KAZ Minerals шахтасында тағы бір адам қаза тапты: жұмысшы 9 метр биіктіктен құлаған
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Сәкен Майғазиевтің келіні немен айналысатыны белгілі болды

Сәкен Майғазиевтің келіні немен айналысатыны белгілі болды
ашық дереккөзден

Жеке бренд тақырыбында контент жасайтын Instagram қолданушысы Динара Мырзажанқызы әнші Сәкен Майғазиевтің келіні Әдия туралы қызықты мәлімет жариялады, деп хабарлайды kznews.kz.

Оның айтуынша, Әдия қазіргі таңда сән саласында кәсіп жүргізіп, Дубайдан абайка үлгісіндегі киімдерді Қазақстанға әкеліп сатумен айналысады.

Динара Мырзажанқызы жазбасында жуырда Сәкен Майғазиев үлкен ұлы Әділеттің үйлену тойын дүркіретіп өткізгенін атап өткен. Оның сөзінше, Әділет 27 жаста болса, келіні Әдия – 20 жаста. Ол Маңғыстау өңірінің тумасы екені айтылды.

Контент авторы Әдияның әлеуметтік желідегі парақшасына талдау жасап, оның эстетикаға, сұлулық пен нәзік стильге ерекше мән беретінін байқағанын жеткізді.

"Парақшасынан эстетиканы, әдемілікті жақсы көретіні байқалады. Ал кәсібіне келсек, Дубайдан абайка киімдерін алып келіп, Қазақстанда сатып жүр", – деп жазды ол.

Сондай-ақ видео соңында Динара Мырзажанқызы Әдияның жеке және жұмыс парақшасына шолу жасап, оның әлеуметтік желідегі стиліне қатысты пікір білдірген.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер