Алғашқы жартыжылдықта экономика 4,1%-ға өсті: Тоқаев Үкіметке жаңа міндеттер жүктеді
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

“Жыл соңына дейін бітірмесеңіз…”: Бектенов «Самұрық-Энерго» басшысына кейіп тастады

“Жыл соңына дейін бітірмесеңіз…”: Бектенов «Самұрық-Энерго» басшысына кейіп тастады
Фото: samruk-energy.kz

Премьер-министр Олжас Бектенов «Самұрық-Энерго» басшысын Алматыдағы ЖЭО құрылысының баяу жүруіне байланысты сынға алды, деп хабарлайды kznews.kz.

Үкімет отырысында 2026 жылдың алғашқы жартыжылдығындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары қаралған кезде Премьер-министр Алматыдағы екінші және үшінші жылу электр орталықтарының құрылысына тоқталды.

Оның айтуынша, өткен аптада Энергетика министрі нысандардағы жұмыстардың барысын тексеріп қайтқан. Әсіресе үшінші ЖЭО-дағы құрылыс қарқыны көңіл көншітпейтінін айтты.

«Үшінші ЖЭО бойынша жағдай мәз емес, жұмыс қарқыны өте төмен. Егер жылдың аяғына дейін бітірмесеңіздер, сіздің жеке жауапкершілігіңіз қатаң қаралатын болады. Күнделікті бақылауға алыңыз. Бұндай жағдайды доғару керек», – деп ескертті Олжас Бектенов «Самұрық-Энерго» басқарма төрағасы Қайрат Мақсұтовқа.

Сондай-ақ Үкімет басшысы Энергетика министрлігі мен «Самұрық-Қазына» қорына Алматыдағы энергетикалық нысандардың құрылысын, сондай-ақ Түркістан облысында салынып жатқан бу-газ қондырғысы жобасын белгіленген мерзімде аяқтауды тапсырды.

Бектенов стратегиялық маңызы бар энергетикалық жобалардың кешігуіне жол берілмеуі тиіс екенін атап өтті.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.