KZNEWS.KZ
Жаңалықтар

"Жұғысты болсын": Мақпал Жүнісова қуанышты хабарын айтты

• Қайсар Қанат
Мақпал Жүнісова. Фото: ашық дереккөзден

Қазақстанның халық әртісі Мақпал Жүнісова әлеуметтік желідегі парақшасында қуанышты хабарды жеткізді, деп хабарлайды kznews.kz.

"Ақерке қызымызды шаңырағынан Бекдәулет ата-анасымен келіп алып кетті. Анамыз бата берді. Кешке мейрамханада ұзату тойы өтеді, баршамызға жұғысты болсын", – деп жазды Мақпал Жүнісова.

Өнер иесі қуанышты сәттен кадрлар жариялап, жас жұбайларға бақыт тіледі. 

Қайсар Қанат
Журналист. Блогер. Фрилансер
Автордың басқа материалдары →