KZNews.kz
Жаңалықтар

Жұмбақ жағдайда жоғалған жанұя: Атырау облысындағы трагедия туралы не белгілі? (ВИДЕО)

Қайсар Қанат
smartnews.kz коллажы

Белгілі журналист Жанат Молдашова әлеуметтік желідегі парақшасында Атырау облысында болған трагедияға қатысты жаңа видео жариялады, деп хабарлайды Arasha.kz.

Журналистің айтуынша, қайғыға душар болған отбасы ауыр қасіретті әлі еңсере алмай отыр, ал Жангелдин ауылының тұрғындарын үрей билеген.

"Қаралы отбасы мына жауыздықтан естерін жия алмай жатыр. Жангелдин халқы үрейде отыр. Ағайын-туыс қаскөй қылмыскерді тезірек құрықтауды талап етеді. "Марқұмдар сарайдан қалай табылды? Оған дейін тінту жүргізілді ғой" деген сұрақпен мыңдаған адам мазалады. Оқиға басталғалы басы-қасында жүрген, марқұм Мақсот ағамыздың інісі Шалқар біраз сауалдарыма жауап берді. Өте ауыр жағдай. Бірақ қоғамның трагедиясы болғандықтан айтылуы, жазылуы керек. Қазалы отбасының туыстарына қандай жұбату сөз айтарыңды да білмейсің?!" – деп жазды Жанат Молдашова.

Осы жазбадан кейін Жанат Молдашова марқұм Мақсот Қарабалиннің інісі Шалқар Мұқанғалиевпен болған сұхбаттың видеосын жариялады.

"Нәсіп жеңгеміздің ағайын-туыстарының чаттарына жіберген аудиосы бар. Сол аудио хабарламаларының бірін 7 қараша күні жіберген. Күдік тудырмас үшін... Қалай болғанда да, біреу жіберіп тұр... Қазіргі таңда телефонның бәрі Сұлтанда болды деп тұр ғой. Сол Сұлтан жіберіп тұрған шығар деп ойлап тұрмыз", – деді Шалқар Мұқанғалиев.

Қайсар Қанат
Автордың басқа материалдары