойын алып келдік, ойынның шарты жемістер мен кокеністерді ажырату Ұлдарымыздың биін тамашалайық.Би: «жемістер мен кокеністер биі» Келесі кезекте ақыйық акындарымыздың олеңдерін тыңдайық1 Абай Құнанбаев (Күз) Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан, Күз болып, дымқыл тұман жерді басқан. Білмеймін тойғаны ма, тоңғаны ма,Жылқы ойнап, бие қашқан, тай жарысқан.Жасыл шөп, бәйшешек жоқ бұрынғыдайЖастар күлмес, жүгірмес бала шулай.Қайыршы шал-кемпірдей түсі кетіп, Жапырағынан айрылған ағаш, қурай. .2 Ғабиден Қожахмет (Күз әуені)Думан толы асқарлы Күз мезгілі басталды. Күз әуені кеп жетті, Әнге бөлеп жастарды. Нұрға бөлеп өмірді, Жырға бөлеп көңілді, Жарқыраған сәулелі Күз әуені төгілді. Жұлдыз туып таң алды, Әнге орап ғаламды, Сазды әуен шаттыққа Бөледі бар адамды. Әуенге еріп сиқырлы, Айтылды ән боп сыр қилы. Күзгі әуен жастардың Жүрегіне нұр құйды.Нұрға бөлеп өмірді, Жырға бөлеп көңілді, Жарқыраған сәулелі Күз әуені төгілді

Хор «Алтын күз».

Күз ханшайымы: Керемет! Қандай әдемі! Жүргізуші: Құрметті қонақтар, ата-аналар бүгінгі «Алтын күз,» — атты ертеңгілігімізді аяқтай отырып, күз берекелі, астықты болсын демекпіз. Сау болыңыздар қонақтар, келгенше жыл айналып.


Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.