Қызметкерлерге баспана, қауіпсіз еңбек және лайықты жалақы: «Әділет» партиясы әлеуметтік жауапкершілігі бар бизнес құруға шақырады
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

«Жұғысты болсын»: Наркенже Серікбаева су жаңа Lexus LX 600 көлігіне ие болды (ВИДЕО)

«Жұғысты болсын»: Наркенже Серікбаева су жаңа Lexus LX 600 көлігіне ие болды (ВИДЕО)
фото: ашық дереккөз

Әншінің жаңа көлігімен жүрген сәті әлеуметтік желіде жарияланып, көпшіліктің назарын аударды.

Танымал әнші Наркенже Серікбаева жаңа көлікке ие болды. Өнер иесі Lexus LX 600 маркалы жол талғамайтын көлігін тізгіндеді, деп хабарлайды kznews.kz.

Әншінің жаңа көлігімен жүрген сәті әлеуметтік желіде жарияланып, көпшіліктің назарын аударды. Жақындары мен оқырмандары Наркенжені қуанышты жаңалығымен құттықтап, оған ақ тілектерін арнаған.

«Құтты болсын! Су жаңа автокөлік», «Бәріне лайықсыз, астыңызда тозсын», «Құтты болсын. Бағдаршамның жасылын, жолдардың тегісін, сәтті сапарлар тілеймін», — деп жазды желі қолданушылары.

Өз кезегінде Наркенже Серікбаева қуанышына ортақтасқан жандарға алғысын білдірді.

«Армысыздар, менің жақсыларым, жанашырларым! Кешелі бері менің қуанышыма құттықтау айтып жатқан жандардың барлығына үлкен рақмет! Қуанышым баршаңызға жұғысты болсын!» — деп жазды әнші.

Автор
Айгерім Асылова

Айгерім Асылова – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.