77 млн теңге: "Атырау" футбол клубы сатылды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Тамара Асар қазіргі жағдайы туралы әсерлі жазба жариялады

Тамара Асар қазіргі жағдайы туралы әсерлі жазба жариялады
ашық дереккөзден

Қазақстандық әнші Тамара Асар әлеуметтік желідегі парақшасында денсаулығына қатысты соңғы жаңалықтармен бөлісіп, көпшілікті толқытты, деп хабарлайды Ozgeris.info.

Өнер иесі қазіргі уақытта шетелде ем қабылдап жатқанын айтып, соңғы күндері қайта жүріп үйреніп жүргенін жеткізді.

"Алла қаласа, үш күннен бері қайтадан тәй-тәй басып, жүріп үйреніп жатырмын", – деп жазды ол.

Әнші бұл кезеңнің өз өміріндегі үлкен сынақ екенін атап өтіп, әрбір қадамының маңызын ерекше сипаттаған. Оның айтуынша, орнынан тұрып, салқындап қалған аяққа қайта тұру – жетістік, ал тепе-теңдікті сақтап, нық жүру – жеңіс.

"Отырған орныңан көтеріліп, мұп-мұздай болған аяққа дұрыс міну – жетістік. Бір жаққа қарай ауып кетпей, тепе-теңдікпен бойыңды тік ұстау – жеңіс. Өз комфортына жайғасып алған жылы дененің ауырсынуына, қажалғанына қарамай күрделі кезеңге бағыттап, босата білу – көну арқылы келген – ерлік. Бір қадамды мың рет тынбай қайталау – еңбек. Қажалудың қанымен, ауырсынудан жотадан сорғалаған терге бой бермеу – жеңіс. Ал әрбір басқан қадам ойдағыдай өзі әдемі, өзі нық болса бұл бұйырса – жеміс! Тәнің мен жаныңды бір Аллаға тапсырып, бағыну арқылы бағындыру – рахат! Бәрі өмірдегідей, ал өмір, кәдімгі спорттағыдай", – деп түйіндеді ол.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер