Қаржы саясаты мен несие "ноу-хауы": халық кедей, банктер бай...
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Жұманғарин Таяу Шығыстағы қақтығыс теңге мен мұнай бағасына қалай әсер ететінін айтты

Жұманғарин Таяу Шығыстағы қақтығыс теңге мен мұнай бағасына қалай әсер ететінін айтты
Фото: tengrinews.kz

Таяу Шығыстағы қақтығыс Қазақстанның логистикасына айтарлықтай ықпал ете қоймайды. Алайда мұнай бағасының құбылуы ұлттық валюта бағамына әсер етуі мүмкін. Бұл туралы Мәжілістегі брифингте Премьер-министрдің орынбасары — Ұлттық экономика министрі Серик Жумангарин мәлімдеді, деп хабарлайды kznews.kz.

Оның айтуынша, Қазақстанның негізгі логистикалық бағыттары Ресей мен Украина арасындағы ұзаққа созылған қақтығысқа байланысты геосаяси тәуекелдерге бейімделіп үлгерген.

«Парсы шығанағына келсек, бұл бағыттағы логистика басым бағыт болған жоқ. Біз Парсы шығанағы порттарын өте сирек пайдаландық. Жөнелтілімдер болды, бірақ шешуші деңгейде емес», - деді Жұманғарин.

Вице-премьер бұл өңір арқылы өтетін маршруттар инфрақұрылымның жағдайы мен бірнеше ел арқылы транзитке байланысты күрделі болып қала беретінін атап өтті.

Сонымен қатар Серік Жұманғарин Таяу Шығыстағы ахуалдың шиеленісуі экономикаға мұнай бағасы арқылы әсер етуі мүмкін екенін растады.

«Мұнай бағасының құбылуы, әрине, валюта бағамына, бағам айырмашылығына әсер етеді. Сондықтан бағамның құбылмалылығы жақсы емес. Бұл — біз Қазақстан Ұлттық Банкімен бірге қарастырып жатқан мәселе», - деді ол.

Вице-премьердің айтуынша, экономикалық жобаларды жүзеге асыру үшін елге валюта бағамының тұрақтылығы маңызды.

«Мәселе теңгенің нығаюында емес. Мәселе — құбылмалылықта. Құбылмалылық әрдайым алаңдаушылық туғызады, ал бізге тұрақтылық қажет», — деп түйіндеді ол.

Автор
Жарқын Омаров

C.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Журналистика факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған. 2025 жылдан бері kznews.kz тілшісі