«Мойнынан өткір затпен ұрған»: Беделді дәрігер Ахетовтың өліміне қатысты тың деректер шықты

0

Демалыс күндері Қазақстанда атақты дәрігер, Президент ісі басқармасы медициналық орталығы ауруханасының басшысы Әмір Ахетов өмірден озды. Оның өліміне не себепкер болғаны ресми түрде хабарланаған жоқ. Алайда, «Время» басылымының ақпаратына сәйкес, танымал дәрігер мойын жарақаты салдарынан оң жақтағы қан тамырлары зақымдалғаннан кейін қайтыс болуы мүмкін жазады NUR.KZ.

Фото: Полиция департаменті баспасөз қызметі

Фото: Полиция департаменті баспасөз қызметі

Әмір Ахетовты көпшілік өз ісінің нағыз маманы деп таныған және құрметтеген.

Басшылық қызметке жету үшін ұзақ уақыт еңбектенген азамат 17 жасында санитар болып жұмыс істеген. Сол кезде медицинаға деген талпынысын ұғынған ол білім алуды ұйғарып, Мәскеу мен Алматы қаласында жоғары оқу орындарын аяқтапты.

Артынша Ахетов жедел жәрдем ауруханасында, Алматыдағы балалар ауруханасында еңбек етеді. Кейіннен ол жеке секторға кетіп, түрлі бейінді мекемелерді басқарады.

Кәсіби шеберлігі мен талантының арқасында елеусіз қалмаған дәрігер 40 жасқа толмастан Президент ісі медициналық орталығы ауруханасының басшылық қызметіне кіріскен.

Өзінің тікелей міндеттерін орындаудан басқа, ол әрдайым ғылыми қызметпен айналысуға уақыт тапқан. Осылайша, ұзақ өмір сүру саласындағы әзірлемелері үшін дәрігер Мемлекеттік сыйлыққа да ие болыпты.

Берген сұхбаттарында ол соңғы уақытта бір орында отырып жұмыс істейтін, дұрыс тамақтанбайтын және жағымсыз әдеттерді ұстанатын мемлекеттік қызметкерлердің денсаулығынын зерттеп жүргенін айтқан.

Ал өзі үнемі салауатты өмір салтын ұстанып жүрген.

Сондықтан, кейбір БАҚ өкілдері дәрігердің жүрек талмасы ұстаған болуы мүмкін деген болжамы қисынға келмейтінін алға тартты.

«Время» газетінің иелігіне 3 ақпандағы полиция мәліметтері түскен. Онда түнгі сағат 3-те 49 жастағы медицина ғылымдарының докторы, ПІБ МО ауруханасының директоры Әмір Ахетов «мойынның кесу-сұғу жарақаты диагнозымен оң жақта қан тамырлары зақымдалып, қайтыс болған» деп жазылған..

Құжатта айтылғандай, тергеу жұмыстары «Өз-өзіне қол жұмсауға итермелеу» бабы бойынша жүргізілуде.

«Время» басылымы азаматтың көп қан жоғалтқанын, осылайша ауруханаға ауыр халде жеткізілгенін нақтылап жатыр. Енді өлімге әкелген жарақат қалай болды деп болжауға болады.

Ал қылмыстық іс «өз-өзіне қол жұмсауға дейін жеткізу» туралы бап бойынша жүргізілгендіктен, тергеудің негізгі нұсқасында жарақатты өзі салғаны көрсетілеген.

«Әрине, бұл жөнінде «жедел жәрдемді» шақырған және дәрігерге алғашқы көмек көрсеткен адам түсіндіруі мүмкін. Сондай-ақ, полиция қызметкерлері соққы жасалған пышақты ас үйден тапқан, яғни оны жуған. Мұны кім істеуі мүмкін? Бір сөзбен айтқанда, сұрақтар көп», — деп атап өтті басылым.

Ақпараттарды көшіру мен пайдалану тек «Издательство Время» ЖШС рұқсатымен жүзеге асады

Айта кетейік, елімізге белгілі дәрігердің қайтыс болғаны туралы ақпарат 3 ақпанда жарияланған еді.

Дереккөз: kaz.nur.kz