Атыраудағы резонанс тудырған оқиғаның мән-жайын анықтау үшін арнайы барған журналист Жанат Молдашова бұрын көпшілікке белгісіз деректерді жариялады, деп хабарлайды kznews.kz.
Журналист Instagram желісіндегі ресми парақшасында күдіктінің жұбайы Ақбаян Мұқанғалиеваның денсаулығына қатысты мәліметпен бөлісті. Оның айтуынша, ақпарат ресми мекемелер арқылы нақтыланған.
"Полиция аса ауыр қылмысқа күдікті Сұлтан Сәрсемалиев екенін бүгін ғана ресми жариялады. Әйелі Ақбаян Мұқанғалиева психдиспансерде есепте тұр. Осыған дейін құзырлы органдар Ақбаян Мұқанғалиева мен Сұлтан Сәрсемалиев денсаулығына байланысты еш жерде есепте жоқ деп еді. Бүгін Ақбаянның жүйке ауруына шалдыққанын, есепте тұрғанын Денсаулық сақтау басқармасынан білдім", – деп жазды журналист.
Аталған мәліметтерге байланысты ресми органдар әзірге қосымша түсініктеме берген жоқ. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жалғасып жатыр.