Астанада жергілікті брендтердің алғашқы дизайн-фестивалі басталды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

«Қазақ жігіттері туралы жаман сөз айтпаңдар»: Жанар Айжанова жігіттерді жамандайтындарға қарсы шықты

«Қазақ жігіттері туралы жаман сөз айтпаңдар»: Жанар Айжанова жігіттерді жамандайтындарға қарсы шықты
Фото: видеодан скриншот

Танымал әнші Жанар Айжанова қазақ жігіттері туралы жағымсыз пікір айтатындарға қарсылығын білдіріп, олардың намысты, жігерлі әрі ақылды екенін айтты, деп хабарлайды kznews.kz.

Өнер иесі журналист Аман Тасығанға берген сұхбатында студия қонағының «қазақ жігіттері маған сөз айтуға қорқады» деген пікіріне жауап берді.

«Қазақтың жігіттері туралы ешқандай жаңсақ пікір айтушы болма! Қазақтың жігіттері – намысшыл, жігерлі, ақылды. Мен қазақ жігіттері туралы жаман сөз айтатындарды жек көремін», – деді әнші.

Сондай-ақ ол сыртқы келбет пен өмір салтына қарап бүкіл қазақ жігіттеріне баға беруге болмайтынын айтып, мұндай жалпылама пікірлермен келіспейтінін жеткізді.

Жанар Айжанова сөз соңында қазақ жігіттерінің абыройын қорғайтынын айтып, олар туралы орынсыз сын айтуға қарсы екенін атап өтті.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.