Қазақстандық әнші Тамара Асар шетелден аман-есен оралып, әлеуметтік желі арқылы тыңдармандарына алғыс білдірді, деп хабарлайды kznews.kz.
Өнер иесі денсаулығының біртіндеп жақсарып келе жатқанын айтып, өзіне қолдау білдірген жандарға жүрекжарды тілегін жолдады. Оның айтуынша, қазіргі уақытта қайтадан жүріп-тұруға бейімделіп жатыр.
«Маған жолдап жазған, ақ тілектеріңіз үшін көп-көп рақмет. Әрқайсыңызға мықты денсаулық, шаңырақтарыңызға шаттық тілеймін!!! Шүкір Аллаға, аман-есен шетелден елге оралдық. Аяғымды қайта басып, жүріп үйреніп жүрмін лайым да жақсылықтан дәмелімін», – деп жазды әнші.
Сонымен қатар әнші жанкүйерлерінің өтінішімен алғашқы концерттерін қай қалаларда өткізуді жоспарлап отырғанын да бөлісті. Ол алдағы уақытта шығармашылық кештерін Ақтау, Жаңаөзен және Шетпе қалаларында бастау жөнінде ұсыныс алғанын айтты.
Тамара Асар өз кезегінде тыңдармандарын сағынғанын жеткізіп, алдағы кездесулерге дайын екенін білдірді.
Б