«Өзіміздің» мұнай: мұнайдан түскен табыс кімнің қалтасына кетіп жатыр?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Журналист Жанар Байсеміз жеке өмірі туралы айтты (ВИДЕО)

Журналист Жанар Байсеміз жеке өмірі туралы айтты (ВИДЕО)
Malim.kz коллажы

Танымал журналист Жанар Байсеміз жеке өміріне қатысты көпшілік біле бермейтін жайттарды бөлісті, деп хабарлайды kznews.kz.

Ол бұл туралы журналист Аман Тасығанға берген сұхбатында айтып, шетелдік азаматқа тұрмысқа шығуы алдын ала жоспарланбаған шешім болғанын жеткізді.

"Мен арнайы шетелдікке тұрмысқа шығайын деп ойлаған жоқпын. Барлығы өзінен-өзі солай өрбіді. Бұл – менің таңдауым. Әйтпесе мен де қазақ жігітіне тұрмысқа шыққым келді", – деді ол.

Журналистің айтуынша, бұл шешіміне жақындары қарсы болмаған. Ол сол кезде Атырауда тұрғанын айтып, анасына болған жағдайды хабарлағанын жеткізді.

"Анам бастапқыда абдырап қалды, "әкеңе айтайын" деді. Ал әкем бірден қолдап, батасын беріпті. Ешкім қарсы болған жоқ. Тек кейбір алыс туыстар пікір айтуы мүмкін", – дейді Жанар Байсеміз.

Сондай-ақ ол бұл шешімді саналы түрде қабылдағанын атап өтті. Өйткені сол уақытта 38 жаста болған және өз бетінше өмір сүріп, дербес тұлға ретінде қалыптасқан.

"Мен үйдің тұңғышымын, бұрыннан өз алдыма бөлек өмір сүріп келемін. 38 жасымда тұрмысқа шықтым. Өз өмірімнің иесі – өзіммін. Егер ата-анам қарсы болса, мүмкін басқаша болар еді. Бірақ олар әрқашан қолдау көрсетті", – деп түйіндеді ол.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер