KZNEWS.KZ
Шоу-бизнес

Жүрегім қимайды: Мөлдір Мұқанова тағы да көз жасына ерік берді

• Азамат Қойшығара
Видеодан алынған кадр

Танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың бұрынғы жары Мөлдір Мұқанова қыздарын тұрмысқа беру туралы ой қозғап, көзіне жас алды, деп хабарлайды kznews.kz.

Ол қыздарын ұзатуға әлі дайын емес екенін айтып, ана жүрегіне бұл оңай тимейтінін жеткізді.

“Жоғарыдан бұйрық келсе болды ғой. Әрине, көзге еріксіз жас келеді. Ана жүрегі қимайды. Өзгенің қызы ұзатылып жатса байқамайсың, ал өз қызың ұзатылатыны қиын”, – деді Мөлдір Мұқанова.

Желі қолданушылары оған қолдау білдіріп, жылы пікірлерін жазды.

“Жақсы азамат жолықса болды”, “Мөлдір жылауық болып кетіпті, мен сияқты”, “Үш қызым бар, ерте тұрмыс құрмаңдар деп отырамын” – деп жазды оқырмандар.

Азамат Қойшығара
М.Х.Дулати атындағы ТарМУ түлегі. Журналистика саласында 16 жылдан бері еңбек етіп келеді. Аймақтық, салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда т...
Автордың басқа материалдары →