Майғазиевтер әулетінің келіні Адия әлеуметтік желіде Астанаға қоныс аударып, жаңа үйге бөлек шыққанын көрсетті, деп хабарлайды kznews.kz.
Жас келін жаңа баспанасын ретке келтіріп, үйге қажетті жиһаз бен тұрмыстық заттарды таңдап жүрген сәттерін видеоға түсіріп, оқырмандарына ұсынған. Ол жеке шаңырақ болғанына қуанышты екенін аңғартты.
Адияның бұл жаңалығы желіде қызу талқыланды. Әсіресе жас отбасының ата-анадан бөлек тұруы мәселесіне қатысты пікірлер айтылды.
Бірқатар қолданушы жастардың өз алдына жеке үй болып тұрғанын қолдаса, енді бірі Сәкен Майғазиевтің жалғыз ұлын бөлек шығарғанына таңданысын білдірді. Кейбір оқырман отбасының енесімен қарым-қатынасына қатысты да пікір қалдырған.
Осылайша, Адияның жаңа үйін таныстырған видеосы жас отбасылардың жеке тұруы мен қазақ қоғамындағы келін мен ене қарым-қатынасы туралы пікірталасқа себеп болды.